Хадис

Әйел баласының жалғыз сапарға шығуы

О путешествии женщины в одиночку

Риядус-салихин, 179-тақырып · 2 хадис · № 990–991

Хадистер

990
Риядус-салихин, № 990Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَحِلُّ لأَمْرَأَةٍ تُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ تُسَافِرُ مَسِيرَةَ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ إِلَّا مَعَ ذِى مَحْرَمٍ عَلَيْهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Аллаға және ақырет күніне иман келтірген әйелдің қасында ет жақыны болмаса, (кем дегенде) бір күн, бір түнге созылатын сапарға шығуына тыйым салынады», – деп айтты», – делінген (Бұхари, 1088; Муслим, 3266).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Женщине, верующей в Аллаха и Последний день, запрещено без сопровождения близкого родственника отправляться в путешествие продолжительностью (как минимум) один день и одну ночь» (Аль-Бухари: 1088; Муслим: 3266).

991
Риядус-салихин, № 991Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَخْلُوَنَّ رَجُلٌ بِامْرَأَةٍ إِلَّا وَمَعَهَا ذُو مَحْرَمٍ، وَلَا تُسَافِرُ الْمَرْأَةُ إِلَّا مَعَ ذِى مَحْرَمٍ» فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ امْرَأتِى خَرَجَتْ حَاجَّةً، وَإِنِّى اكْتُتِبْتُ فِى غَزْوَةِ كَذَا وَكَذَا؟ قَالَ: «انْطَلِقْ فَحُجَّ مَعَ امْرَأَتِكَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: Бірде мен Пайғамбарымыздың ﷺ: «Ешбір ер адам қасында махрамы болмаған өзге әйелмен оңаша қалмасын. Сондай-ақ ешбір әйел қасында махрамы болмаса, сапарға шықпасын», – дегенін естідім. Сонда бір сахаба орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Менің әйелім қажылық сапарына шыққан еді, ал мен болсам, пәлен және пәлен жорықтарға жазылып қойған едім», – дегенде, Алла елшісі оған: «Бар, әйеліңмен бірге қажылық жаса», – деп айтты (Бұхари, 5233; Муслим, 1341).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Пророк ﷺ сказал: “Пусть ни один мужчина не остаётся наедине с посторонней женщиной, если рядом с ней нет махрама. И пусть ни одна женщина не отправляется в путь без сопровождения махрама”. Тогда один из сподвижников встал и сказал: “О Посланник Аллаха! Моя жена отправилась совершать хадж, а я записался для участия в таком-то и таком-то походах”. Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Ступай и соверши хадж вместе со своей женой”» (Аль-Бухари: 5233; Муслим: 1341).