Хадис

Намаз оқып тұрған адамның дәл алдынан өтуге болмайтындығы жайында

О том, что нельзя проходить непосредственно перед молящимся

Риядус-салихин, 343-тақырып · 1 хадис · № 1760

Хадистер

1760
Риядус-салихин, № 1760

عَنْ أَبِى الْجُهَيْمِ عبد اللَّهِ بْنِ الْحارِثِ بْنِ الصِّمَّةِ الْأنْصَارِيِّ قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ يَعْلَمُ الْمَارُّ بَيْنَ يَدَيِ الْمُصَلِّى مَاذَا عَلَيْهِ لَكَانَ أَنْ يَقِفَ أَرْبَعِينَ خَيْرًا لَهُ مِنْ أَنْ يَمُرَّ بَيْنَ يَدَيْهِ»

قَالَ الراوي: لَا أدْرِى قَالَ: أَرْبَعِينَ يَوْمًا، أَوْ أَرْبَعِينَ شَهْرًا، أَوْ أَرْبَعِينَ سَنَةً

Қазақша аудармасы

Ансарлық Абдуллаһ ибн Харис ибн әс-Симма (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Намаз оқып тұрған адамның алдынан кесіп өткен кісі қандай күнәға қалғанын білсе, қырық уақыт (күн, ай немесе жыл) күтуіне тура келсе де, намаз оқып тұрған адамның алдынан кесіп өтпес еді», – деп айтты», – деген. Осы хадисті жеткізгендердің бірі Әбу ән-Нәдр (р.а.): «Аталмыш хадисте Алла елшісі қырық күн дегісі келді ме, қырық ай дегісі келді ме, жоқ әлде қырық жыл деп айтқысы келді ме, ол жағын нақты білмедім», – деген (Бұхари: 510, Муслим: 1122, Ахмад: 17540).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов ансара Абдуллаха ибн Хариса ибн ас-Симмы (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы человек, проходящий перед совершающим намаз, знал, какой грех он тем самым совершает, то, даже если бы ему пришлось ждать сорок (дней, месяцев или лет), он не прошёл бы перед молящимся».

Один из передатчиков этого хадиса, Абу ан-Надр (да будет доволен им Аллах), сказал: «Я точно не знаю, сказал ли Посланник Аллаха ﷺ “сорок дней”, “сорок месяцев” или “сорок лет”» (Аль-Бухари: 510; Муслим: 1122; Ахмад: 17540).