Хадис

Жұма күнінің артықшылығы

О достоинстве пятницы

Риядус-салихин, 210-тақырып · 12 хадис · № 1148–1159

Хадистер

«فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلَاةُ فَانْتَشِرُوا فِى الْأَرْضِ، وَابْتَغُوا مِنْ فَضْلِ اللَّهِ، وَاذْكُرُوا اللَّهَ كَثِيرًا لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ»

«Жұма намазы өтелген соң, жер бетіне тараңдар және Алланың шексіз шарапатынан ризық-несібелеріңді іздеңдер. Бұған қоса, Алланы көп еске алыңдар, сонда құтылып, мақсат-мұраттарыңа жетерсіңдер» («Жұма», 10-аят).

«После завершения молитвы расходитесь по земле и ищите свой удел от безграничной милости Аллаха. Также премного поминайте Аллаха – быть может, вы избавитесь и достигнете успеха» (сура «Джума», 62:10).

1148
Риядус-салихин, № 1148Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خَيْرُ يَوْمٍ طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ يَوْمُ الْجُمُعَةِ: فِيهِ خُلِقَ آدَمُ، وَفِيهِ أُدْخِلَ الْجَنَّةَ، وَفِيهِ أُخْرِجَ مِنْهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Күн шығып, таңы атқан ең қайырлы күн – жұма. Сол күні Адам (а.с.) жаратылды, сол күні жаннатқа кіргізілді және дәл сол күні жаннаттан шығарылды», – деп айтты, – деген (Муслим: 1976, Ахмад: 9607).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Лучший день, в который восходит солнце и занимается заря, – пятница. В этот день был создан Адам (мир ему), в этот день он был введён в рай и в этот же день выведен из него» (Муслим: 1976; Ахмад: 9607).

1149
Риядус-салихин, № 1149Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَوَضَّأ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ ثُمَّ أَتَى الْجُمُعَةَ، فَاسْتَمَعَ وأنْصَتَ، غُفِرَ لَهُ مَا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْجُمُعَةِ وَزِيادَةُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ، وَمَنْ مَسَّ الْحَصَى، فَقَدْ لَغَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім жақсылап дәрет алып, жұма намазына аяқ басып келсе, сөйтіп, құтбаны үндеместен құлақ салып тыңдаған болса, оның екі жұма арасындағы және оған үш күн қоса алғандағы күнәлары кешіріледі. Ал (кім құтба оқып жатқанда оны құлақ салып тыңдамай) жердегі ұсақ тастардың өзімен ойнаса, бос іспен айналысқан болады», – деген (Муслим: 1987, Ахмад: 9484).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто должным образом совершит омовение, пешком отправится на пятничную молитву и будет молча и внимательно слушать хутбу, простятся грехи, совершённые между этой и предыдущей пятницами, а также ещё за три дня. А тот, кто (во время хутбы, не слушая её внимательно) станет играть мелкими камешками на земле, предастся праздному занятию» (Муслим: 1987; Ахмад: 9484).

1150
Риядус-салихин, № 1150Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «الصَّلَوَاتُ الْخَمْسُ، وَالجُمُعَةُ إِلَى الْجُمُعَةِ، وَرَمَضَانُ إِلَى رَمَضَانَ، مُكَفِّراتٌ مَا بَيْنَهُنَّ إِذَا اجْتُنِبَتِ الْكَبَائِرُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Бес уақыт намаз арасында, жұма намазы мен келесі жұманың аралығында және рамазан айы мен келесі рамазан айы аралығында үлкен күнәлар жасалмаса, аталмыш құлшылықтар сол аралықта жасалған кішігірім күнәлардың кешірілуіне себепші болады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 550, Ахмад: 9197).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Пять ежедневных молитв, одна пятничная молитва до следующей пятницы и один рамадан до следующего рамадана служат причиной прощения малых грехов, совершённых между ними, если человек не совершал тяжких грехов» (Муслим: 550; Ахмад: 9197).

1151
Риядус-салихин, № 1151Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ:أَنَّهُ ما سَمعَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ عَلَى أعْوَادِ مِنْبَرِهِ: «لَيَنْتَهِيَنَّ أقْوَامٌ عَنْ وَدْعِهِمُ الْجُمُعَاتِ أَوْ لَيَخْتِمَنَّ اللَّهُ عَلَى قُلُوبِهِمْ ثُمَّ لَيَكُونَنَّ مِنَ الْغَافِلِينَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра мен Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ мінберде тұрып: «Жұма намазына келмейтін кей адамдар не бұл қылығынан тыйылады, не болмаса Алла Тағала олардың жүрегіне мөр басады. Содан кейін олар сөзсіз ақиқаттан бейхабар ғапыл адамдардың қатарына қосылады», – деп айтқанын естідік», – деген (Муслим: 2002, Ахмад: 2290).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра и Ибн Умар (да будет доволен ими Аллах) сказали: «Мы слышали, как Посланник Аллаха ﷺ, стоя на минбаре, сказал: “Люди, которые не приходят на пятничную молитву, либо прекратят так поступать, либо Аллах Всевышний запечатает их сердца. После этого они непременно окажутся среди беспечных, не ведающих истины”» (Муслим: 2002; Ахмад: 2290).

