Хадис

Намазды жамағатпен оқудың артықшылығы

О достоинстве коллективной молитвы

Риядус-салихин, 191-тақырып · 7 хадис · № 1065–1071

Хадистер

1065
Риядус-салихин, № 1065Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «صَلَاةُ الْجَمَاعَة أَفْضَلُ مِنْ صَلَاةِ الْفَذِّ بِسَبْعٍ وَعِشْرِينَ دَرَجَةً»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жамағатпен оқылған намаз жалғыз оқылған намаздан жиырма жеті есе артық», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 645, Муслим: 1477, Ахмад: 5779).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Молитва, совершённая вместе с общиной, в двадцать семь раз превосходит молитву, совершённую в одиночку» (Аль-Бухари: 645; Муслим: 1477; Ахмад: 5779).

1066
Риядус-салихин, № 1066Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «صَلَاةُ الرَّجُلِ فِى جَمَاعةٍ تُضَعَّفُ عَلَى صَلَاتِهِ فِى بَيْتهِ وَفِى سُوقِهِ خَمْسًا وَعِشْرِينَ ضِعْفًَا، وَذَلِكَ أَنَّهُ إِذَا تَوَضَّأ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ، ثُمَّ خَرَجَ إِلَى الْمَسْجِدِ، لَا يُخرِجُهُ إِلَّا الصَّلَاةُ، لَمْ يَخْطُ خَطْوَةً إِلَّا رُفِعَتْ لَهُ بِهَا دَرَجَةٌ، وَحُطَّتْ عَنهُ بِهَا خَطِيئَةٌ، فَإِذَا صَلَّى لَمْ تَزَلِ الْمَلَائِكَةُ تُصَلِّى عَلَيْهِ مَا دَامَ فِى مُصَلاَّهُ، مَا لَمْ يُحْدِث، تقولُ: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَيْهِ، اللَّهُمَّ ارْحَمْهُ، وَلَا يَزَالُ فِى صَلَاةٍ مَا انْتَظَرَ الصَّلَاةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ер адамның жамағатпен оқыған намазының сауабы үйінде немесе жұмыс орнында жалғыз оқыған намазының сауабынан жиырма бес есе артық болады. Бұл мына жағдайда ғана болады, егер ол жақсылап дәрет алып, содан соң намаз оқудан өзге еш нәрсені мақсат тұтпастан мешітке қарай бет алса, басқан әрбір қадамы үшін бір сатыға дәрежесі өсіп, бір күнәсі жойылып отырады. Сонымен қатар, намазға тұрған сәтінен бастап, намаз оқып болғаннан кейін де дәретін бұзбайынша және намаз оқыған жерден шығып кетпейінше, періштелер: «Уа, Алла Тағалам! Бұл пендеңді жарылқап, күнәларын кешіре көр! Оны шексіз мейіріміңе бөлей көр!» – деп ол үшін дұға жасаумен болады. Сондай-ақ намазды күтіп отырған кезінде де ол намаз оқып тұрғандай болады», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 647, Муслим: 1472, Ахмад: 7185).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Награда за молитву, совершённую мужчиной вместе с общиной, в двадцать пять раз превышает награду за молитву, совершённую им в одиночку дома или на рабочем месте. Однако это относится лишь к тому, кто должным образом совершит омовение, а затем отправится в мечеть, не имея иной цели, кроме совершения молитвы. За каждый сделанный им шаг он возвышается на одну степень и с него снимается один грех. С того мгновения, как он встанет на молитву, и даже после её завершения, пока он сохраняет омовение и не покидает места совершения молитвы, ангелы непрестанно обращаются к Аллаху с мольбами за него: “О Аллах Всевышний! Благослови этого Твоего раба и прости ему его грехи! Окружи его Своей безграничной милостью!” И всё время, пока он ожидает молитву, он считается пребывающим в молитве» (Аль-Бухари: 647; Муслим: 1472; Ахмад: 7185).

