Хадис

Екіжүзділік

Двуличие

Риядус-салихин, 259-тақырып · 2 хадис · № 1541–1542

Хадистер

«يَسْتَخْفُونَ مِنَ النَّاسِ وَلَا يَسْتَخْفُونَ مِنَ اللَّهِ وَهُوَ مَعَهُمْ إِذْ يُبَيِّتُونَ مَا لَا يَرْضَى مِنَ الْقَولِ وكَانَ اللَّهُ بِمَا يَعْمَلُونَ مُحيطًا» «Олар елден жасыруға тырысады да, Алланың көріп тұрғанын ескермейді. Әйтсе де, олар түнделетіп Алла разы болмайтын сөз айтып, әр қилы қитұрқы жоспарлар құрып жатқанда, Алла олардың басы-қасында еді. Алла олардың не істеп, не қойып жүргенін толық білуші!» («Ниса», 108-аят).

«Они скрывают от людей, но не скрывают от Аллаха. Но ведь Аллах присутствует при них, когда они произносят по ночам речи, которыми Он не доволен. И ведь Аллах объемлет знанием всё, что они делают» (сура «Ниса», 4:108).

1541
Риядус-салихин, № 1541Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَجِدُونَ النَّاسَ مَعادِنَ: خِيَارُهُم فِى الْجَاهِلِيَّةِ خِيَارُهُمْ فِى الْإِسْلَامِ إِذَا فَقُهُوا، وتَجِدُونَ خِيَارَ النَّاسِ فِى هَذَا الشَّأنِ أَشَدَّهُمْ كَرَاهِيَةً لَهُ، وَتَجِدُونَ شَرَّ النَّاسِ ذَا الْوَجْهَينِ، الَّذِى يَأْتِى هؤُلاءِ بِوَجْهٍ، وَهَؤُلاءِ بِوَجْهٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Адамдардың (жаратылыс тұрғысынан) кен тәрізді әр алуан екенін көресіңдер. Жаһилиятта ізгі-жақсылардан болғандар Исламды қабылдап, оны терең түсінетін болса, мұсылмандықта да ізгі-жақсылардың қатарынан табылады. Адамдардың жақсысын билікті жеккөретіндігінен танисыңдар. Ал ең жаманын біреулерге бір жүзімен, енді біреулерге басқа жүзімен көрінетін екіжүзді адам екенін көресіңдер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3493-3494, Муслим: 6454, Ахмад: 10791).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Вы увидите, что люди (по своим врождённым качествам) подобны различным рудникам. Те, кто был лучшим во времена джахилии, после принятия ислама остаются лучшими и среди мусульман, если глубоко постигнут его. Лучших из людей вы узнаете по их неприязни к власти. А худшим из людей вы увидите двуличного человека, который перед одними предстаёт с одним лицом, а перед другими – с другим» (Аль-Бухари: 3493–3494; Муслим: 6454; Ахмад: 10791).

1542
Риядус-салихин, № 1542

عَنْ محمد بْنِ زيدٍ أَنَّ ناسًا قَالُوا لِجَدِّهِ عَبْدِ اللَّهِ ِ بْنِ عُمَرَ: إِنَّا نَدْخُلُ عَلَى سَلَاطِيننَا فَنَقُولُ لَهُمْ بِخِلَافِ مَا نَتَكَلَّمُ إِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِنْدِهِمْ. قَالَ: كُنَّا نَعُدُّ هَذَا نِفَاقًا عَلَى عَهْدِ رسُولِ اللَّه ﷺ

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Зайдтің айтуынша, бір топ адам оның атасы Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.) келіп: «Осы біздің хан-сұлтандарымыздың құзырына кіргенде оларға айтатын сөзіміз бен олардың құзырынан шыққан кездегі сөйлейтін сөзіміз екі түрлі болады1», – дегенде, Абдуллаһ ибн Омар (р.а.): «Біз мұны Алла елшісінің ﷺ дәуірінде екіжүзділік деп санайтын едік», – деп айтады (Бұхари: 7178, Ахмад: 5829).

Орысша аудармасы

По словам Мухаммада ибн Зайда, однажды группа людей пришла к его деду Абдуллаху ибн Умару (да будет доволен ими обоими Аллах) и сказала: «Когда мы входим к нашим правителям, то говорим им одно, а выйдя от них – другое1». Абдуллах ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) ответил: «Во времена Посланника Аллаха ﷺ мы считали это лицемерием» (Аль-Бухари: 7178; Ахмад: 5829).

  1. 1Яғни, өз арамызда айтып жүрген сөздерімізді хан-сұлтандардың құзырына кіргенде айта алмай, басқаша сөйлеп кетеміз.
  1. 1То есть, входя к правителям, мы не решаемся сказать им то, что говорим между собой, и начинаем говорить иначе.