Хадис

Жалған куәлікке жүру қатаң түрде тыйым салынған іс

О строгом запрете лжесвидетельства

Риядус-салихин, 263-тақырып · 1 хадис · № 1552

Хадистер

«وَاجْتَنِبوا قَوْلَ الزُّورِ» «Жалған сөзден де барынша аулақ болыңдар» («Хаж», 30-аят).

«وَلَا تَقْفُ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ» «Өзің нақты білмейтін нәрсенің соңына түспе! Шынында, адам баласы құлақ, көз және жүрек үшін жауапқа тартылады!» («Исра», 36-аят).

«مَا يَلْفِظُ مِنْ قَوْلٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ» «Адам баласының аузынан қандай сөз шықса да, дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар» («Қаф», 18-аят).

«إِنَّ رَبَّكَ لبالمِرْصَادِ» «Шүбәсіз, Раббың (пенделерін) үнемі бақылауда» («Фәжір», 14-аят).

«وَالَّذِينَ لَا يَشْهَدُونَ الزُّورَ» «Олар әсте жалған жалған куәлікке және өтірік пен жалған жайлаған жерлерде жүрмейді» («Фурқан», 72-аят).

«И отстранитесь от лживых речей» (сура «Хадж», 22:30).

«Не следуй за тем, о чём у тебя нет знания! Воистину, ведь слух, зрение, сердце – все они будут призваны к ответу» (сура «Исра», 17:36).

«И какое бы слово ни произнёс он, всё записывает ангел при нём, следящий за всем и не оставляющий без внимания ни единого слова» (сура «Каф», 50:18).

«Поистине, Господь твой – словно в засаде» (сура «Фаджр», 89:14).

«И те, кто не идёт на ложное свидетельство, не присутствуют там, где распространено лживое» (сура «Фуркан», 25:72).

1552
Риядус-салихин, № 1552Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِى بَكْرَةَ قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ألَا أُنَبِّئُكُمْ بِأكْبَرِ الْكَبَائِرِ؟» قُلْنَا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: «الإِشْراكُ بِاللَّهِ، وعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ» وكَانَ مُتَّكِئًا فَجَلَسَ، فَقَالَ: «ألا وَقولُ الزُّورِ» فما زال يُكَرِّرُهَا حَتَّى قُلْنَا: لَيْتَهُ سَكَتَ

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Сендерге ең үлкен күнәлардың не екенін айтайын ба?» – дегенде: «Уа, Расулалла! Әрине, айтыңыз», – дедік. Сонда ол: «Аллаға серік қосу және ата-ананы құрметтемеу», – деді де, бір жамбасына қарай жартылай сүйеніп жатқан жерінен жиналып отырып: «Сондай-ақ, жалған сөз айту мен жалған куәлік ету», – деп, бір айтқанын бірнеше мәрте қайталағаны соншалық – (бұдан әрі көңілі түсіп, мұңаймаса екен деген оймен) «Шіркін, тынышталса екен», – дестік», – деп айтты (Бұхари: 6047, Муслим: 302, Ахмад: 16385).

Орысша аудармасы

Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Рассказать ли вам, какие грехи являются величайшими?” Мы ответили: “Конечно, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Приобщение сотоварищей к Аллаху и непочтительность к родителям”. Затем, поднявшись из полулежачего положения на одном боку, он сел и сказал: “А также ложные речи и лжесвидетельство”. Он повторил эти слова столько раз, что мы (желая, чтобы он не огорчался и не печалился ещё больше) сказали: “Если бы он только успокоился”» (Аль-Бухари: 6047; Муслим: 302; Ахмад: 16385).