1152
Риядус-салихин, № 1152Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا جَاءَ أَحَدُكُمُ الْجُمُعَةَ فَلْيَغْتَسِلْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Егер қайсыбірің жұма намазына баратын болса, бой дәрет алсын!» – деген (Бұхари: 877, Муслим: 1957, Ахмад: 11250).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас отправится на пятничную молитву, пусть совершит полное омовение!» (Аль-Бухари: 877; Муслим: 1957; Ахмад: 11250).

1153
Риядус-салихин, № 1153Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «غُسْلُ يَوْمِ الْجُمُعَةِ وَاجِبٌ عَلَى كُلِّ مُحْتَلِمٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кәмелетке толған әрбір мұсылманға жұма күні ғұсыл құйыну уәжіп», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 879, Муслим: 1957, Ахмад: 11250).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Саида (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Совершение полного омовения в пятницу обязательно для каждого мусульманина, достигшего половой зрелости» (Аль-Бухари: 879; Муслим: 1957; Ахмад: 11250).

1154
Риядус-салихин, № 1154Риуаят етуші: Сәмура

عَنْ سَمُرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَوَضَّأَ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فبِها وَنِعْمَتْ وَمَن اغْتَسَلَ فَالغُسْلُ أَفْضَلُ»

Қазақша аудармасы

Сәмура (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім жұма күні дәрет алса, қандай жақсы! Ал кім ғұсыл құйынса, әрине, ғұсыл құйынған одан да абзал», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 354, Тирмизи: 497).

Орысша аудармасы

Самура (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто совершит в пятницу малое омовение – как хорошо! А кто совершит полное омовение – оно, конечно же, ещё лучше» (Абу Дауд: 354; Ат-Тирмизи: 497).

1155
Риядус-салихин, № 1155Риуаят етуші: Салман

عَنْ سَلمَان قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَغْتَسِلُ رَجُلٌ يَوْمَ الْجُمُعَةِ، وَيَتَطَهَّرُ مَا اسْتَطَاعَ مِن طُهْرٍ، وَيَدَّهِنُ مِنْ دُهْنِهِ، أَوْ يَمَسُّ مِنْ طِيبِ بَيْتِهِ، ثُمَّ يَخْرُجُ فَلَا يُفَرِّقُ بَيْنَ اثنَيْنِ، ثُمَّ يُصَلِّى مَا كُتِبَ لَهُ، ثُمَّ يُنْصِتُ إِذَا تَكَلَّمَ الْإِمَامُ، إِلَّا غُفِرَ لَهُ مَا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْجُمُعَةِ الْأُخْرَى»

Қазақша аудармасы

Салман (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Егер қайсыбір адам жұма күні ғұсыл құйынып, қолынан келгенше тазалығын жасап, шашын майлап әрі жақсылап таранып немесе үйінде бар болса, хош иісті әтірден сеуіп, мешітке келгенде, қатар отырған екі адамның арасын ашпастан, Алланың оған нәсіп еткен намазын оқып, сондай-ақ имам құтба оқығанда, үндемей отырып ұйып тыңдаса, оның сол жұма мен келесі жұма аралығында жасайтын (кіші) күнәлары міндетті түрде кешіріледі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 883, Ахмад: 23710).

Орысша аудармасы

Салман (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если человек в пятницу совершит полное омовение, как можно тщательнее приведёт себя в порядок, умастит волосы маслом и хорошо расчешет их или, если дома найдутся благовония, воспользуется ими, затем придёт в мечеть, не станет раздвигать двух сидящих рядом людей, совершит столько молитв, сколько Аллах ему предопределил, а во время хутбы имама будет молча сидеть и внимательно слушать, ему непременно простятся (малые) грехи, совершённые между этой и следующей пятницами» (Аль-Бухари: 883; Ахмад: 23710).

