Хадис

Адамдарды аңдудан және ұрланып тың тыңдаудан аулақ болу керектігі жайында

О запрете следить за людьми и тайно подслушивать

Риядус-салихин, 271-тақырып · 3 хадис · № 1572–1574

Хадистер

«وَلَا تَجَسَّسُوا» «Бір-біріңді аңдымаңдар!» («Хужурат», 12-аят).

«وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا» «Мүмін ерлерді және мүмін әйелдерді нақақтан-нақақ ренжіткендер қып-қызыл жала жапқан әрі анық күнә арқалаған болады» («Ахзаб», 58-аят).

«Не следите друг за другом» (сура «Худжурат», 49:12).

«Также и те, кто несправедливо оскорбляет верующих мужчин и верующих женщин, понесут бремя клеветы и явного греха» (сура «Ахзаб», 33:58).

1572
Риядус-салихин, № 1572Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالظَّنَّ، فَإِنَّ الظَّنَّ أَكْذَبُ الْحَدِيثِ، وَلَا تحسَّسوا وَلَا تَجَسَّسُوا وَلَا تَنَافَسُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا كَمَا أَمَرَكُمْ.المُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِمِ، لَا يَظْلِمُهُ، وَلَا يَخْذُلُهُ وَلَا يَحْقِرُهُ، التَّقْوَى هَاهُنَا التَّقْوَى هَاهُنَا» وَيُشِيرُ إِلَى صَدْرِهِ «بِحَسْبِ امْرِىءٍ مِنَ الشَّرِّ أَنْ يَحْقِرَ أخَاهُ الْمُسْلِمَ، كُلُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ حَرَامٌ: دَمُهُ، وَعِرْضُهُ، وَمَالُهُ. إِنَّ اللَّهَ لَا يَنْظُرُ إِلَى أجْسَادِكُمْ، وَلَا إِلَى صُوَرِكُمْ، وَلكِنْ يَنْظُرُ إِلَى قُلُوبِكُمْ وأَعْمَالِكُمْ»

وَفِى رِوَايَة: «لَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَجَسَّسُوا، وَلَا تَحَسَّسُوا، وَلَا تَنَاجَشُوا وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوانًا»

وَفِى رِوَايَة: «لَا تَقَاطَعُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوانًا» وَفِى رِواية: «وَلَا تَهَاجَرُوا وَلَا يَبِعْ بَعْضُكُمْ عَلَى بَيْعِ بَعْضٍ». رواه مسلم بكلّ هَذِهِ الروايات

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Негізсіз жаман ойдан аулақ болыңдар! Өйткені негізсіз жаман ой – сөздің ең жалғаны! Бір-біріңнің айыптарыңды аңдып, ашпаңдар! Өздеріңе тиесілі әрі лайықты болмаған нәрсе үшін талас-тартысқа түспеңдер! Бір-біріңді қызғанбаңдар, біріңді-бірің жек көріп, өштеспеңдер және бір-біріңнен теріс айналмаңдар! Уа, Алланың құлдары, өздеріңе бұйырғандай өзара бауыр болыңдар! Мұсылман – мұсылманның бауыры: Ол бауырына зұлымдық жасамайды, бауырын қолдаусыз қалдырмайды және қорламайды! (Алла елшісі қолымен кеудесін нұсқап) тақуалық мына жерде, тақуалық мына жерде (деп айтты). Кісінің мұсылман бауырын қор санауы жамандық ретінде жеткілікті. Мұсылман үшін әрбір мұсылманның қаны мен жаны, ар-намысы және дүние-мүлкі харам (яғни, қол сұғуға болмайтын қасиетті)! Алла сендердің дене бітімдерің мен кескін-келбеттеріңе емес, жүректерің мен іс-әрекеттеріңе қарайды!» – деп айтқан.

Хадистің басқа нұсқасында: «Бір-біріңді қызғанбаңдар және жек көріп, өштеспеңдер! Бір-біріңнің айыптарың мен кемшіліктеріңді аңдып, ашпаңдар! Тұтынушыларды қызықтырып, еліктіру және тауарды қымбат бағамен сату мақсатында сатушымен келісіп алып, ел-жұрттың алдында сатып алатын адамдай кейіп танытып, бағаны қолдан өсірмеңдер! Уа, Алланың құлдары, өзара бауыр болыңдар!» – деп айтылған.

Тағы бір нұсқасында: «Қарым-қатынастарыңды үзбеңдер, бір-біріңнен теріс айналмаңдар, біріңді-бірің жек көріп, өштеспеңдер және бір-біріңді қызғанбаңдар! Уа, Алланың құлдары, өзара бауыр болыңдар!» – деп айтылған.

