Хадис

Құптан намазынан кейін ұзақ әңгімелесіп, құр уақыт өткізудің жағымсыздығы жайында

О нежелательности долгих разговоров и праздного времяпрепровождения после ночного намаза

Риядус-салихин, 334-тақырып · 3 хадис · № 1748–1750

Хадистер

والمُرادُ بِهِ الْحَديثُ الذي يَكُونُ مُبَاحًا فِى غَيْرِ هذا الْوَقْتِ، وَفِعْلُهُ وَتَرْكُهُ سواءٌ. فَأَمَّا الْحَديثُ الْمُحَرَّمُ أَوْ الْمَكرُوهُ فِى غير هذا الْوقتِ، فَهُوَ فِى هذا الْوقت أشَدُّ تَحرِيمًا وَكَرَاهَةً. وأَمَّا الْحَديثُ فِى الْخَيْرِ كَمُذَاكَرَةِ الْعِلْمِ وَحِكايَاتِ الصَّالِحِينَ، وَمَكَارِمِ الْأخْلَاقِ، والحَديث مع الضَّيفِ، ومع طالبِ حَاجَةٍ، ونحو ذَلِكَ، فلا كَرَاهَة فيه، بل هُوَ مُسْتَحَبٌّ، وكَذَا الْحَديثُ لِعُذْرٍ وعَارِضٍ لَا كَراهَةَ فِيه. وقد تظاهَرَتِ الْأحَاديثُ الصَّحيحةُ على كُلِّ ما ذَكَرْتُهُ

Мұнда құптан намазынан кейінгі әңгіме дегенде, үкімі мубах болған әңгімелер меңзелуде, яғни құптан намазынан кейін әдетте мубах болған әңгімелерді айтудың өзі мәкруһ болмақ. (Өйткені бұл әрекет адамдардың кешқұрым құр әңгімемен уақыт өткізіп, кеш жатуларына себеп болады немесе басқа да пайдалы істермен айналысуларына кедергі болады). Ал үкімі харам немесе мәкруһ болған әңгімелерге келсек, ондай әңгімелердің құптаннан кейінгі уақытта айтылуы тіпті харам болады. Ал енді білім алу немесе алған білімді қайталау, ізгілердің ғибратты әңгімелерін тыңдау, көркем мінезге баулитын әңгімер айту, қонақпен әңгімелесу, мұң-мұқтажын айтып келген жанның әңгімесін тыңдау сынды игі әңгімелердің жөні бөлек, ондай әңгімелер мәкруһ емес, керісінше, мустахаб болады. Сондай-ақ орынды себептерге немесе шұғыл жағдайларға байланысты бас қосып әңгімелесу де мәкруһ саналмайды. Осы айтылған мәселелерге қатысты сенімді хадистер көптеп кездеседі.

Под разговорами после ночного намаза здесь подразумеваются беседы, относящиеся к категории мубах, то есть дозволенные. Иными словами, после ночного намаза даже обычно дозволенные разговоры становятся макрухом. (Это объясняется тем, что из-за подобных разговоров люди по вечерам проводят время в пустых беседах и поздно ложатся спать либо лишаются возможности заниматься другими полезными делами.)

Что же касается разговоров, которые сами по себе являются харамом или макрухом, то после ночного намаза вести их тем более запрещено – это уже является харамом.

Иное дело – благие беседы: получение знаний или повторение изученного, слушание назидательных рассказов о праведниках, разговоры, воспитывающие благонравие, беседа с гостем, выслушивание человека, пришедшего поведать о своих нуждах и печалях, и тому подобное. Такие беседы не являются макрухом; напротив, они относятся к мустахабу.

Не считаются макрухом и беседы, ради которых люди собираются по уважительной причине или в связи с неотложными обстоятельствами. По всем упомянутым вопросам существует множество достоверных хадисов.

1748
Риядус-салихин, № 1748Риуаят етуші: Әбу Барза

عَنْ أَبِى بَرْزَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كان يكرهُ النَّومَ قَبْلَ الْعِشَاءِ والحَديثَ بَعْدَهَا

Қазақша аудармасы

Әбу Барзадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ құптан намазынан бұрын ұйықтауды және құптаннан кейін әңгімелесуді хош көрмейтін еді», – делінген (Ахмад: 19800).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Барзой (да будет доволен им Аллах), говорится: «Посланник Аллаха ﷺ не любил спать до ночного намаза и вести разговоры после него» (Ахмад: 19800).

1749
Риядус-салихин, № 1749Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ صَلَّى الْعِشَاء فِى آخِرِ حَيَاتِهِ، فَلَمَّا سَلَّمَ قَالَ: «أرأيْتَكُمْ لَيْلَتَكُمْ هذِه؟ فَإِنَّ عَلَى رَأسِ مِئَةِ سَنَةٍ لَا يَبْقَى مِمَّنْ هُوَ علَى ظَهْرِ الْأَرْضِ الْيَوْمَ أَحَدٌ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ өмірінің соңғы түндерінің бірінде жамағатпен құптан намазын оқып, сәлем бергеннен кейін: «Мына түнді көрдіңдер ғой?! Міне, осы түннен кейін келесі жүз жылдың басында бүгін осы жер бетінде өмір сүріп жатқан адамдардан ешкім тірі қалмайды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 119, Муслим: 6479, Ахмад: 6028).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен им Аллах), говорится: «В одну из последних ночей своей жизни Посланник Аллаха ﷺ совершил вместе с общиной ночной намаз и, завершив его заключительным приветствием, сказал: “Видите эту ночь?! Через сто лет, считая от этой ночи, ни одного из тех, кто сегодня живёт на земле, уже не останется в живых”» (Аль-Бухари: 119; Муслим: 6479; Ахмад: 6028).

1750
Риядус-салихин, № 1750Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّهم انتظروا النَّبِيَّ ﷺ فَجَاءهُمْ قَرِيبًا مِنْ شَطْرِ اللَّيْلِ فَصَلَّى بِهِمْ – يَعْنِى: الْعِشَاءَ – ثمَّ خَطَبنا فَقَالَ: «ألَا إِنَّ النَّاسَ قَدْ صَلُّوا، ثُمَّ رَقَدُوا، وَإِنَّكُمْ لَنْ تَزَالُوا فِى صَلَاةٍ مَا انْتَظَرْتُمُ الصَّلَاةَ»

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде олар (сахабалар) Пайғамбарымызды ﷺ құптан намазын оқу үшін күтті. Содан ол түн ортасына таяған уақытта келіп, оларға имам болып (құптан) намазын оқыды. Сосын бізге былай деп құтба айтты: «Кейбір кісілер намаздарын ерте оқып алып, жатып қалды. Ал сіздер жамағат намазын күттіңіздер, міне, сол уақыттың бәрінде үздіксіз намаз оқығандай сауап алдыңыздар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 600).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Анаса (да будет доволен им Аллах): «Однажды мы (сподвижники) ожидали Пророка ﷺ, чтобы совершить ночной намаз. Он пришёл, когда было уже близко к полуночи, и возглавил наш (ночной) намаз. Затем он обратился к нам с проповедью и сказал: “Некоторые люди совершили намаз пораньше и легли спать. Вы же ожидали коллективного намаза, и за всё это время получили награду, словно непрерывно совершали намаз”» (Аль-Бухари: 600).