1067
Риядус-салихин, № 1067Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: أَتَى النَّبِيَّ ﷺ رَجُلٌ أعْمَى، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَيسَ لِى قَائِدٌ يَقُودُنِى إِلَى الْمَسْجِدِ، فَسَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُرَخِّصَ لَهُ فَيُصَلِّى فِى بَيْتِهِ، فَرَخَّصَ لَهُ، فَلَّمَا وَلَّى دَعَاهُ، فَقَالَ لَهُ: «هَلْ تَسْمَعُ النِّدَاءَ بِالصَّلَاةِ؟» قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: «فَأجِبْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бір зағип кісі келіп: «Уа, Расулалла! Мені мешітке ертіп алып келетін жолбасшым жоқ», – деп, Алла елшісінен намазды үйінде оқуына рұқсат беруін өтінгенде, Пайғамбарымыз оған рұқсат етті. Сөйтіп ол бұрылып кетіп бара жатқанда оны шақырып алып: Сен намазға шақырған азанды естисің бе?, деп сұрады. Ол: Иә, естимін, дегенде, оған: Онда намазға кел! – деді» (Муслим: 1486).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл слепой человек и сказал: “О Посланник Аллаха! У меня нет поводыря, который сопровождал бы меня в мечеть”. Затем он попросил Посланника Аллаха ﷺ разрешить ему совершать молитву дома, и Пророк ﷺ разрешил ему. Когда же тот повернулся и направился обратно, Пророк ﷺ подозвал его и спросил: “Слышишь ли ты азан, призывающий на молитву?” Тот ответил: “Да, слышу”. Тогда Пророк ﷺ сказал ему: “В таком случае приходи на молитву!”» (Муслим: 1486).

1068
Риядус-салихин, № 1068

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ – وقيل: عَمْرو بْنِ قَيسٍ – الْمعروف بابن أُمّ مكتوم الْمؤذن أَنَّهُ قَالَ: يَا رَسُول اللَّهِ، إِنَّ الْمَدِينَةَ كَثِيرةُ الْهَوَامِّ وَالسِّبَاعِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَسْمَعُ حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ حَيَّ عَلَى الْفَلاحِ، فَحَيَّهلًا»

Қазақша аудармасы

Азаншы Ибн Үммі Мактум деген атпен танымал болған Абдулла (р.а.) (немесе Амр ибн Қайс): «Уа, Расулалла! Мәдинада улы жәндіктер мен жыртқыш аңдар көп (оның үстіне мен зағип жанмын, сол себепті намазды үйде оқысам бола ма?)», – дегенде, Алла елшісі ﷺ оған: «Хаййа алас-саләһ, хаййа алал-фәләх» деген азан сөздерін еститін болсаң, намазға кел», – деп айтты» (Әбу Дәуіт: 553, Ахмад: 15490).

Орысша аудармасы

Абдуллах (или Амр ибн Кайс), известный как муэдзин Ибн Умм Мактум (да будет доволен им Аллах), сказал: «О Посланник Аллаха! В Медине много ядовитых насекомых и хищных зверей (к тому же я слеп, поэтому могу ли я совершать молитву дома?)». Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Если слышишь слова азана: “Хаййа аляс салях, хаййа аляль фалях”, – приходи на молитву» (Абу Дауд: 553; Ахмад: 15490).

1069
Риядус-салихин, № 1069Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ آمُرَ بحَطَبٍ فَيُحْتَطَبَ، ثُمَّ آمُرَ بِالصَّلَاةِ فَيُؤذَّنَ لهَا، ثُمَّ آمُرَ رَجُلًا فَيَؤُمَّ النَّاسَ، ثُمَّ أُخَالِفَ إِلَى رِجَالٍ فَأُحَرِّقَ عَلَيْهِمْ بُيُوتَهمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Бір кездері, шынымен де, алдымен отын жиғызып, содан кейін азан шақыртып адамдарды намазға шақырып, содан соң бір адамды жамағатқа имам етіп тағайындап, сосын жамағатты тастап, намазға келмегендердің үйіне барып, от қойып, түгін қалдырмай өртеп жібергім келген еді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 644, Муслим: 1481, Ахмад: 10101).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Поистине, однажды я хотел велеть собрать дрова, затем возгласить азан и созвать людей на молитву, после чего назначить одного человека имамом для общины, а потом, оставив молящихся, отправиться к домам тех, кто не пришёл на молитву, поджечь их и сжечь дотла» (Аль-Бухари: 644; Муслим: 1481; Ахмад: 10101).

1070
Риядус-салихин, № 1070Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: مَنْ سَرَّهُ أَنْ يَلْقَى اللَّهَ تَعَالَى غدًا مُسْلِمًا، فَلْيُحَافِظْ عَلَى هؤُلَاءِ الصَّلَوَاتِ حَيْثُ يُنَادَى بِهِنَّ، فَإِنَّ اللَّهَ شَرَعَ لِنَبِيِّكم ﷺ سُنَنَ الْهُدَى، وَإِنَّهُنَّ مِنْ سُنَنِ الْهُدَى، وَلَوْ أَنَّكُمْ صَلَّيْتُمْ فِى بُيُوتِكم كَمَا يُصَلِّى هذا الْمُتَخَلِّفُ فِى بَيْتِهِ لَتَرَكْتُمْ سُنَّةَ نَبِيِّكُمْ، وَلَوْ تَرَكْتُمْ سُنَّة نَبِيِّكُم لَضَلَلْتُمْ، وَلَقَدْ رَأَيْتُنَا وَمَا يَتَخَلَّفُ عَنْهَا إِلَّا مُنَافِقٌ مَعْلُومُ النِّفَاقِ، وَلَقَدْ كَانَ الرَّجُلُ يُؤْتَى بهِ، يُهَادَى بَيْنَ الرَّجُلَيْنِ حَتَّى يُقَامَ فِى الصَّفِّ