Енді бір нұсқасында: «Бір-біріңнен кетісіп, қарым-қатынастарыңды үзбеңдер және бір-біріңнің сауда-саттықтарыңның үстінен сауда жасамаңдар!1», – деген (Бұхари: 5143, 6064, 6066, 6724, Ахмад: 12073).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Сторонитесь необоснованных дурных подозрений! Ведь необоснованное дурное подозрение – самая лживая из речей! Не выслеживайте и не раскрывайте недостатки друг друга! Не вступайте в соперничество из-за того, что вам не принадлежит и не полагается! Не завидуйте друг другу, не питайте друг к другу ненависти и вражды и не отворачивайтесь друг от друга! О рабы Аллаха, будьте братьями, как вам было велено! Мусульманин – брат мусульманину: он не притесняет своего брата, не оставляет его без поддержки и не унижает!» Указав рукой на свою грудь, Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Богобоязненность – здесь, богобоязненность – здесь! Достаточно человеку зла уже в том, что он презирает своего брата-мусульманина. Для мусульманина кровь, жизнь, честь и имущество каждого другого мусульманина запретны (то есть священны и неприкосновенны)! Аллах смотрит не на ваши тела и внешний облик, а на ваши сердца и дела!»

В другой версии хадиса говорится: «Не завидуйте друг другу и не питайте друг к другу ненависти и вражды! Не выслеживайте и не раскрывайте недостатки и изъяны друг друга! Не взвинчивайте цены искусственно, сговорившись с продавцом и делая перед людьми вид, будто намереваетесь купить товар, чтобы привлечь покупателей и продать товар дороже! О рабы Аллаха, будьте братьями!»

Ещё в одной версии говорится: «Не разрывайте отношений, не отворачивайтесь друг от друга, не питайте друг к другу ненависти и вражды и не завидуйте друг другу! О рабы Аллаха, будьте братьями!»

В иной версии говорится: «Не отдаляйтесь друг от друга, не разрывайте отношений и не перебивайте сделки друг друга1» (Аль-Бухари: 5143, 6064, 6066, 6724; Ахмад: 12073).

  1. 1Яғни, біреудің затын сатып алайын деп, сауда жасап тұрған адамға өз заттарыңды ұсыну арқылы біреудің саудасын бұзбаңдар, яки біреудің алайын деп тұрған затын одан да көп ақша ұсынып сатып алушы болмаңдар!
  1. 1То есть не срывайте чужую сделку: не предлагайте свой товар человеку, уже договаривающемуся о покупке у другого продавца, и не пытайтесь купить вещь, которую уже собирается приобрести другой человек, предлагая за неё больше денег.
1573
Риядус-салихин, № 1573Риуаят етуші: Мұғауия

عَنْ معاوية قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّكَ إِنِ اتَّبَعْتَ عَوْرَاتِ الْمُسْلِمِينَ أفْسَدْتَهُمْ، أَوْ كِدْتَ أَنْ تُفْسِدَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Мағауия (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Мұсылмандардың жеке құпия істерін аңдып, әшкерелейтін болсаң, оларды бұзасың немесе бұзуға шақ қаласың», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 4888, Ибн Хиббан: 5760).

Орысша аудармасы

Муавия (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если ты станешь выслеживать тайные личные дела мусульман и предавать их огласке, то испортишь их или будешь близок к тому, чтобы испортить”» (Абу Дауд: 4888; Ибн Хиббан: 5760).

1574
Риядус-салихин, № 1574Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّهُ أُتِيَ بِرَجُلٍ فَقِيلَ لَهُ: هَذَا فُلَانٌ تَقْطُرُ لِحْيَتُهُ خَمْرًا، فَقَالَ: إِنَّا قَدْ نُهِيْنَا عَنِ التَّجَسُّسِ، ولكِنْ إِنْ يَظْهَرْ لَنَا شَيْءٌ، نَأْخُذ بِهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бір күні біреулер: «Мынау сақалынан шарап тамған пәленше деген кісі», – деп, менің алдыма бір күнәһар адамды сүйреп әкелді. Сонда мен оларға: «Расында, (шариғат бойынша) біреудің артынан аңдып, айыбын әшкерелеуімізге қатаң тыйым салынады. Ал егер (қандай да бір арсыздық) көз алдымызда ашықтан-ашық жасалса, оған қарсы онсыз да шара қолданамыз», – деп ескерттім», – деген (Әбу Дәуіт: 4890).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды какие-то люди притащили ко мне одного грешника и сказали: “Это такой-то, у которого с бороды капает вино”. Тогда я предостерёг их: “Поистине, нам (по шариату) строго запрещено следить за людьми и разоблачать их пороки. Но если у нас на глазах открыто совершается (какой-либо непристойный поступок), мы и без того примем против этого меры”» (Абу Дауд: 4890).