Хадис

Тіс тазалығы мен жалпы тән тазалығы

О чистоте зубов и общей чистоте тела

Риядус-салихин, 215-тақырып · 10 хадис · № 1197–1206

Хадистер

1197
Риядус-салихин, № 1197Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَوْلَا أَنْ أشُقَّ عَلَى أُمَّتِى – أَوْ عَلَى النَّاسِ – لأَمَرْتُهُمْ بِالسِّوَاكِ مَعَ كُلِّ صَلَاةٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Үмбетіме (немесе адамдарға) ауыр келеді деп қорықпағанымда, оларға әр намаздың алдында мисуак қолдануды бұйырар едім», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 787, Муслим: 589, Ахмад: 7339).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы я не боялся, что это окажется тяжёлым для моей общины (или для людей), то непременно повелел бы им пользоваться мисваком перед каждой молитвой» (Аль-Бухари: 787; Муслим: 589; Ахмад: 7339).

1198
Риядус-салихин, № 1198Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَامَ مِن النَّومِ يَشُوصُ فَاهُ بِالسِّوَاكِ

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.): «Алла елшісі ﷺ ұйқыдан тұрғанда, мисуакпен аузын (тісін) тазалайтын еді», – деген (Бұхари: 245, Муслим: 593, Ахмад: 23458).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Проснувшись, Посланник Аллаха ﷺ очищал рот (зубы) мисваком» (Аль-Бухари: 245; Муслим: 593; Ахмад: 23458).

1199
Риядус-салихин, № 1199Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كُنَّا نُعِدُّ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ سِوَاكَهُ وَطَهُورَهُ، فَيَبْعَثُهُ اللَّهُ مَا شَاءَ أَنْ يَبْعَثَهُ مِنَ اللَّيْلِ، فَيَتَسَوَّكُ، وَيَتَوضَّأُ وَيُصَلِّي

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Біз Алла елшісінің ﷺ мисуагы1 мен дәрет суын дайындап қоятын едік. Түнде Алла оны қалаған уақытында ұйқысынан оятатын, ол ояна салып тістерін мисуакпен тазалап, дәрет алатын және тәһәжжуд намазын оқитын», – деген (Муслим: 1739, Ахмад: 24269).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Мы заранее готовили для Посланника Аллаха ﷺ мисвак1 и воду для омовения. Ночью Аллах пробуждал его ото сна в то время, когда желал, и, проснувшись, он чистил зубы мисваком, совершал омовение и приступал к молитве тахаджуд» (Муслим: 1739; Ахмад: 24269).

  1. 1Тіс тазалайтын құралы
  1. 1Средство для чистки зубов.
1200
Риядус-салихин, № 1200Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَكْثَرْتُ عَلَيْكُمْ فِى السِّوَاكِ»

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Сендерге мисуак жайлы көп кеңес айттым (сондықтан оны үнемі қолданыңдар)», – деп айтты, – деген (Бұхари: 888, Ахмад: 12459).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Я много наставлял вас относительно мисвака (поэтому пользуйтесь им постоянно)» (Аль-Бухари: 888; Ахмад: 12459).

1201
Риядус-салихин, № 1201

عَنْ شرِيح بْنِ هانىءٍ، قَالَ: قلت لعَائِشَة: بأَيِّ شَيْءٍ كَانَ يَبْدَأُ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا دَخَلَ بَيْتَهُ؟ قَالَتْ: بِالسِّوَاكِ

Қазақша аудармасы

Шурайх ибн Һани (р.а.): Бір күні Айшадан (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ үйіне кірген бойда бәрінен бұрын не істейтін еді?» – деп сұрағанымда: «Мисуакпен тіс тазалайтын», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 590, Ахмад: 25553).

Орысша аудармасы

Шурайх ибн Хани (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я спросил Аишу (да будет доволен ею Аллах): “Что Пророк ﷺ делал прежде всего, войдя домой?” Она ответила: “Чистил зубы мисваком”» (Муслим: 590; Ахмад: 25553).

1202
Риядус-салихин, № 1202Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: دَخلتُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ وَطَرَفُ السِّوَاكِ عَلَى لِسَانِهِ

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырына кіргенімде, мисуактың бір ұшы тілінде тұрған еді», – деген (Бұхари: 2440, Муслим: 592, Ахмад: 19737).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, войдя к Пророку ﷺ, я увидел, что кончик мисвака находился у него на языке» (Аль-Бухари: 2440; Муслим: 592; Ахмад: 19737).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадистен мисуакпен тіс тазалағанда тілді де тазалаған абзал дегенді түсінуге болады. Өйткені басқа хадистерде Пайғамбарымыздың мисуак қолданғанда тістерімен қатар тілін де тазалағандығы айтылған.

