Хадис

Тыйым салынған нәрселерді істеп қойған адамның не істеу керектігі жайында

О том, что следует делать человеку, совершившему нечто запретное

Риядус-салихин, 369-тақырып · 1 хадис · № 1809

Хадистер

وَإِمَّا يَنْزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ» «Егер саған әзәзіл шайтан тарапынан уәсуаса келіп, сені азғырар болса, дереу (сақтай көр деп), Аллаға сиын!» («Фуссилат», 36-аят).

«إِنَّ الَّذِينَ اتَّقَوْا إِذَا مَسَّهُمْ طَائِفٌ مِنَ الشَّيْطَانِ تَذَكَّرُوا فَإِذَا هُمْ مُبْصِرُونَ» «Тақуалы жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру келе қалса, бірден өз-өздеріне келіп, Алланы еске алып, көкірек көздері ашыла кетеді» («Ағраф», 201-аят).

«وَالَّذِينَ إِذَا فَعَلُوا فَاحِشَةً أَوْ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ ذَكَرُوا اللَّهَ فَاسْتَغْفَرُوا لِذُنُوبِهِمْ وَمَنْ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا اللَّهُ وَلَمْ يُصِرُّوا عَلَى مَا فَعَلُوا وَهُمْ يَعْلَمُونَ أُوْلَئِكَ جَزَاؤُهُمْ مَغْفِرَةٌ مِنْ رَبِّهِمْ وَجَنَّاتٌ تَجْرِى مِنْ تَحْتِهَا الْأنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَنِعْمَ أَجْرُ الْعَامِلينَ» «Олар жағымсыз іс істегендерінде немесе күнәға батып, өз-өздеріне қиянат жасағандарында, бірден Алланы еске алып, күнәлары үшін кешірім сұрайды. Күнәларды Алладан басқа кім кешіре алады?! Әрі олар, бір рет істеген күнәні біліп тұрып, қайта-қайта істемейді. Міне, солардың алатын сыйы – Раббыларының кең кешірімі мен түбінен өзендер ағатын жаннат бақшалары болмақ. Олар сонда мәңгі-бақи қалады. Игі істер атқаратындардың алар сыйы неткен ғажап десеңші!» («Әли Имран», 135-136-аяттар).

«وَتُوبُوا إِلَى اللَّهِ جَمِيعًَا أَيُّهَا الْمُؤْمِنُونَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ» «Уа, мүміндер, бәрің жаппай Аллаға тәубе етіңдер! Сонда мұраттарыңа жетесіңдер» («Нұр», 31-аят).

«Когда тебя искушает и подстрекает шайтан, прибегни же тотчас к Аллаху!» (сура «Фуссилат», 41:36).

«Когда касается какое-либо наваждение от шайтана тех, кто предаётся Аллаху должным образом и остерегается ослушания и Его гнева, то они тотчас вспоминают Аллаха – и тогда они вновь прозревают» (сура «Араф», 7:201).

«И когда они совершают дурное или притесняют самих себя злодеянием, то тотчас же вспоминают Аллаха и просят прощения за свои грехи. Кто же может отпустить грехи, кроме Аллаха? И они не упорствуют в грехе умышленно. Воздаянием таких будет прощение их Господа и райские сады, где под ними протекают реки. И пребывать им в них вечно. До чего же прекрасна награда претворяющих свои знания в дела!» (сура «Али Имран», 3:135⁠–⁠136).

«О верующие, обратитесь же все вместе с покаянием к Аллаху – только так вы преуспеете и обретёте счастье» (сура «Нур», 24:31).

1809
Риядус-салихин, № 1809Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَلَفَ فَقَالَ فِى حَلفِهِ: بِاللاَّتِ وَالعُزَّى، فَلْيَقُلْ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَمَنْ قَالَ لِصَاحِبهِ: تَعَالَ أُقَامِركَ فَلْيَتَصَدَّقْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ: «Кімде-кім Лат пен Уззаның атымен ант ішіп қойса, артынша дереу «лә иләһә иллаллаһ» деп айтсын. Кім досына: «Кел құмар ойнайық немесе бәс тігейік», – деп айтса, дереу (кәффарат ретінде) садақа берсін», – деп айтқанын жеткізген (Бұхари: 4860, Муслим: 4260, Ахмад: 8087).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если кто-либо поклянётся именами Лат и Уззы, пусть сразу же скажет: “Ля иляха илляллах”. А кто скажет своему другу: “Давай сыграем в азартную игру или заключим пари”, пусть немедленно подаст милостыню (в качестве искупления)» (Аль-Бухари: 4860; Муслим: 4260; Ахмад: 8087).