Хадис

Баланы әкесінен өзге адамға телуге болмайтындығы жайында

О том, что нельзя приписывать ребёнка кому-либо, кроме его отца

Риядус-салихин, 367-тақырып · 4 хадис · № 1804–1807

Хадистер

1804
Риядус-салихин, № 1804

عَنْ سعد بْنِ أَبِى وقاص أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنِ ادَّعَى إِلَى غَيْرِ أبِيهِ وَهُوَ يَعْلَمُ أَنَّهُ غَيْرُ أبِيهِ، فالْجَنَّةُ عَلَيْهِ حَرَامٌ»

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім өзінің әкесі емес екенін біле тұра («пәленше менің әкем» деп) өзін өз әкесінен басқа біреуге телитін болса, оған жаннат харам болады», – деп айтқан (Бұхари: 4326-4327, Муслим: 219, Ахмад: 1454).

Орысша аудармасы

Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто станет приписывать себя не своему отцу (говоря: “Такой-то – мой отец”), хотя знает, что этот человек не является его отцом, тому рай будет запретен» (Аль-Бухари: 4326–4327; Муслим: 219; Ахмад: 1454).

1805
Риядус-салихин, № 1805Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «لَا تَرْغَبُوا عَنْ آبَائِكُمْ، فَمَنْ رَغِبَ عَنْ أبِيهِ، فَهُوَ كُفْرٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «(Қандай жағдай болса да) өз әкелеріңнен безіп, теріс айналып кетпеңдер. Кім өз әкесінен безетін болса, онысы күпірлік болады», – деп айтқан (Бұхари: 6768, Муслим: 113, Ахмад: 10813).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Не отрекайтесь от своих отцов и не отворачивайтесь от них (ни при каких обстоятельствах). Тот, кто отрекается от своего отца, совершает акт неверия» (Аль-Бухари: 6768; Муслим: 113; Ахмад: 10813).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадистегі күпірлік сөзінің мағынасы «кіші күпірлік», яғни адамды ислам дінінен шығармайтын күпірлік дегенді білдіреді. Адамды ислам дінінен шығармайтын «күпірлік» дегенде, нығметке күпірлік қылу сынды үлкен күнәлар меңзеледі.

Түсіндірме (орысша)

Под словом «неверие» в этом хадисе подразумевается «малое неверие», то есть неверие, которое не выводит человека из ислама. Под неверием, не выводящим человека из ислама, подразумеваются такие тяжкие грехи, как неблагодарность за дарованные блага.

1806
Риядус-салихин, № 1806

عَنْ يزيد بْنِ شرِيكِ بْنِ طارِقٍ، قَالَ: رَأَيْتُ عَلِيًّا عَلَى الْمِنْبَرِ يَخْطُبُ، فَسَمِعْتُهُ يقُولُ: لَا واللَّهِ مَا عِنْدَنَا مِنْ كِتَابٍ نَقْرؤُهُ إِلَّا كِتَابَ اللَّهِ، وَمَا فِى هَذِهِ الصَّحِيفَةِ، فَنَشَرَهَا فَإِذَا فِيهَا أَسْنَانُ الْإِبِلِ، وَأشْيَاءُ مِنَ الْجَرَاحَاتِ، وَفِيهَا: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «المَدِينَةُ حَرَمٌ مَا بَيْنَ عَيْرٍ إِلَى ثَوْرٍ، فَمَنْ أحْدَثَ فِيهَا حَدَثًا، أَوْ آوَى مُحْدِثًا، فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أجْمَعِينَ، لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صَرْفًا وَلَا عَدْلًا. ذِمَّةُ الْمُسْلِمِينَ وَاحِدَةٌ، يَسْعَى بِهَا أَدْنَاهُمْ، فَمَنْ أَخْفَرَ مُسْلِمًا، فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صَرْفًا وَلَا عَدْلًا. وَمَن ادَّعَى إِلَى غَيْرِ أَبِىهِ، أَوْ انْتَمَى إِلَى غَيْرِ مَوَاليهِ، فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ؛ لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صَرْفًا وَلَا عَدْلًا»

Қазақша аудармасы

Язид ибн Шәрийк ибн Тариқ: «Алиді (р.а.) мінберде құтба айтып тұрған кезінде көрдім. Сонда оның былай дегенін естідім: «Жо-жоқ, Алланың атымен ант етемін! Бізде Алланың кітабы мен мына парақта жазылғаннан (яғни Пайғамбар хадистерінен) басқа оқитын нәрсе жоқ!» деді де, әлгі парақтарды ашқанында, ішінде (кісі қолынан өлген адамның құны ретінде өтелетін) түйелердің жас мөлшері және Меккедегі харам аумағында аң аулауға әрі соның өтеміне қатысты шариғи үкімдер айтылған екен. Сондай-ақ онда Алла елшісі ﷺ былай деген екен: «Мәдинадағы Айр тауы мен Сәуір тауының арасы «харам» аймағы.1 Кімде-кім сол жерде дінге қайшы бір бидғат шығарса яки, мұсылмандарға қандай да бір зиян тигізсе, сондай-ақ соны істеген біреуге қорған болып, панасына алса, оған Алланың, періштелердің және күллі адамзаттың лағынеті болсын! Алла қиямет күні оның тәубесін де, ешбір өтемін де2 қабыл алмайды.3 Мұсылманның, тіпті ол қатардағы қарапайым мұсылман болса да, берген сөзі немесе кепілдігі барлық мұсылмандарға міндетті болады. Кімде-кім бір мұсылманның берген сөзін немесе кепілдігін бұзатын болса, оған Алланың, періштелердің және күллі адамзаттың лағынеті болсын! Қиямет күні Алла оның тәубесін де, ешбір өтемін де4 қабыл алмайды. Сондай-ақ кімде-кім өзін өз әкесінен басқа біреуге телитін болса немесе қайсыбір құл өз қожайынынан басқа біреулерді қожайын тұтатын болса, оған Алланың, періштелердің және күллі адамзаттың лағынеті болсын! Алла қиямет күні оның тәубесін де, ешбір өтемін де5 қабыл алмайды», – деген (Бұхари: 6755, Муслим: 3327, Ахмад: 615).

