Хадис

Жолаушының өрге қарай жүргенде немесе төбеге көтерілгенде тәкбір айтып, төмен ылдилағанда тәсбих айтуы жайлы

О произнесении путником такбира при движении вверх или подъёме на возвышенность и тасбиха при спуске вниз

Риядус-салихин, 171-тақырып · 5 хадис · № 976–980

Хадистер

976
Риядус-салихин, № 976Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: كُنَّا إِذَا صَعِدْنَا كَبَّرْنَا، وَإِذَا نَزَلْنَا سَبَّحْنَا

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «(Жол жүріп келе жатып өрге, төбеге) көтерілгенімізде тәкбір айтып, төмен қарай ылдилағанымызда тәсбих айтатынбыз», – деген (Бұхари, 2993).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «(Находясь в пути, при подъёме в гору или на возвышенность) мы произносили такбир, а при спуске вниз – тасбих» (Аль-Бухари: 2993).

977
Риядус-салихин, № 977Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عمرَ، قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ وجيُوشُهُ إِذَا عَلَوا الثَّنَايَا كَبَّرُوا، وَإِذَا هَبَطُوا سَبَّحُوا

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ және оның әскері төбеге көтерілгенде тәкбір айтып, төмен қарай ылдилағанда тәсбих айтатын», – деген (Әбу Дәуіт, 2599).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Пророк ﷺ и его войско поднимались на возвышенность, они произносили такбир, а когда спускались вниз – тасбих» (Абу Дауд: 2599).

978
Риядус-салихин, № 978Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ، قَالَ: كَانَ النَّبي ﷺ إِذَا قَفَلَ مِنَ الْحَجِّ أَوْ الْعُمْرَةِ، كُلَّمَا أوْفَى عَلَى ثَنِيَّةٍ أَوْ فَدْفَدٍ كَبَّرَ ثَلَاثًَا، ثُمَّ قَالَ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. آيِبُونَ، تَائِبُونَ، عَابِدُونَ، سَاجِدُونَ، لِرَبِّنَا حَامِدُونَ، صَدَقَ اللَّهُ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَهَزَمَ الْأحْزَابَ وَحْدَهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): « Пайғамбарымыз ﷺ қажылықтан я умрадан қайтып келе жатып белеске иек артып немесе жазыққа шыққан сайын үш рет «Аллаһу акбар» деп тәкбір айтып, артынша: «Алладан басқа тәңір жоқ, Ол жалғыз, серігі жоқ. Билік пен бар мақтау Аллаға ғана тиесілі. Оның құдіреті барлық нәрсеге жетеді. Біз (сапардан) қайтып келеміз, Раббымыздың алдында тәубеге келіп, құлшылық етіп, маңдайымызды сәждеге қойып, мадақ айтып келеміз! Алла Тағала уәдесін орындап, пендесіне жәрдем етті. Бір Өзі мұсылмандарға қарсы күш біріктірген тайпалардың сазайын берді!» – деп айтатын еді», – деген (Бұхари,2995; Муслим, 3278).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Когда Пророк ﷺ возвращался после хаджа или умры, то всякий раз, поднимаясь на возвышенность или выезжая на равнину, он трижды произносил такбир: “Аллаху акбар”, а затем говорил: “Нет божества, кроме Аллаха. Он Един, и нет у Него сотоварища. Ему одному принадлежат власть и вся хвала. Он властен над всякой вещью. Мы возвращаемся (из путешествия), принося покаяние перед нашим Господом, поклоняясь Ему, склоняясь перед Ним в земном поклоне и воздавая Ему хвалу! Аллах Всевышний исполнил Своё обещание, помог Своему рабу и Один разгромил племена, объединившиеся против мусульман!”» (Аль-Бухари: 2995; Муслим: 3278).

979
Риядус-салихин, № 979Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أُرِيدُ أَنْ أُسَافِرَ فَأوْصِني، قَالَ: «عَلَيْكَ بِتَقْوَى اللَّهِ، وَالتَّكْبِيرِ عَلَى كلِّ شَرَفٍ» فَلَمَّا وَلَّى الرَّجُلُ، قَالَ: «اللَّهُمَّ اطْوِ لَهُ الْبُعْدَ، وَهَوِّنْ عَلَيْهِ السَّفَرَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Уа, Расулалла! Сапарға шығайын деп едім, маған ақыл-кеңес айтыңызшы», – деп өтінгенде, оған: «Аллаға қарсы келуден сақтан және әр төбеге көтерілгенде тәкбір айт!» – дейді. Сосын әлгі кісі кеткен соң, ол үшін: «Уа, Алла! Ол үшін алыс жолды қысқарта көр және сапарын жеңілдете көр!» – деп дұға жасайды (Тирмизи, 3441).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что один человек обратился к Пророку ﷺ: «О Посланник Аллаха! Я собираюсь отправиться в путь, дайте мне наставление». Пророк ﷺ сказал ему: «Остерегайся ослушания Аллаха и, поднимаясь на каждую возвышенность, произноси такбир!» Когда тот человек ушёл, Пророк ﷺ помолился за него: «О Аллах! Сократи для него дальний путь и облегчи ему путешествие!» (Ат-Тирмизи: 3441).

980
Риядус-салихин, № 980Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِيِّ قَالَ: كنّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِى سَفَرٍ، فَكُنَّا إِذَا أشْرَفْنَا عَلَى وَادٍ هَلَّلْنَا وَكَبَّرْنَا وَارتَفَعَتْ أصْوَاتُنَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَا أيُّهَا النَّاسُ، ارْبَعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ، فَإِنَّكُمْ لَا تَدْعُونَ أصَمَّ وَلَا غَائِبًا، إِنَّهُ مَعَكُمْ، إِنَّهُ سَمِيعٌ قَرِيبٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Пайғамбарымызбен ﷺ бірге сапарда болғанымызда, әр алқапқа келген сайын тәһлил және тәкбір айтып, дауысымыз жер жаратын. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, жарандар! Өз-өздеріңді аясаңдаршы! Шынында, сендер саңырауға, не болмаса жоқ нәрсеге үн қатып тұрған жоқсыңдар ғой. Шынында, Ол сендермен бірге. Ол – бәрін Естуші һәм бәріне жақын!» – деп айтты» (Бұхари, 2992; Муслим, 2704).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы путешествовали вместе с Пророком ﷺ, то при входе в каждую долину произносили тахлиль и такбир так громко, что наши голоса гремели на всю округу. Тогда Пророк ﷺ сказал: “О люди! Поберегите себя! Ведь вы взываете не к глухому и не к отсутствующему. Воистину, Он с вами. Он слышит всё и близок ко всем!”» (Аль-Бухари: 2992; Муслим: 2704).