Хадис

Қайтқан адамның атынан садақа беріп, ол үшін дұға жасау жайында

О раздаче милостыни от имени покойного и молитве за него

Риядус-салихин, 162-тақырып · 2 хадис · № 949–950

Хадистер

«وَالَّذِينَ جَاءوا مِنْ بَعْدِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالإِيمَانِ» «Ал олардан (мұһажырлар мен ансарлардан) кейін келген мүміндер болса, Аллаға: «Уа, Раббымыз, бізді және бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды кешіре көр!» деп жалбарынады (Хашр сүресі, 10-аят).

«А верующие, пришедшие после мухаджиров и ансаров, молятся Аллаху: “О наш Господь, прости же нас и наших братьев, которые уверовали прежде нас!”» (сура «Хашр», 59:10).

949
Риядус-салихин, № 949Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ رَجُلًا قَالَ لِلنَّبِيِِّّ ﷺ: إِنَّ أُمِّى افْتُلِتَتْ نَفْسُهَا وَأُرَاهَا لَوْ تَكَلَّمَتْ تَصَدَّقَتْ، فَهَلْ لَهَا أجْرٌ إِنْ تَصَدَّقْتُ عَنْهَا؟ قَالَ: «نَعَمْ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте, бірде бір сахаба Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «(Уа, Расулалла!) Шынында менің анам кенеттен қайтыс болып (ешқандай өсиет қалдырмады). Егер ол (қайтыс боларының алдында) тілге келгенде, садақа беруді өсиет етер еді деп ойлаймын. Енді мен оның атынан садақа берсем, оған соның сауабы тие ме?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Иә», – деді (Бұхари, 1388; Муслим, 1004).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Аишей (да будет доволен ею Аллах), сообщается, что однажды один из сподвижников пришёл к Пророку ﷺ и спросил: «О Посланник Аллаха! Моя мать внезапно умерла (не оставив никакого завещания). Думаю, если бы она (перед смертью) успела поговорить, то завещала бы раздать милостыню. Если я теперь раздам милостыню от её имени, дойдёт ли до неё награда за это?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Да» (Аль-Бухари: 1388; Муслим: 1004).

950
Риядус-салихин, № 950Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا مَاتَ الْإِنْسَانُ انْقَطَعَ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثٍ: صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ، أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ، أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Адам баласы дүниеден озғанда, үш түрлі ісінен өзге барлық істері тоқтап (кітабы жабылып) қалады. Тоқтамайтын істер: үзілмейтін садақа, адамзатқа пайдалы ілім және артынан дұға жасайтын ізгі ұрпақ», – деп айтты (Муслим, 4223).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда человек покидает этот мир, все его дела, кроме трёх, прекращаются (и книга его деяний закрывается). Не прекращаются: непрерывная милостыня, знание, приносящее пользу человечеству, и праведный потомок, который молится за него» (Муслим: 4223).