Хадис

Бір-бірін жек көру, қарым-қатынасты үзу және бір-бірінен теріс айналу жайында

О запрете ненавидеть друг друга, разрывать отношения и отворачиваться друг от друга

Риядус-салихин, 269-тақырып · 2 хадис · № 1569–1570

Хадистер

«إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ» «Шынында, мүміндер – бір-біріне бауыр!» («Хужурат», 10-аят).

«أذِلَّةٍ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ أعِزَّةٍ عَلَى الْكَافِرِينَ» «Олар мүміндерге өте кішіпейіл, кәпірлерге өктем болады» («Мәидә», 54-аят).

«مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ وَالَّذينَ مَعَهُ أَشِدَّاءُ عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَاءُ بَيْنَهُمْ» «Мұхамед – Алланың елшісі! Онымен бірге болған мүміндер кәпірлерге тым қатал, ал өзара сондай мейірбан болады» («Фатх», 29-аят).

«Воистину, верующие – друг другу братья» (сура «Худжурат», 49:10).

«Они скромны с верующими, а к неверным сильны и полны достоинства» (сура «Маида», 5:54).

«Мухаммад – посланник Аллаха, и верующие, которые рядом с ним, суровы к неверующим, а между собой милосердны» (сура «Фатх», 48:29).

1569
Риядус-салихин, № 1569Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَلَا تَقَاطَعُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا، وَلَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثٍ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңді қызғанбаңдар, бір-біріңнен теріс айналып, қарым-қатынастарыңды үзбеңдер! Уа, Алланың құлдары! Өзара бауыр болыңдар! Мұсылман адамның бауырына үш күннен артық ренжіп, оны көрмей жүруі адал іс емес!» – деп айтқан (Бұхари: 6065, Муслим: 6526, Ахмад: 12073).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Не питайте ненависти друг к другу, не завидуйте друг другу, не отворачивайтесь друг от друга и не разрывайте отношений! О рабы Аллаха, будьте братьями! Мусульманину не дозволено держать обиду на своего брата и избегать его более трёх дней!» (Аль-Бухари: 6065; Муслим: 6526; Ахмад: 12073).

1570
Риядус-салихин, № 1570Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «تُفْتَحُ أبْوابُ الْجَنَّةِ يَوْمَ الْإِثْنَيْنِ ويَوْمَ الْخَميِسِ، فَيُغْفَرُ لِكُلِّ عَبْدٍ لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا، إِلَّا رَجُلًا كَانَتْ بينهُ وَبَيْنَ أخِيهِ شَحْناءُ فَيُقَالُ: أنْظِرُوا هَذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا! أَنْظِرُوا هَذَينِ حَتَّى يَصْطَلِحَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Аптаның әр дүйсенбі және бейсенбі күндері жұмақтың қақпалары айқара ашылып, Аллаға серік қоспайтын әрбір пенденің күнәлары кешіріледі. Тек мұсылман бауырымен жауығып жүрген адам аталмыш мейірімнен құр қалады, өйткені періштелерге: «Мына екеуі татуласқанша, күнәларын өшіруді қоя тұрыңдар. Иә, иә, бұл екеуінің күнәларын өшіруді бір-бірімен татуласқанға дейін кешіктіре беріңдер», – деп айтылады», – деген (Муслим: 6544, Ахмад: 9199).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждый понедельник и четверг врата рая распахиваются настежь, и прощаются грехи каждого раба, который не приобщает к Аллаху сотоварищей. Лишь человек, враждующий со своим братом-мусульманином, лишается этой милости, ибо ангелам говорится: “Отложите прощение грехов этих двоих, пока они не примирятся. Да, да, продолжайте откладывать прощение их грехов до тех пор, пока они не помирятся друг с другом”» (Муслим: 6544; Ахмад: 9199).