Хадис

Адамды көзінше мақтау орынсыз іс

О неуместности чрезмерного восхваления человека в его присутствии

Риядус-салихин, 360-тақырып · 3 хадис · № 1790–1792

Хадистер

1790
Риядус-салихин, № 1790Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: سَمِعَ النَّبِيُّ ﷺ رَجُلًا يُثْنِى عَلَى رَجُلٍ وَيُطْرِيهِ فِى الْمِدْحَة، فَقَالَ: «أَهْلَكْتُمْ – أوْ قَطَعْتُمْ – ظَهْرَ الرَّجُلِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ біреудің бір кісіні асыра мақтап, мадақтап жатқанын естіді де: «Оны құрттыңдар немесе оның желкесін үздіңдер (яғни, оны асыра мақтап, құрттыңдар)», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2663, Муслим: 7504, Ахмад: 19692).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ услышал, как один человек чрезмерно восхваляет и превозносит другого, и сказал: “Вы погубили его или сломали ему шею (то есть погубили его чрезмерными похвалами)”» (Аль-Бухари: 2663; Муслим: 7504; Ахмад: 19692).

1791
Риядус-салихин, № 1791Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِى بكرة أَنَّ رَجُلًا ذُكِرَ عند النَّبِيِّ ﷺ فَأَثْنَى عَلَيْهِ رَجُلٌ خَيْرًا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وَيْحَكَ! قَطَعْتَ عُنُقَ صَاحِبِكَ» يَقُولُهُ مِرَارًا: «إِنْ كَانَ أَحَدُكُمْ مَادِحًا لَا مَحَالَةَ فَلْيَقُلْ: أحْسِبُ كَذَا وَكَذَا إِنْ كَانَ يَرَى أَنَّهُ كَذَلِكَ وَحَسِيبُهُ اللَّهُ، وَلَا يُزَكّى عَلَى اللَّهِ أَحَدٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырында бір адам жайлы сөз болғанда, отырғандардың бірі әлгі адамды мақтай жөнелді. Сонда Алла елшісі оған бірнеше рет: «Әй байғұс-ау, бауырыңның желкесін үздің ғой!» – деді де, егер араларыңнан әлдебіреудің біреуді міндетті түрде мақтауы керек болса, әрі ол жайлы шынымен сондай жақсы пікірде болса: «Мен ол жайлы былай-былай ойлаймын» деп айтсын, (яғни, оны мақтағанда еш нәрсе кесіп айтпасын, өйткені оның шынында қандай адам екенін, қыр-сырын білуші бір Алла ғана). Сондықтан түбінде оны (яғни, мақталған адамды) есепке Алланың өзі тартады. Сол себепті, (пенделерінің жасырын-жария барлық істерін білетін) Алланың алдында ешкімді кесімді түрде ақтап, мақтауға болмайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6061, Муслим: 7501, Ахмад: 20422).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды в присутствии Пророка ﷺ заговорили об одном человеке, и кто-то из сидевших принялся его восхвалять. Тогда Посланник Аллаха несколько раз повторил ему: “Горе тебе! Ты сломал шею своему брату!” Затем он сказал: “Если кому-либо из вас непременно придётся похвалить человека и он действительно такого хорошего мнения о нём, пусть скажет: ‘Я считаю его таким-то и таким-то’ (то есть, восхваляя человека, пусть не утверждает ничего категорично, ибо только Аллах знает, каков тот в действительности и что скрыто в нём). В конечном счёте Аллах Сам призовёт его (то есть восхваляемого человека) к отчёту. Поэтому перед Аллахом (Которому ведомы все явные и сокровенные деяния Его рабов) нельзя безоговорочно объявлять кого-либо безупречным и восхвалять его”» (Аль-Бухари: 6061; Муслим: 7501; Ахмад: 20422).