وَفِى رِوَايَة لَهُ قَالَ: إِنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَلَّمَنَا سُنَنَ الْهُدَى؛ وإِنَّ مِنْ سُنَنِ الْهُدَى الصَّلَاةَ فِى الْمَسْجِدِ الَّذِى يُؤَذَّنُ فِيهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) былай деген: «Кім ертең Алла Тағаламен мұсылман болған күйде қауышуды қаласа, онда мына бес уақыт намазын азан шақырылған жерде үзбей оқуға дағдылансын. Алла Тағала пайғамбарларыңа тура жолдарды шариғат етіп бекітіп берді. Бес уақыт намаз да сол тура жолдардың бірі. Егер сендер (жамағат намазына қатыспай) намазды үйінде оқып, жамағаттан кері қалған мына адам сияқты намаздарыңды үйлеріңде оқитын болсаңдар, онда пайғамбарларыңның сүннетін тәрк еткен боласыңдар. Ал пайғамбарларыңның сүннетін тәрк етсеңдер, сөзсіз, адасасыңдар. Менің байқауымша, арамыздағы намазға қатыспай жамағаттан кері қалатындар тек анық екіжүзді болғандар ғана. Біздің кезімізде тіпті өз аяғымен жүре алмайтын кісіні әкеліп, сүйемелдеп тұруы үшін екі кісінің ортасына сапқа тұрғызатын» (Муслим: 453/1, Ахмад: 3936).

Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен басқа бір хадисте: «Алла елшісі ﷺ бізге тура жолдарды үйретті. Азан шақырылатын мешітте намаз оқу сол тура жолдардың бірі», – деген.

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Кто желает завтра встретить Аллаха Всевышнего мусульманином, пусть неуклонно совершает эти пять молитв там, где возглашается азан. Аллах Всевышний установил для вашего Пророка пути прямого руководства, и эти пять молитв относятся к их числу. Если же вы (не участвуя в коллективной молитве) станете совершать свои молитвы дома, подобно этому человеку, который остаётся дома, отставая от общины, то оставите сунну вашего Пророка. А если оставите сунну вашего Пророка, то непременно собьётесь с пути. Я замечал, что среди нас от участия в коллективной молитве уклонялись лишь явные лицемеры. В наше время даже того, кто не мог ходить самостоятельно, двое людей, поддерживая с обеих сторон, приводили и ставили в ряд» (Муслим: 453/1; Ахмад: 3936).

В другом сообщении Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах) сказано: «Посланник Аллаха ﷺ обучил нас путям прямого руководства. К ним относится и совершение молитвы в мечети, где возглашается азан».

1071
Риядус-салихин, № 1071Риуаят етуші: Әбу Дәрда

عَنْ أَبِى الدردَاء قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا مِنْ ثَلَاثَةٍ فِى قَرْيةٍ، وَلَا بَدْوٍ، لَا تُقَامُ فِيهِمُ الصَّلَاةُ إِلَّا قَد اسْتَحْوَذَ عَلَيْهِم الشَّيْطَانُ. فَعَلَيْكُمْ بِالجَمَاعَةِ، فَإِنَّمَا يَأْكُلُ الذِّئْبُ مِنَ الْغَنَمِ الْقَاصِيَة»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрда (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Мейлі елді мекенде, мейлі шөл далада ең азы үш адам бар жерде жамағатпен намаз оқылмаса, оларды шайтан билейді, сондықтан әрдайым жамағатпен бірге болыңдар, өйткені бөлінген қойды бөрі жейді», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуід: 547, Ахмад: 27514).

Орысша аудармасы

Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если в населённом пункте или в пустыне, где находятся хотя бы трое, не совершается молитва с общиной, шайтан непременно возьмёт над ними верх. Поэтому всегда держитесь общины, ибо волк пожирает овцу, отбившуюся от стада”» (Абу Дауд: 547; Ахмад: 27514).