Хадис

Мешіт тазалығы жайында

О чистоте мечети

Риядус-салихин, 309-тақырып · 3 хадис · № 1695–1697

Хадистер

1695
Риядус-салихин, № 1695Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «البُصاقُ فِى الْمَسْجِدِ خَطِيئَةٌ، وَكَفَّارَتُهَا دَفْنُهَا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мешітте түкіру күнә. Оның өтемі – соны көму (яғни, тазалап кетіру)», – деген (Бұхари: 415, Муслим: 1231, Ахмад: 13948).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Плевать в мечети – грех, а искупление этого греха – закопать плевок (то есть убрать его и очистить это место)» (Аль-Бухари: 415; Муслим: 1231; Ахмад: 13948).

Түсіндірме (қазақша)

Алғашқы мешіттердің едені құм-топырақ болғандықтан түкірік сынды жеңіл нәжістерді көму жеткілікті болған, ал зәр сынды ауыр нәжістерді сумен тазалап кетіру керек. Ал бүгінгі мешіттерде мейлі жеңіл, мейлі ауыр болсын, кез келген нәжісті алдымен тазалап сүртіп, содан соң қалған орнын сумен және т.б. тазалық заттарымен жуып-шайып толықтай тазалау керек.

Түсіндірме (орысша)

Поскольку полы первых мечетей были земляными или песчаными, лёгкие нечистоты, такие как плевок, достаточно было закопать, тогда как тяжёлые нечистоты, например мочу, следовало смывать водой. В современных же мечетях любые нечистоты – как лёгкие, так и тяжёлые – необходимо сначала убрать и вытереть, а затем тщательно промыть оставшееся место водой и другими чистящими средствами до полного очищения.

1696
Риядус-салихин, № 1696Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَأَى فِى جِدَارِ الْقِبْلَةِ مُخَاطًا، أَوْ بُزَاقًا، أَوْ نُخَامَةً، فَحَكَّهُ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ мешіттің құбыла жақ қабырғасынан кеуіп қалған мұрынбоқ немесе түкірік немесе қақырық көрді де, оны үйкелеп сүртіп кетірді», – деп айтқан (Бұхари: 407, Муслим: 1227, Ахмад: 25156).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ увидел на обращённой в сторону киблы стене мечети засохшую носовую слизь, слюну или мокроту и соскоблил её» (Аль-Бухари: 407; Муслим: 1227; Ахмад: 25156).

1697
Риядус-салихин, № 1697Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ هَذِهِ الْمَسَاجِدَ لَا تَصْلُحُ لِشَيْءٍ مِنْ هَذَا الْبَوْلِ وَلَا الْقَذَرِ، إِنَّمَا هي لِذِكْرِ اللَّهِ تَعَالَى، وَقِراءةِ الْقُرْآنِ» أَوْ كَمَا قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Расында, бұл мешіттер ішінде дәрет сындырып, яки басқа да жолдармен ластау үшін емес, Алланы еске алып (намаз оқып, уағыз-насихат айтып немесе тыңдап), Құран оқу үшін салынған», – деп айтты», – делінген (Муслим: 661, Ахмад: 12984).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), говорится: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, эти мечети построены не для того, чтобы справлять в них нужду или загрязнять их каким-либо иным образом, а для поминания Аллаха (совершения намаза, произнесения или слушания проповедей и наставлений) и чтения Корана”» (Муслим: 661; Ахмад: 12984).

Түсіндірме (қазақша)

Пайғамбарымыздың бұл хадисті айтуына бір бәдәуидің мешітке кіріп келіп, ішінде дәрет сындырғаны себеп болған. Мұндай келеңсіз жағдайлар адамдардың дінді әлі толық түсіне қоймаған кезеңдерде орын алған болатын.

Түсіндірме (орысша)

Поводом для этих слов Пророка ﷺ послужило то, что один бедуин вошёл в мечеть и справил там нужду. Подобные неподобающие случаи происходили в то время, когда люди ещё не успели в полной мере постичь религию.