Хадис

Шаштың бір бөлігін қырып, бір бөлігін қалдыруға болмайтындығы жайлы

О запрете сбривать волосы на одной части головы, оставляя их на другой

Риядус-салихин, 295-тақырып · 4 хадис · № 1640–1643

Хадистер

1640
Риядус-салихин, № 1640Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: نهَى رسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ الْقَزَعِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ шаштың бір бөлігін алып, бір бөлігін қалдырып, ала-құла қылудан тыйған», – деген (Бұхари: 5921, Муслим: 5559 Ахмад: 5550).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ запрещал сбривать волосы на одной части головы, оставляя их на другой, и тем самым делать стрижку неравномерной (Аль-Бухари: 5921; Муслим: 5559; Ахмад: 5550).

1641
Риядус-салихин, № 1641Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ، قَالَ: رأَى رسُولُ اللَّهِ ﷺ صَبِيًّا قَدْ حُلِقَ بَعْضُ شَعْرِ رَأسِهِ وَتُرِكَ بَعْضُهُ، فَنَهَاهُمْ عَنْ ذَلِكَ، وَقَالَ: «احْلِقُوهُ كُلَّهُ، أَوِ اتْرُكُوهُ كُلَّهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): Бірде Алла елшісі ﷺ шашының бір бөлігі алынып, бір бөлігі алынбаған бір баланы көріп: «Шашын түгелдей алып тастаңдар, не болмаса түгелдей қалдырыңдар» деп, олай істеуден тыйды», – деген (Әбу Дәуіт: 4195, Ибн Хиббан: 5508).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ увидел мальчика, у которого волосы на одних участках головы были сбриты, а на других оставлены. Он запретил так делать и сказал: “Либо сбрейте ему все волосы, либо оставьте их все”» (Абу Дауд: 4195; Ибн Хиббан: 5508).

1642
Риядус-салихин, № 1642Риуаят етуші: Абдулла ибн Жағфар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جعفر أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أمْهَلَ آلَ جَعْفَر ثَلَاثًا ثُمَّ أتَاهُمْ فَقَالَ: «لَا تَبْكُوا عَلَى أخِى بَعْدَ الْيَوْمِ» ثُمَّ قَالَ: «ادْعُوا لِى بَنِى أَخِى» فَجِيءَ بِنَا كَأَنَّنَا أفْرُخٌ فَقَالَ: «ادْعُوا لِى الْحَلاَّقَ» فَأمرَهُ، فَحَلَقَ رُؤُوسَنَا

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Жағфар (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ Жағфар ибн Әбу Тәліптің әулетіне (Жағфардың өліміне байланысты) үш күн аза тұтуға мұрсат берді. Содан кейін оларға барып: «Бүгіннен кейін бауырым Жағфарды жоқтап жылушы болмаңдар», – деді. Сосын: «Маған бауырымның балаларын шақырыңдар», – деп, бізді құзырына шақырды. Сонда бізді құдды балапандар сияқты тізіп алып келді. Содан Пайғамбарымыз: «Маған шаштаразды шақырыңдар», – деді. Шаштараз келгенде оған шашымызды тақырлап алуды бұйырды, сөйтіп ол шашымызды тақырлап алып тастады», – деген (Әбу Дәуіт: 4192, Ахмад: 1750).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Джафар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Пророк ﷺ предоставил семье Джафара ибн Абу Талиба три дня для соблюдения траура (в связи со смертью Джафара). Затем он пришёл к ним и сказал: “После сегодняшнего дня больше не оплакивайте моего брата Джафара”. После этого он велел: “Позовите ко мне детей моего брата”, – и нас привели к нему, выстроив в ряд, словно птенцов. Затем Пророк ﷺ сказал: “Позовите ко мне цирюльника”. Когда тот пришёл, Пророк ﷺ велел ему обрить нам головы налысо, что он и сделал» (Абу Дауд: 4192; Ахмад: 1750).

1643
Риядус-салихин, № 1643Риуаят етуші: Әли

عَنْ عليٍّ قَالَ: نَهَى رسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ تَحْلِقَ الْمَرْأَةُ رَأسَهَا

Қазақша аудармасы

Али (р.а.): «Алла елшісі ﷺ әйел баласының шашын тақырлап алуға тыйым салды», – деген (Нәсәи: 5064).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ запрещал женщинам брить головы налысо (Ан-Насаи: 5064).