Орысша аудармасы

Язид ибн Шарик ибн Тарик сказал: «Я видел Али (да будет доволен им Аллах), когда он стоял на минбаре и произносил проповедь. Я услышал, как он сказал: “Нет-нет, клянусь Аллахом! У нас нет ничего для чтения, кроме Книги Аллаха и написанного на этих листах (то есть хадисов Пророка)!”

Затем он развернул эти листы. Оказалось, что в них были указаны возрастные категории верблюдов (которыми выплачивалась компенсация за человека, погибшего от чужой руки), а также изложены предписания шариата, касающиеся ранений и возмещения причинённого ими вреда.

Там также были записаны следующие слова Посланника Аллаха ﷺ: “Территория Медины между горами Айр и Саур является харамом1. Кто введёт там какое-либо новшество, противоречащее религии, причинит какой-либо вред мусульманам либо защитит и предоставит убежище тому, кто это совершил, да постигнет его проклятие Аллаха, ангелов и всего человечества! В День воскресения Аллах не примет от него ни покаяния, ни какого-либо возмещения2,3.

Обещание защиты или гарантия безопасности, данные мусульманином, даже если он является простым рядовым мусульманином, обязательны для всех мусульман. Кто нарушит данное мусульманином обещание защиты или предоставленную им гарантию безопасности, да постигнет его проклятие Аллаха, ангелов и всего человечества! В День воскресения Аллах не примет от него ни покаяния, ни какого-либо возмещения4.

Также тот, кто станет приписывать себя кому-либо, кроме своего отца, или освобождённый раб, который признает своим покровителем кого-либо, кроме того, кто даровал ему свободу, да будет проклят Аллахом, ангелами и всем человечеством! В День воскресения Аллах не примет от него ни покаяния, ни какого-либо возмещения5”» (Аль-Бухари: 6755; Муслим: 3327; Ахмад: 615).

  1. 1Шариғатқа қайшы іс-әрекеттер жасауға болмайтын қасиетті аймақ.
  2. 2Басқа түсіндірмеде нәпіл құлшылығын да, парыз құлшылығын да қабыл алмайды делінген.
  3. 3Бұдан «харам», яғни, қасиетті жерлер мен киелі орындарда жасалған күнәлардың өзге жерлерде жасалған күнәлардан әлдеқайда ауыр болатындығын, сәйкесінше, жазасының да анағұрлым қатаң болатынын аңғаруға болады.
  4. 4Басқа түсіндірмеде нәпіл құлшылығын да, парыз құлшылығын да қабыл алмайды делінген.
  5. 5Басқа түсіндірмеде нәпіл құлшылығын да, парыз құлшылығын да қабыл алмайды делінген.
  1. 1Священная территория, на которой запрещены действия, противоречащие шариату.
  2. 2Согласно другому толкованию, Аллах не примет от него ни добровольного, ни обязательного поклонения.
  3. 3Из этого следует, что грехи, совершённые в «хараме», то есть на священных землях и в почитаемых местах, гораздо тяжелее грехов в других местах; соответственно, и наказание за них строже.
  4. 4Согласно другому толкованию, Аллах не примет от него ни добровольного, ни обязательного поклонения.
  5. 5Согласно другому толкованию, Аллах не примет от него ни добровольного, ни обязательного поклонения.
1807
Риядус-салихин, № 1807Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذَرٍّ أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّه ﷺ يَقُولُ: «لَيْسَ مِنْ رَجُلٍ ادَّعَى لِغَيرِ أَبِىهِ وَهُوَ يَعْلَمُهُ إِلَّا كَفَرَ، وَمَنِ ادَّعَى مَا لَيْسَ لَهُ، فَلَيْسَ مِنَّا، وَلَيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ، وَمَنْ دَعَا رَجُلًا بالكُفْرِ، أَوْ قَالَ: عَدُو اللَّهِ، وَلَيْسَ كَذَلِكَ إِلَّا حَارَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зарр (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Өз әкесі емес екенін біліп тұрып, өзін әкесінен басқа біреуге теліген адам күпірлік қылған болады. Өзіне тиесілі болмаған нәрсені өзіне тиесілі етіп, иемденген адам бізден емес және ол өзіне тозақтан орын ала берсін. Кімде-кім біреуді (ей кәпір деп) күпірлікпен айыптаса немесе біреуге ей Алланың дұшпаны десе, егер олай болмаса (яғни әлгі адамдар ондай болмаса), айтқан сөзі өзіне қайтады», – деп айтқанын естіген екен (Муслим: 3508, Муслим: 217, Ахмад: 21465).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто, зная, что этот человек не является его отцом, приписывает себя ему вместо родного отца, тот впадает в неверие. Кто присваивает себе то, что ему не принадлежит, тот не из нас, и пусть он займёт своё место в аду. Если кто-либо обвинит человека в неверии (сказав ему: “Эй, неверный!”) или скажет ему: “Эй, враг Аллаха!”, а это окажется неправдой (то есть если тот человек таковым не является), сказанные слова вернутся к самому обвинителю» (Муслим: 3508, 217; Ахмад: 21465).