Хадис

Жиында отыру әдебі жайында

Об этикете поведения на собрании

Риядус-салихин, 129-тақырып · 13 хадис · № 826–838

Хадистер

826
Риядус-салихин, № 826Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يُقِيمَنَّ أَحَدُكُمْ رَجُلًا مِنْ مَجْلِسِهِ ثُمَّ يَجْلِسُ فِيهِ، وَلكِنْ تَوَسَّعُوا وَتَفَسَّحُوا» وكَانَ ابْنُ عُمَرَ إِذَا قَامَ لَهُ رَجُلٌ مِنْ مَجْلِسِهِ لَمْ يَجْلِسْ فِيهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің отырған адамды орнынан тұрғызып, оның орнына отырушы болмаңдар. Араларыңа біреу келіп қосылса, ортаны кеңейтіп, сығылыспай кең отырыңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6270, Муслим: 5686, Ахмад: 5625).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не поднимает сидящего человека с его места, чтобы затем сесть вместо него. Если к вам присоединится ещё один человек, расступитесь, освободите ему место и не теснитесь» (Аль-Бухари: 6270; Муслим: 5686; Ахмад: 5625).

827
Риядус-салихин, № 827Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا قَامَ أَحَدُكُمْ مِنْ مَجْلِسٍ، ثُمَّ رَجَعَ إِلَيْهِ، فَهُوَ أَحَقُّ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Араларыңнан әлдекім орнынан тұрып кетіп, сосын сол орнына қайтып келсе, ол сол орынға отыруға әлдеқайда құқылы», – деген (Муслим: 5689, Ахмад: 9774).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас встанет со своего места, а затем вернётся, то он имеет больше прав занять это место» (Муслим: 5689; Ахмад: 9774).

828
Риядус-салихин, № 828Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِر بْنِ سَمُرَة، قَالَ: كُنَّا إِذَا أَتَيْنَا النَّبِيَّ ﷺ جلَسَ أَحَدُنَا حَيْثُ يَنْتَهِي

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.): «Пайғамбардың ﷺ дәргейіне келгенімізде жамағаттың соңғы қатарына отыратынбыз», – деген (Әбу Дәуіт: 4825, Тирмизи: 2726, Ахмад: 20855).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Самура (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы приходили к Пророку ﷺ, каждый садился там, где заканчивались ряды собравшихся» (Абу Дауд: 4825; Ат-Тирмизи: 2726; Ахмад: 20855).

829
Риядус-салихин, № 829

عَنْ أَبِى عَبْد اللَّهِ سَلْمَان الْفارسي قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَغْتَسِلُ رَجُلٌ يَوْمَ الْجُمُعَةِ، وَيَتَطهَّرُ مَا اسْتَطَاعَ مِنْ طُهْرٍ، وَيَدَّهِنُ مِنْ دُهْنِهِ، أَوْ يَمَسُّ مِنْ طِيب بَيْتِهِ، ثُمَّ يَخْرُجُ فَلَا يُفَرِّقُ بَيْنَ اثْنَينِ، ثُمَّ يُصَلِّى مَا كُتِبَ لَهُ، ثُمَّ يُنْصِتُ إِذَا تَكَلَّمَ الْإِمَامُ، إِلَّا غُفِرَ لَهُ مَا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْجُمُعَةِ الْأُخْرَى»

Қазақша аудармасы

Салман (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Егер қайсыбір адам жұма күні ғұсыл құйынып, қолынан келгенше тазалығын жасап, шашын майлап әрі жақсылап таранып немесе үйінде бар болса, хош иісті әтірден сеуіп, мешітке келгенде, қатар отырған екі адамның арасын ашпастан, Алланың оған нәсіп еткен намазын оқып, сондай-ақ имам құтба оқығанда, үндемей отырып ұйып тыңдаса, оның сол жұма мен келесі жұма аралығында жасайтын (кіші) күнәлары міндетті түрде кешіріледі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 883, Ахмад: 2371).

Орысша аудармасы

Салман (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если человек в пятницу совершит полное омовение, очистится настолько тщательно, насколько сможет, смажет волосы маслом и хорошо расчешет их либо воспользуется имеющимися дома благовониями, затем придёт в мечеть, не станет раздвигать двух сидящих рядом людей, совершит столько молитв, сколько Аллах даст ему возможность, а во время проповеди имама будет молча и внимательно слушать, то ему непременно простятся малые грехи, совершённые между этой и следующей пятницей» (Аль-Бухари: 883; Ахмад: 2371).