1156
Риядус-салихин, № 1156Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَن اغْتَسَلَ يَوْمَ الْجُمُعَةِ غُسْلَ الْجَنَابَةِ، ثُمَّ رَاحَ فِى الساعة الْأولى فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ بَدَنَةً، وَمَنْ رَاحَ فِى السَّاعَةِ الثَّانِيَةِ، فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ بَقَرَةً، وَمَنْ رَاحَ فِى الساعة الثَّالِثَةِ، فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ كَبْشًا أقْرَنَ، وَمَنْ رَاحَ فِى السَّاعَةِ الرَّابِعَةِ، فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ دَجَاجَةً، وَمَنْ رَاحَ فِى السَّاعَةِ الْخَامِسَةِ، فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ بَيْضَةً، فَإِذَا خَرَجَ الْإِمَامُ، حَضَرَتِ الْمَلَائِكَةُ يَسْتَمِعُونَ الذِّكْرَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім жұма күні әйелімен жақындасқаннан кейін ғұсыл құйынғандай толық ғұсыл құйынып, мешітке неғұрлым ерте барса, құрбандыққа түйе шалғандай; одан сәл кештеу барса, сиыр шалғандай; одан кештеу барса, қошқар шалғандай; одан кештеу барса, тауық шалғандай; одан да кеш барса, жұмыртқа бергендей сауап алады. Имам мінберге шыққанда, (мешітке ерте келгендерге сауап жазумен болған) періштелер жамағатқа қосылып құтба тыңдайды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 881, Муслим: 1964, Ахмад: 9926).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто в пятницу совершит полное омовение, подобное омовению после супружеской близости, и отправится в мечеть как можно раньше, получит такую награду, словно принёс в жертву верблюда; кто придёт немного позже – словно принёс в жертву корову; кто придёт ещё позже – словно принёс в жертву рогатого барана; кто придёт ещё позже – словно принёс в жертву курицу; а кто придёт ещё позднее – словно пожертвовал яйцо. Когда имам поднимается на минбар, ангелы (которые записывали награду приходившим в мечеть заранее) присоединяются к собравшимся и слушают хутбу» (Аль-Бухари: 881; Муслим: 1964; Ахмад: 9926).

1157
Риядус-салихин, № 1157Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ذَكَرَ يَوْمَ الْجُمُعَةِ، فَقَالَ: «فِيهَا سَاعَةٌ لَا يُوافِقُهَا عَبْدٌ مُسْلِمٌ، وَهُوَ قَائِمٌ يُصَلِّى يَسْألُ اللَّهَ شَيْئًا، إِلَّا أعْطَاهُ إِيّاهُ» وَأشَارَ بيَدِهِ يُقَلِّلُهَا

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Бірде Алла елшісі ﷺ жұма күнін тілге тиек етіп: «Жұма күнінде (дұға қабыл болатын) бір сәт бар. Қайсыбір мұсылман пенде дәл сол сәтте намазда тұрып, Алладан не нәрсе сұраса, сұрағанын сөзсіз береді», – деді де, сол сәттің өте қысқа екенін қолымен ишарат етіп білдірді» (Бұхари: 935, Муслим: 1969, Ахмад: 9892).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ упомянул пятницу и сказал: “В пятницу есть особый момент (когда принимаются мольбы). Если какой-либо раб-мусульманин в этот самый момент будет совершать молитву и попросит Аллаха о чём-либо, Аллах непременно дарует ему просимое”. Затем он жестом руки показал, насколько краток этот момент» (Аль-Бухари: 935; Муслим: 1969; Ахмад: 9892).

1158
Риядус-салихин, № 1158

عَنْ أَبِى بُرْدَةَ بْنِ أَبِى مُوسَى الْأشعرِيِّ قَالَ: قَالَ عَبْد اللَّهِ بْنِ عُمَرَ: أسَمِعْتَ أبَاكَ يُحَدِّثُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى شأنِ سَاعَةِ الْجُمُعَةِ؟ قَالَ: قُلْتُ: نَعَمْ، سَمِعْتُهُ يَقُولُ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «هِيَ مَا بَيْنَ أَنْ يَجْلِسَ الْإِمَامُ إِلَى أَنْ تُقْضَى الصَّلَاةُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бурда ибн Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Бірде Абдулла ибн Омар (р.а.) менен: «Сен әкеңнен Алла елшісінің ﷺ жұма күнгі (дұға қабыл болатын) сәт жайлы айтқандарын естідің бе?» – деп сұрағанда, мен былай дедім: Иә, естідім. Әкем: Алла елшісінің: «Ол сәт имам мінберге отырғаннан бастап, намаз аяқталғанға дейінгі аралықта», – дегенін естідім», – деп айтты (Муслим: 1975).

Орысша аудармасы

Абу Бурда ибн Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Абдуллах ибн Умар (да будет доволен им Аллах) спросил меня: “Слышал ли ты от своего отца, что Посланник Аллаха ﷺ говорил об особом моменте пятницы (когда принимаются мольбы)?” Я ответил: “Да, слышал. Мой отец рассказывал, что слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Этот момент приходится на промежуток между тем, как имам садится на минбар, и завершением молитвы’”» (Муслим: 1975).

1159
Риядус-салихин, № 1159Риуаят етуші: Әус ибн Әус

عَنْ أوس بْنِ أوسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهﷺ: «إِنَّ مِنْ أَفْضَلِ أَيَّامِكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ، فَأكْثِرُوا عَلَيَّ مِنَ الصَّلَاةِ فِيهِ؛ فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ مَعْرُوضَةٌ عَلَيَّ»

Қазақша аудармасы

Әус ибн Әус (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1047, Ахмад: 16162).

Орысша аудармасы

Аус ибн Аус (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Воистину, пятница – один из лучших ваших дней. В этот день чаще возносите за меня благословения, ибо ваши благословения непременно будут доведены до меня» (Абу Дауд: 1047; Ахмад: 16162).