1792
Риядус-салихин, № 1792

عَنْ همام بْنِ الْحارث، عَنْ الْمِقْدَادِ أَنَّ رَجُلًا جَعَلَ يَمْدَحُ عُثْمانَ، فَعَمِدَ الْمِقْدَادُ، فَجَثَا عَلَى رُكْبَتَيْهِ، فَجَعَلَ يَحثو فِى وَجْهِهِ الْحَصْبَاءَ. فَقَالَ لَهُ عُثْمَانُ: مَا شَأنُكَ؟ فَقَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا رَأَيْتُمُ الْمَدَّاحِينَ، فَاحْثُوا فِى وُجُوهِهِمُ التُّرَابَ». فهذهِ الْأحاديث فِى النَهي، وجاء فِى الْإِباحة أحاديث كَثِيرة صحيحة

قَالَ الْعلماءُ: وطرِيق الْجَمْعِ بين الْأحاديث أَنْ يُقَالَ: إِنْ كان الْمَمْدُوحُ عِنْدَهُ كَمَالُ إِيمَانٍ وَيَقينٍ، وَرِيَاضَةُ نَفْسٍ، وَمَعْرِفَةٌ تَامَّةٌ بِحَيْثُ لَا يَفْتَتِنُ، وَلَا يَغْتَرُّ بِذَلِكَ، وَلَا تَلْعَبُ بِهِ نَفْسُهُ، فَليْسَ بِحَرَامٍ وَلَا مَكْرُوهٍ، وإِنْ خِيفَ عَلَيْهِ شَيْءٌ مِنْ هَذِهِ الْأمورِ، كُرِهَ مَدْحُهُ فِى وَجْهِهِ كَرَاهَةً شَديدَةً، وَعَلَى هَذا التَفصِيلِ تُنَزَّلُ الْأحاديثُ الْمُخْتَلِفَةُ فِى ذَلكَ

وَمِمَّا جَاءَ فِى الْإِبَاحَةِ قَولُهُ ﷺ لأبي بكْرٍ: «أرْجُو أَنْ تَكُونَ مِنْهُمْ» أيْ مِنَ الَّذِينَ يُدْعَونَ مِنْ جَمِيعِ أبْوابِ الْجَنَّةِ لِدُخُولِهَا

وَفِى الْحَدِيثِ الآخر: «لَسْتَ مِنْهُمْ»: أيْ لَسْتَ مِنَ الَّذِينَ يُسْبِلُونَ أُزُرَهُمْ خُيَلَاءَ

وَقَالَ ﷺ لعُمَرَ: «مَا رَآكَ الشَّيْطَانُ سَالِكًا فَجًّا إِلَّا سَلَكَ فَجًّا غَيْرَ فَجِّكَ»

والأحاديثُ فِى الْإِباحة كَثِيرةٌ، وقد ذكرتُ جملةً مِنْ أطْرَافِهَا فِى كتَاب « الْأذكار»

Қазақша аудармасы

Һәммам ибн Харис Миқдадтан (р.а.) жеткізген хадисте былай айтылған: «Бір кісі Османды (р.а.) мақтай бастағанда Миқдад тізерлеп отырып, әлгі мақтау айтып жатқан кісінің бетіне майда тастарды лақтыра бастайды. Сонда Осман (р.а.) оған: «Не істеп жатырсың?» – дегенде, Миқдад: Алла елшісі ﷺ: «Асыра мадақ айтушыларды көрсеңдер, беттеріне топырақ шашыңдар», – деп айтқан еді», – дейді (Муслим: 7505).

Орысша аудармасы

Хаммам ибн Харис передал со слов Микдада (да будет доволен им Аллах) следующее: «Когда один человек принялся восхвалять Усмана (да будет доволен им Аллах), Микдад опустился на колени и стал бросать мелкие камешки в лицо восхвалявшего. Тогда Усман (да будет доволен им Аллах) спросил его: “Что ты делаешь?” Микдад ответил: “Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Если увидите людей, расточающих чрезмерные похвалы, бросайте им в лицо землю’”» (Муслим: 7505).