830
Риядус-салихин, № 830Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

عَنْ عَمْرُو بْنِ شُعَيْب، عَنْ أبيهِ، عَنْ جَدِّهِ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ لِرَجُلٍ أَنْ يُفَرِّقَ بَيْنَ اثْنَيْنِ إِلَّا بإِذْنِهِمَا»

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қатар отырған екі адамның ортасына тек солардың рұқсатымен ғана (отыруға) болады», – деп айтқан (Әбу Дәуіт: 4845, Тирмизи: 2753).

Орысша аудармасы

Амр ибн Шуайб передал со слов своего отца, что его дед (да будет доволен им Аллах) сообщил: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Сесть между двумя сидящими рядом людьми можно только с их разрешения”» (Абу Дауд: 4845; Ат-Тирмизи: 2753).

831
Риядус-салихин, № 831Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حذيفة بْنِ الْيمان أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَعَنَ مَنْ جَلَسَ وَسَطَ الْحَلْقَةِ.

وروى الترمذي عَنْ أَبِى مِجْلَزٍ: أَنَّ رَجُلًا قَعَدَ وَسَطَ حَلْقَةٍ، فَقَالَ حُذَيْفَةُ: مَلْعُونٌ عَلَى لِسَانِ مُحَمَّدٍ ﷺ – أَوْ لَعَنَ اللَّهُ عَلَى لِسَانِ مُحَمَّدٍ ﷺ – مَنْ جَلَسَ وَسَطَ الْحَلْقَةِ

Қазақша аудармасы

Хузайфа ибн әл-Иәман (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ алқа-қотан жиынның қақ ортасына отырғанға лағынет айтқан1 (Әбу Дәуіт: 4826).

Имам Тирмизи Әбу Мижләзден жеткізген бір деректе, бір кісі алқа-қотан жиынның қақ ортасына отырып алғанда, Хузайфа: «(Бұлай отырған адам) Мұхаммедтің ﷺ тілімен лағынетке ұшырайды» немесе «Алла Мұхаммедтің ﷺ тілімен алқа-қотан жиынның қақ ортасына отырғанға нәлет айтқан», – деген екен (Тирмизи: 2753).

Орысша аудармасы

Хузайфа ибн аль-Яман (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ проклял того, кто садится в самом центре круга собравшихся1 (Абу Дауд: 4826).

В сообщении, переданном имамом Ат-Тирмизи со слов Абу Миджляза, говорится, что, когда один человек уселся в самом центре круга собравшихся, Хузайфа сказал: «(Тот, кто сидит таким образом) проклят устами Мухаммада ﷺ», – или: «Аллах устами Мухаммада ﷺ проклял того, кто садится в самом центре круга собравшихся» (Ат-Тирмизи: 2753).

  1. 1Бұл хадисте алқа-қотан боп отырған адамдардың үстінен аттап барып, алқаның қақ ортасына жайғасқан адам міңзелген.
  1. 1В этом хадисе подразумевается тот, кто перешагивает через сидящих в кругу людей и усаживается в самом центре круга.
832
Риядус-салихин, № 832Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخدرِيِّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «خَيْرُ الْمَجَالِسِ أوْسَعُهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Отырыстардың ең қайырлысы – кең болғаны», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 4820).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Лучшие места для собраний – самые просторные”» (Абу Дауд: 4820).

833
Риядус-салихин, № 833Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ جَلَسَ فِى مَجْلِسٍ، فَكَثُرَ فِيهِ لَغَطُهُ فَقَالَ قَبْلَ أَنْ يَقُومَ مِنْ مَجْلِسِهِ ذَلِكَ: سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، أشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِلَيْكَ، إِلَّا غُفِرَ لَهُ مَا كَانَ فِى مَجْلِسِهِ ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім даурықпасы көп пайдасыз әңгіме айтылған отырыста болса, кетерінде: «Уа, Алла Тағалам! Сен кемшілік атаулыдан пәксің. Саған сансыз мадақ айтып, шексіз алғыс білдіремін. Сенен басқа тәңір жоқ екеніне куәмін. Сенен күнәларым үшін кешірім сұрап, тәубе етемін», – деп дұға етсе, уақытын текке кетіріп, мәнсіз, мағынасыз отырыстан тапқан күнәсі кешіріледі», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 3423, Ахмад: 10415).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если человек, участвуя в собрании, много шумел и вёл пустые, бесполезные разговоры, а перед уходом скажет: “О Аллах! Ты превыше всякого недостатка. Тебе воздаю бесчисленную хвалу и выражаю безмерную благодарность. Свидетельствую, что нет божества, кроме Тебя. Прошу Тебя простить мои грехи и приношу Тебе покаяние”, – ему будет прощён грех, навлечённый на себя пустой тратой времени на этом бессмысленном собрании» (Ат-Тирмизи: 3423; Ахмад: 10415).

