Хадис

Сапарда жол серігіне жәрдемдесу жайында

О помощи спутнику в пути

Риядус-салихин, 169-тақырып · 3 хадис · № 970–972

Хадистер

في الْباب أحاديث كَثِيرة تقدمت كحَدِيث «وَاللَّهُ فِى عَوْنِ الْعَبْدِ مَا كَانَ الْعَبْدُ فِى عَوْنِ أخِيهِ». وحَدِيث: «كُلُّ مَعْرُوفٍ صَدَقَة» وَأشْبَاهِهِمَا

Бұл тарауға байланысты хадистер алдыңғы тарауларда келтірілген. Мысалы: «Алланың пендесі мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла да пендесіне жәрдем етуін тоқтатпайды» және «әрбір жақсылық – садақа» деген сынды хадистерді айтуға болады.

К этой главе относятся и хадисы, приведённые выше, например: «Аллах будет помогать Своему рабу до тех пор, пока тот помогает своему брату-мусульманину» и «Каждое доброе дело – садака».

970
Риядус-салихин, № 970Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى، قَالَ: بَيْنَمَا نَحْنُ فِى سَفَرٍ إِذْ جَاءَ رَجُلٌ عَلَى رَاحِلَةٍ لَهُ، فَجَعَلَ يَصْرِفُ بَصَرَهُ يَمِينًا وَشِمَالًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ كَانَ مَعَهُ فَضْلُ ظَهْرٍ فَلْيَعُدْ بِهِ عَلَى مَنْ لَا ظَهْرَ لَهُ، وَمَنْ كَانَ لَهُ فَضْلُ زَادٍ فَلْيَعُدْ بِهِ عَلَى مَنْ لَا زَادَ لَهُ»، فَذَكَرَ مِنْ أصْنَافِ الْمَالِ مَا ذَكَرَهُ، حَتَّى رَأَيْنَا، أَنَّهُ لَا حَقَّ لأَحَدٍ مِنَّا فِى فَضْلٍ

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге сапарға шыққан едік. Жол-жөнекей түйеге мінген бір кісі оңына бір, солына бір жалтақтап қарай бастады. Оның жағдайын елден бұрын түсінген Алла елшісі: «Кімнің артық көлігі болса, көлігі жоққа берсін. Кімнің қажетінен артық азығы болса, азығы жоққа берсін», – деп, басқа да дүниелерді тізіп айтты. Біз бұл сөзінен ешкімнің де өз қажетінен артық дүниені қолда ұстауға құқығы жоқ екенін түсіндік», – деген (Муслим,1728).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы отправились в путь вместе с Посланником Аллаха ﷺ. В дороге один человек, будучи верхом на верблюде, стал поглядывать то вправо, то влево. Посланник Аллаха ﷺ первым понял, в каком положении он находится, и сказал: “У кого есть лишнее верховое животное, пусть отдаст его тому, у кого его нет. У кого есть припасы сверх необходимого, пусть отдаст их тому, у кого нет припасов”. Затем он перечислил и другие виды имущества. Из его слов мы поняли, что никто не вправе удерживать у себя то, что превышает его потребности» (Муслим: 1728).

971
Риядус-салихин, № 971Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَنَّهُ أَرَادَ أَنْ يَغْزُوَ، فَقَالَ: «يَا مَعْشَرَ الْمُهَاجِرِينَ وَالْأَنْصَارِ، إِن مِنْ إِخْوَانِكُمْ قَوْمًا لَيْسَ لَهُمْ مَالٌ، وَلَا عَشِيرةٌ، فَلْيَضُمَّ أَحَدكُمْ إِلَيْهِ الرَّجُلَيْنِ أَو الثَّلَاثَةَ، فَمَا لأَحَدِنَا مِنْ ظَهْرٍ يَحْمِلُهُ إِلَّا عُقْبةٌ كَعُقْبَةٍ» يَعْنِى أَحَدهِمْ، قَالَ: فَضَمَمْتُ إِلَيَّ اثْنَيْنِ أَوْ ثَلَاثَةً مَا لِى إِلَّا عُقْبَةٌ كَعقبة أَحَدِهِمْ مِنْ جَمَلِي

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ жорыққа шығуға бел буғанында: «Уа, мұһажырлар мен ансарлар! Араларыңда дүниесі де, арқа сүйер туысы да жоқ бауырларың бар. Әрбірің жағдайы жоқ екі-үш адамды қамқорлығына алып, өзімен бірге ертіп жүрсін. Көлігі барлар қамқорлығына алған бауырларымен кезектесіп мінсін», – деп бұйырды. Жәбир: «Мен де қасыма екі-үш адамды алып, түйемнің игілігін солармен бірге бірдей пайдаланып, кезектесіп міндім», – деп айтты (Әбу Дәуіт, 2534).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды, когда Посланник Аллаха ﷺ намеревался выступить в поход, он повелел: “О мухаджиры и ансары! Среди ваших братьев есть те, у кого нет ни имущества, ни родных, на которых они могли бы опереться. Пусть каждый из вас возьмёт под свою опеку двух или трёх нуждающихся и отправится в путь вместе с ними. А те, у кого есть верховое животное, пусть ездят на нём поочерёдно с братьями, которых взяли под свою опеку”». Джабир продолжил: «Я тоже взял с собой двух или трёх человек, и мы пользовались моим верблюдом наравне, поочерёдно садясь на него верхом» (Абу Дауд: 2534).

972
Риядус-салихин, № 972Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَخَلَّفُ فِى الْمَسير، فَيُزْجِى الضَّعِيف، وَيُرْدِفُ وَيَدْعُو لَهُ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла Елшісі ﷺ (алыс жол жүргенде) керуеннің соңында жүретін еді, сөйтіп әлсізді өзімен бірге алып жүретін немесе мінгестіретін және ол үшін дұға ететін», – деген. (Әбу Дәуіт, 2639)

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ (во время дальнего пути) держался позади каравана, помогал ослабевшему путнику, подсаживал его к себе и молился за него» (Абу Дауд: 2639).