Түсіндірме (қазақша)

Міне, бұл адамды асыра мақтауға тыйым салған хадистер. Дегенмен жөнімен мақтауға болатындығын білдіретін көптеген сахих хадистер де жеткен.

Бұған қатысты ғалымдар былай айтқан: «Мақтауға болады және болмайды дейтін хадистерді үйлестіру жолы мынадай: Егер мақталған адамның иманы кәміл әрі нық болса, сондай-ақ өзіне айтылған мақтау сөздерге мастанып, еліріп кетпейтіндей нәпсісі тәрбиеленген және діни танымы толық болса, ондай адамды мақтау харам да, мәкруһ те болмайды. Ал егер одан аталған қылықтар шығады-ау деген қорқыныш болса, онда оны көзінше мақтау өте жағымсыз іс болады. Міне, ендеше аталған қарама-қайшы хадистерді осы түсіндірмеге сай пайымдаған жөн. Мақтау айтуға болатынын білдіретін бізге жеткен хадистердің ішінде Пайғамбарымыздың Әбу Бәкірге (р.а.) қатысты: «Солардың бірі сен боласың деп үміттенем», – деп, жаннатқа кіру үшін оның барлық қақпаларынан бірдей шақырылатын адамдар жайлы айтқан сөзін келтіруге болады. Сондай-ақ тәкаппарлықпен шалбарларының балағын барынша ұзын қылып киетіндерді тілге тиек еткен басқа бір хадисте Әбу Бәкірге (р.а.) «Сен олардың қатарында емессің», яғни «сен шалбарларының балағын тәппарлықпен ұзартып жүретіндердің қатарында емессің», – дегенін де мысалға келтіруге болады. Сондай-ақ Алла елшісі Омарға (р.а.): «Егер шайтан сенің қайсыбір жолмен жүріп келе жатқаныңды көрсе, сенің жолыңнан басқа жолға түсетін болады», – деген. Бұдан басқа да мақтау сөзді көтере алатын адамға орынды мақтау айтуға болатынын меңзейтін көптеген хадистер бар.

Түсіндірме (орысша)

Приведённые хадисы запрещают чрезмерно восхвалять человека. Вместе с тем до нас дошло и множество достоверных хадисов, указывающих на допустимость уместной похвалы.

По этому поводу учёные сказали: «Хадисы, разрешающие и запрещающие похвалу, можно согласовать следующим образом: если человек, которого хвалят, обладает совершенной и непоколебимой верой, его душа должным образом воспитана, а религиозное понимание настолько полно, что похвала не заставит его упиваться собой и впадать в самодовольство, то восхвалять такого человека не является ни харамом, ни макрухом. Если же есть опасение, что похвала вызовет в нём перечисленные состояния, то восхвалять его в его присутствии крайне нежелательно. Именно в свете этого разъяснения и следует понимать приведённые хадисы, которые на первый взгляд противоречат друг другу».

К числу дошедших до нас хадисов, указывающих на допустимость похвалы, относятся слова Пророка, обращённые к Абу Бакру (да будет доволен им Аллах) по поводу людей, которых призовут войти в рай через все его врата: «Надеюсь, ты будешь одним из них».

В качестве ещё одного примера можно привести слова, сказанные Абу Бакру (да будет доволен им Аллах) в другом хадисе, где речь шла о людях, которые из высокомерия носят брюки с чрезмерно длинными штанинами: «Ты не из их числа», то есть: «Ты не из числа тех, кто из высокомерия носит брюки с чрезмерно длинными штанинами».

Посланник Аллаха также сказал Умару (да будет доволен им Аллах): «Если шайтан увидит, что ты идёшь по какой-либо дороге, он непременно изберёт другую дорогу». Существует и множество других хадисов, указывающих на допустимость уместной похвалы в адрес человека, способного правильно её воспринять.