834
Риядус-салихин, № 834Риуаят етуші: Әбу Барза

عَنْ أَبِى بَرْزَة قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ بأَخَرَةٍ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَقُومَ مِنَ الْمَجْلِسِ: «سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وبِحَمْدِكَ، أشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِليكَ» فَقَالَ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ لَتَقُولُ قَوْلًا مَا كُنْتَ تَقُولُهُ فِيمَا مَضَى؟ قَالَ: «ذَلِكَ كَفَّارَةٌ لِمَا يَكُونُ فِى الْمَجْلِسِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәрза (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ жиын соңында тұруды қаласа, былай деп айтатын: «Уа, Алла! Мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың, бар мақтау бір Өзіңе арналады! Өзіңнен басқа тәңір жоқ екендігіне куә боламын және Өзіңнен кешірім тілеп, тәубе етемін!» (Субханәкә аллаһуммә уә бихамдикә, әшһәду әллә иләһә иллә әнтә, әстәғфирукә уә әтубу иләйкә). Сонда бір кісі: «Уа, Расулалла! Бұрын айтпаған сөзді айттыңыз ғой?!» – дегенде, Ол: «Бұл – отырыста кететін кемшіліктің өтемі», – деп айтты» (Әбу Дәуіт: 4859, Ахмад: 19769).

Орысша аудармасы

Абу Барза (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ собирался встать по завершении собрания, он произносил: “О Аллах! Ты безупречен и свободен от всякого недостатка, и вся хвала принадлежит лишь Тебе! Свидетельствую, что нет божества, кроме Тебя, прошу у Тебя прощения и каюсь пред Тобой! (Субханака Аллахумма ва бихамдика, ашхаду алля иляха илля анта, астагфирука ва атубу иляйка)”. Тогда один человек спросил: “О Посланник Аллаха! Вы произнесли слова, которых прежде не произносили?!” Он ответил: “Это – искупление за упущения, допущенные во время собрания”» (Абу Дауд: 4859; Ахмад: 19769).

835
Риядус-салихин, № 835Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَلَّمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُومُ مِنْ مَجْلِسٍ حَتَّى يَدْعُوَ بِهَؤلَاءِ الدَّعَواتِ: «اللَّهُمَّ اقْسِمْ لَنَا مِنْ خَشْيَتِكَ مَا تَحُولُ بِهِ بَيْنَنَا وَبَيْنَ مَعَاصِيكَ، وَمِنْ طَاعَتِكَ مَا تُبَلِّغُنَا بِهِ جَنَّتَكَ، وَمِنَ الْيَقِينِ مَا تُهَوِّنُ عَلَيْنَا مَصَائِبَ الدُّنْيَا، اللَّهُمَّ مَتِّعْنَا بأسْمَاعِنا، وَأَبْصَارِنَا، وقُوَّتِنَا مَا أحْيَيْتَنَا، وَاجْعَلْهُ الْوارثَ مِنَّا، وَاجْعَلْ ثَأرَنَا عَلَى مَنْ ظَلَمَنَا، وَانْصُرْنَا عَلَى مَنْ عَادَانَا، وَلَا تَجْعَلْ مُصيبَتَنَا فِى دِينِنَا، وَلَا تَجْعَلِ الدُّنْيَا أَكْبَرَ هَمِّنَا، وَلَا مَبْلَغَ عِلْمِنَا، وَلَا تُسَلِّطْ عَلَيْنَا مَنْ لَا يَرْحَمُنَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ адамдардың басын қосқан отырыстың соңында мына дұғаларды оқып, бата қылмастан, орнынан тұрмайтын-ды. Ол орнынан тұрарда: «Уа, Алла Тағалам! Бізге Өзіңе бойсұнбай кетуден сақтайтын қорқыныш сезімін нәсіп ет! Бізді жұмағыңа жетелейтін бір Өзіңе ғана бойсұнушылықты нәсіп ет! Бізге фәни дүниенің ауыртпалықтарын болмашы етіп көрсететін шынайы иман нәсіп ет! Уа, Алла Тағалам! Бізге өміріміздің соңына дейін есту және көру қабілетіміздің һәм бойымыздағы күш-қуатымыздың қызығын көруді нәсіп ет! Ажалымыз жеткенше (он екі мүшемізге) денсаулық, күш-қуат бере көр! Бізге озбырлық жасағандардан біз үшін өш алып, дұшпандарымызға қарсы күресте бізді жеңіске жеткізе көр! Бізді дінімізге немқұрайлы қарау арқылы, ауыр күнәға батудан және соның салдарынан қасірет шегуден сақтай көр! Мына жалған дүниені біздің ең үлкен қамымыз және іліміміздің жеткен шегі ете көрме! Сондай-ақ, бізге жаны ашымайтындарды басшы ете көрме!» – деп дұға жасайтын», – деп айтты (Тирмизи: 3502).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ редко вставал с места по завершении собрания, не обратившись к Аллаху с такими мольбами: “О Аллах! Даруй нам такой страх перед Тобой, который удержит нас от неповиновения Тебе! Даруй нам покорность Тебе одному, которая приведёт нас в Твой рай! Даруй нам твёрдую убеждённость, благодаря которой тяготы бренного мира будут казаться нам незначительными!

