Хадис

Жаназа намазына мейілінше көп адамның қатысқаны жақсы және жамағаттың қатары үшеу және одан да көп болғаны абзал

О желательности участия в погребальной молитве как можно большего числа людей и построения молящихся в три и более ряда

Риядус-салихин, 156-тақырып · 3 хадис · № 933–935

Хадистер

933
Риядус-салихин, № 933Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ مَيتٍ يُصَلِّى عَلَيْهِ أُمَّةٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ يَبْلُغُونَ مِئَةً كُلُّهُمْ يَشْفَعُونَ لَهُ إِلَّا شُفِّعُوا فِيهِ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір мәйіттің жаназа намазын мұсылмандардан жүзге жететін жамағат оқып, солардың барлығы оған шапағат етсе, олардың шапағаты міндетті түрде қабыл болады», – деп айтты» (Муслим, 947).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если погребальную молитву по умершему совершит община из ста мусульман и все они будут ходатайствовать за него, их ходатайство непременно будет принято”» (Муслим: 947).

934
Риядус-салихин, № 934Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا مِنْ رَجُلٍ مُسْلِمٍ يَمُوتُ، فَيقومُ عَلَى جَنَازَتِهِ أَرْبَعُونَ رَجُلًا لَا يُشْرِكُونَ بِاللَّهِ شَيْئًا، إِلَّا شَفَّعَهُمُ اللَّهُ فِيهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «О дүниеге аттанған мұсылманның жаназа намазына Аллаға серік қоспайтын қырық адам қатысса, Алла міндетті түрде оларды марқұмға шапағатшы қылады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим, 2199).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если в заупокойной молитве по умершему мусульманину примут участие сорок человек, не придающих Аллаху сотоварищей, Аллах непременно примет их заступничество за покойного”» (Муслим: 2199).

935
Риядус-салихин, № 935

عَنْ مرثدِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْيَزَنِيِّ، قَالَ: كَانَ مَالِكُ بْنِ هُبَيْرَة إِذَا صَلَّى عَلَى الْجَنَازَةِ، فَتَقَالَّ النَّاس عَلَيْهَا، جَزَّأَهُمْ عَلَيْهَا ثَلَاثَةَ أجْزَاءٍ، ثُمَّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ صَلَّى عَلَيْهِ ثَلَاثَةُ صُفُوفٍ فَقَدْ أوْجَبَ»

Қазақша аудармасы

Мәрсәд ибн Абдулла әл-Иәзәни (р.а.) былай деген: «Мәлик ибн Һубайра (р.а.) жаназа намазын қылдырғанда, жиналған жұрт аз болса, оларды бөліп үш қатарға тұрғызып, содан соң: «Алла Елшісі ﷺ: «Кімнің жаназа намазын үш қатардан тұратын жамағат оқыса, оған міндетті түрде (жаннат) нәсіп болады», – деген», – деп айтатын» (Әбу Дәуіт, 3166; Тирмизи, 1028).

Орысша аудармасы

Марсад ибн Абдуллах аль-Язани (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда Малик ибн Хубайра (да будет доволен им Аллах) возглавлял заупокойную молитву и собравшихся было мало, он разделял их, выстраивая в три ряда, а затем говорил: “Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Тот, по кому заупокойную молитву совершит община, выстроенная в три ряда, непременно удостоится (рая)’”» (Абу Дауд: 3166; Ат-Тирмизи: 1028).