Түсіндірме (орысша)

из этого хадиса можно понять, что при чистке зубов мисваком желательно очищать и язык. Ведь в других хадисах сообщается, что Пророк ﷺ, пользуясь мисваком, очищал не только зубы, но и язык.

1203
Риядус-салихин, № 1203Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «السِّوَاكُ مَطْهَرَةٌ لِلْفَمِ مَرْضَاةٌ للرَّبِّ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбар ﷺ: «Мисуак – ауыз тазалығы, Раббыңның разылығы», – деп айтты» (Нәсәй: 10/1, Ибн Хузайма: 135, Ахмад: 24203).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Пророк ﷺ сказал: «Мисвак очищает рот и помогает снискать довольство твоего Господа» (Ан-Насаи: 10/1; Ибн Хузайма: 135; Ахмад: 24203).

1204
Риядус-салихин, № 1204Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «الْفِطْرَةُ خَمْسٌ، أَوْ خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ: الْخِتَانُ، وَالاسْتِحْدَادُ، وَتَقْلِيمُ الْأظْفَارِ، وَنَتْفُ الْإِبطِ، وَقَصُّ الشَّارِبِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Бес түрлі іс табиғи тазалыққа (яғни, Адамның туа біткен табиғатына сай тазалыққа) жатады. Олар: сүндетке отыру, қасағадағы жүнді қыру, тырнақ алу, қолтық асты жүнді жұлу және мұртты басу», – деп айтқан (Бұхари: 5889, Муслим: 597, Ахмад: 7139).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Пять действий относятся к естественной чистоте (то есть к чистоте, соответствующей врождённой природе человека): совершение обрезания, сбривание волос на лобке, подстригание ногтей, выщипывание волос подмышками и подстригание усов» (Аль-Бухари: 5889; Муслим: 597; Ахмад: 7139).

1205
Риядус-салихин, № 1205Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَشْرٌ مِنَ الْفِطْرَةِ: قَصُّ الشَّارِبِ، وَإِعْفَاءُ اللِّحْيَةِ، وَالسِّوَاكُ، وَاسْتِنْشَاقُ الْمَاءِ، وَقَصُّ الْأظْفَارِ، وَغَسْلُ الْبَرَاجِمِ، وَنَتف الْإِبْطِ، وَحَلْقُ الْعَانَةِ، وَانْتِقَاصُ الْمَاءِ» قَالَ الرَّاوِى: وَنَسِيْتُ الْعَاشِرَةَ إِلَّا أَنْ تَكُونَ الْمَضمَضَةُ. قَالَ وَكِيعٌ – وَهُوَ أَحَدُ رُواتِهِ – انْتِقَاصُ الْمَاءِ: يَعْنِى الاسْتِنْجَاءِ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Он түрлі істі істеу табиғилық болып табылады. Олар: мұртты басу, сақал қою, мисуак қолдану арқылы тіс тазалау, мұрынды сумен шаю, тырнақ алу, саусақтардың арасын жуу, қолтық астын түктен арылту, қасағадағы жүнді қыру және үлкен немесе кіші дәреттен кейін сумен тазалану», – деп айтты», – деген.

Осы хадисті жеткізушілердің бірі: «Оныншысын ұмытып қалыппын. Қателеспесем, дәрет алғанда ауызды сумен шаю болса керек», – деген (Муслим: 604, Ахмад: 25060).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «К естественной чистоте относятся десять действий: подстригание усов, отращивание бороды, очищение зубов мисваком, промывание носа водой, подстригание ногтей, промывание складок кожи на суставах пальцев, удаление волос подмышками, сбривание волос на лобке и подмывание водой после отправления большой или малой нужды».

Один из передатчиков этого хадиса сказал: «Я забыл десятое действие. Если не ошибаюсь, это было полоскание рта водой при совершении омовения» (Муслим: 604; Ахмад: 25060).

Ваки, один из передатчиков этого хадиса, пояснил: «Под “интикас аль-ма” подразумевается подмывание после отправления нужды».

1206
Риядус-салихин, № 1206Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «أحْفُوا الشَّوَارِبَ وَأعْفُوا اللِّحَى»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Мұрттарыңды басып, сақалдарыңды өсіріңдер!» – деп айтқан (Бұхари: 5892, Муслим: 600, Ахмад: 5135).

Орысша аудармасы

Передают со слов Ибн Умара (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Подстригайте усы и отращивайте бороды!» (Аль-Бухари: 5892; Муслим: 600; Ахмад: 5135).