О Аллах! Позволь нам до конца жизни пользоваться нашим слухом, зрением и дарованной нам силой! До самой смерти даруй всем членам нашего тела здоровье и силу! Отомсти за нас тем, кто поступил с нами несправедливо, и даруй нам победу в борьбе с нашими врагами! Убереги нас от того, чтобы из-за небрежного отношения к своей религии мы впали в тяжкий грех и вследствие этого подверглись бедствию! Не делай этот бренный мир нашей величайшей заботой и пределом наших познаний! И не отдавай нас под власть тех, кто не проявит к нам сострадания!”» (Ат-Тирмизи: 3502).

836
Риядус-салихин, № 836Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ قَوْمٍ يَقُومُونَ مِنْ مَجْلِسٍ لَا يَذْكُرُونَ اللَّهَ تَعَالَى فِيهِ، إِلَّا قَامُوا عَنْ مِثْل جِيفَةِ حِمَارٍ، وَكَانَ لَهُمْ حَسْرَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір қауым отырыстан Алланы еске алмаған күйде тұратын болса, бейне бір есек өлексесінен (яғни өлексеге жиналған жиыннан) тұрғандай болады, сөйтіп сол отырыс олар үшін өкініш болады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4855, Ахмад: 9052).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если люди покинут собрание, не помянув Аллаха, то уподобятся тем, кто встал от ослиной падали (то есть покинул собрание, устроенное вокруг падали), и это собрание станет для них причиной сожаления”» (Абу Дауд: 4855; Ахмад: 9052).

837
Риядус-салихин, № 837Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَا جَلَسَ قَوْمٌ مَجْلِسًا لَمْ يَذْكُرُوا اللَّهَ تَعَالَى فِيهِ، وَلَمْ يُصَلُّوا عَلَى نَبِيِّهِمْ فِيهِ، إِلَّا كَانَ عَلَيْهِمْ تِرَةٌ؛ فَإِنْ شَاءَ عَذَّبَهُمْ، وَإِنْ شَاءَ غَفَرَ لَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбір қауым бас қосып отырғанда Алланы еске алмай және пайғамбарларына салауат айтып, игілік тілемей отыратын болса, сол отырыстары олар үшін қасірет һәм өкініш болады. Хақ Тағала қаласа, оларды жазаға тартып азаптайды, қаласа кешіреді», – деп айтқан (Тирмизи: 3380, Ахмад: 10277).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Если люди соберутся вместе, но не помянут Аллаха и не попросят Аллаха благословить их Пророка и даровать ему мир, то это собрание станет для них бедствием и причиной сожаления. Если Всевышний пожелает, Он подвергнет их наказанию, а если пожелает – простит» (Ат-Тирмизи: 3380; Ахмад: 10277).

838
Риядус-салихин, № 838Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَعَدَ مَقْعَدًا لَمْ يَذْكُر اللَّهَ تَعَالَى فِيهِ كَانَتْ عَلَيْهِ مِنَ اللَّهِ تِرَةٌ، وَمَنْ اضْطَجَعَ مَضْجَعًَا لَا يَذْكُرُ اللَّه تَعَالَى فِيهِ كَانَتْ عَلَيْهِ مِنَ اللَّهِ تِرَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім отырған отырысында Алланы мүлде еске алмаса, сол отырыс ол үшін Алланың алдында үлкен кемшілік, яки өкініш болады. Сондай-ақ кімде-кім жатарында Алланы еске алмаса, сол жатыс ол үшін Алланың алдында үлкен кемшілік яки өкініш болады», – деген (Әбу Дәуіт).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если человек, находясь на собрании, ни разу не помянет Аллаха, то это собрание станет для него перед Аллахом тяжким упущением или причиной сожаления. И если человек ляжет спать, не помянув Аллаха, то и это станет для него перед Аллахом тяжким упущением или причиной сожаления» (Абу Дауд).