Хадис

Мұсылманды нақақтан-нақақ балағаттамау керектігі жайында

О запрете несправедливо оскорблять мусульманина

Риядус-салихин, 266-тақырып · 5 хадис · № 1561–1565

Хадистер

«وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ والْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا، فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتانًا وإِثْمًا مُبِينًا» «Мүмін ерлерді және мүмін әйелдерді нақақтан-нақақ ренжіткендер қып-қызыл жала жапқан және анық күнә арқалаған болады» («Ахзаб», 58-аят).

«Также и те, кто несправедливо оскорбляет верующих мужчин и верующих женщин, понесут бремя клеветы и явного греха» (сура «Ахзаб», 33:58).

1561
Риядус-салихин, № 1561Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سِبَابُ الْمُسْلِمِ فُسُوقٌ، وَقِتالُهُ كُفْرٌ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылманды балағаттау – барып тұрған арсыздық әрі күнә, ал оған қарсы соғысу – күпірлік», – деп айтты», – деген (Бұхари: 48, Муслим: 221, Ахмад: 3903).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Оскорблять мусульманина – явное нечестие и грех, а сражаться с ним – неверие» (Аль-Бухари: 48; Муслим: 221; Ахмад: 3903).

1562
Риядус-салихин, № 1562Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذرٍ أَنَّهُ ُ سَمِعَ رسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَرْمِى رَجُلٌ رَجُلًا بِالْفِسْقِ أَوِ الْكُفْرِ، إِلَّا ارْتَدَّتْ عَلَيْهِ، إِنْ لَمْ يَكُنْ صَاحِبُهُ كذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): Алла елшісінің ﷺ былай дегенін естіген екен: «Ешбір адам өзге адамды пасық немесе кәпір деп атамасын. Әйтпесе сол сөзі оның өзіне тиеді» (Бұхари: 6045, Ахмад: 21571).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) рассказывал, что слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто не называет другого человека нечестивцем или неверующим: если тот не таков, эти слова обратятся против самого обвинителя» (Аль-Бухари: 6045; Ахмад: 21571).

1563
Риядус-салихин, № 1563Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «المُتَسَابَّانِ مَا قَالَا فَعَلَى الْبَادِى منهُمَا حَتَّى يَعْتَدِى الْمَظْلُومُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Бір-бірін балағаттап керісіп қалған екі адамның аузынан шыққан жаман сөздердің күнәсін сөз естіген адам сөз қайтаруда шектен шықпаса, бірінші болып бастаған адам арқалайды», – деп айтты», – деген (Муслим: 6591, Ахмад: 10703).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда двое бранят друг друга, грех за произнесённые ими дурные слова несёт тот, кто начал первым, если только оскорблённый не преступит границ в своём ответе» (Муслим: 6591; Ахмад: 10703).

1564
Риядус-салихин, № 1564Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: أُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِرَجُلٍ قَدْ شرِبَ قَالَ: «اضربوهُ» قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: فَمِنَّا الضارِبُ بيَدِهِ، والضَّارِبُ بِنَعْلِهِ، والضَّارِبُ بِثَوْبِهِ. فَلَمَّا انْصَرَفَ، قَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: أخْزَاكَ اللَّهُ! قَالَ: «لَا تَقُولُوا هَذَا، لَا تُعِينُوا عَلَيْهِ الشَّيْطَان»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Пайғамбарымыздың ﷺ құзырына шарап ішкен бір кісі әкелінді. Сонда Алла елшісі: «Мынаны ұрып-соғыңдар!» – деді. Әбу Һурайра (р.а.): «Сол кезде кейбіріміз оны қолымен ұрса, кейбіріміз аяқ киімімен, енді біреулер киімімен жабылып ұрдық. Сөйтіп ол сазайын тартып болып, кетіп бара жатқанда, сондағы қауымның ішіндегі бір кісі: «Алла сені қор қылсын!» – деп қарғады. Сонда Алла елшісі: «Жоқ, олай айтпаңдар! Оған қарсы шайтанға жәрдемші болмаңдар!» – деп айтты», – деген (Бұхари: 6777, Ахмад: 7985).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ привели человека, выпившего вина. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Побейте его!”» Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) продолжил: «Одни из нас били его руками, другие – своей обувью, а третьи – одеждой. Когда он понёс наказание и уже уходил, один из присутствовавших сказал ему: “Да посрамит тебя Аллах!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Нет, не говорите так! Не помогайте шайтану против него!”» (Аль-Бухари: 6777; Ахмад: 7985).

1565
Риядус-салихин, № 1565Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ قَذَفَ مَمْلُوكَهُ بِالزِّنَى يُقَامُ عَلَيْهِ الْحَدُّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، إِلَّا أَنْ يَكُونَ كَمَا قَالَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім тіпті иелігіндегі басыбайлы құлына зина жасады деп жала жапса, қиямет күні оған жала жапқаны үшін хад жазасы беріледі1 (яғни, дүре соғылады), ал егер оның айтқанындай болса, оның жөні басқа», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 6858, Муслим: 4311, Ахмад: 9567).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тот, кто обвинит в прелюбодеянии даже собственного раба, в Судный день будет подвергнут за эту клевету наказанию хадд1 (то есть будет высечен). Если же всё действительно было так, как он сказал, тогда это уже иной случай”» (Аль-Бухари: 6858; Муслим: 4311; Ахмад: 9567).

  1. 1Хад жазасы – шариғат бойынша, ауыр күнәлар үшін тағайындалатын қатаң жаза түрлері, мысалы ұрлыққа әбден машықтанған әккі ұрының қолын кесу, зинақорға дүре соғу сынды әділ куәгерлердің куәлігі негізінде, қазының үкімімен тағайындалатын жазалар хад жазасына жатады.
  1. 1Хадд – установленные шариатом строгие наказания за тяжкие грехи. К ним относятся, например, отсечение руки у закоренелого вора и порка за прелюбодеяние. Такие наказания назначаются решением судьи на основании показаний справедливых свидетелей.