Хадис

Алтын мен күмістен жасалған ыдыстардан ішіп-жеу, дәрет алу және басқа да істерде қолдану жайында

О еде и питье из золотых и серебряных сосудов, а также об их использовании для омовения и других целей

Риядус-салихин, 116-тақырып · 5 хадис · № 775–779

Хадистер

775
Риядус-салихин, № 775Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: حَضَرَتِ الصَّلَاةُ فقامَ مَن كَانَ قَرِيبَ الدَّارِ إِلَى أَهْلِهِ، وبَقِيَ قَوْمٌ، فأُتِيَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِمَخْضَبٍ مِنْ حِجَارَةٍ، فَصَغُرَ الْمخْضَبُ أَنْ يَبْسُطَ فِيهِ كَفَّهُ، فَتَوَضَّأَ الْقَوْمُ كُلُّهُمْ. قَالُوا: كَمْ كُنْتُمْ؟ قَالَ: ثَمَانِينَ وزيادة. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة لَهُ ولمسلم: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَعَا بإِناءٍ مِنْ ماءٍ، فَأُتِيَ بقَدَحٍ رَحْرَاحٍ فِيهِ شَيْءٌ مِنْ ماءٍ، فَوَضَعَ أصابعَهُ فِيهِ. قَالَ أنسٌ: فَجَعلْتُ أنْظُرُ إِلَى الْماءِ يَنْبُعُ مِنْ بَيْن أَصَابِعِهِ، فَحَزَرْتُ مَنْ تَوضَّأ مَا بَيْنَ السَّبْعِينَ إِلَى الثَّمَانِينَ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде намаз уақыты кіргенде мешітке жақын тұратындар (дәрет алуға) үйлеріне кетті де, бір қауым адам мешітте қалдық. Содан Алла елшісіне ﷺ тастан жасалған ыдыспен су әкелінді, алайда ол ішіне алақан жазуға да келмейтін кішкентай еді. Дегенмен (сол алақандай ыдыстағы сумен) сондағылардың барлығы дәрет алды», – деген. Одан: «Сонда неше адам болған едіңіздер?» – деп сұрағанда, ол: «Сексеннен астам», – деп айтты (Бұхари: 195, Муслим: 12794).

Осы хадистің имам Муслим жеткізген тағы бір нұсқасында: «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ дәрет алатын су сұрады, сонда оған ішінде азғантай ғана су болған бір таяз ыдыс әкелінді де, ол мүбәрак саусақтарын соған батырды. Әнәс (р.а.): Сонда саусақтарының арасынан судың қайнап шыға бастағанын көрдім. Сол кезде (сол сумен) дәрет алғандардың саны шамамен жетпіс пен сексеннің арасында болды», – делінген. (Бұхари: 200, Муслим: 5941, Ахмад: 13595).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, когда наступило время молитвы, жившие неподалёку от мечети отправились домой, чтобы совершить омовение, а несколько человек из нас остались в мечети. Затем Посланнику Аллаха ﷺ принесли воду в каменном сосуде. Он был настолько мал, что в него невозможно было даже опустить раскрытую ладонь. Тем не менее все присутствовавшие совершили омовение водой из этого небольшого сосуда». Когда Анаса спросили: «Сколько вас тогда было?» – он ответил: «Более восьмидесяти человек» (Аль-Бухари: 195; Муслим: 12794).

В другой версии этого хадиса, переданной имамом Муслимом, говорится: «Однажды Пророк ﷺ попросил принести воду для омовения. Ему принесли неглубокий сосуд, в котором было совсем немного воды, и он погрузил в неё свои благословенные пальцы». Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я увидел, как между его пальцами начала бить ключом вода. В тот раз этой водой совершили омовение примерно семьдесят–восемьдесят человек» (Аль-Бухари: 200; Муслим: 5941; Ахмад: 13595).

776
Риядус-салихин, № 776Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زيد قَالَ: أتَانَا النَّبِيُّ ﷺ فَأَخْرَجْنَا لَهُ مَاءً فِى تَوْرٍ مِنْ صُفْر فَتَوَضَّأَ

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд (р.а.): «Бірде бізге Пайғамбарымыз ﷺ келген еді. Сонда біз оған мыс ыдыспен су алып шықтық, ол (сол сумен) дәрет алды», – деген (Бұхари: 197).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Зайд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к нам пришёл Пророк ﷺ. Мы принесли ему воду в медном сосуде, и он совершил омовение (этой водой)» (Аль-Бухари: 197).

777
Риядус-салихин, № 777Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَخَلَ عَلَى رَجُلٍ مِن الْأَنْصَارِ، وَمَعَهُ صَاحِبٌ لَهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنْ كَانَ عِنْدَكَ مَاءٌ باتَ هَذِهِ اللَّيْلَةَ فِى شَنَّةٍ وَإِلَّا كَرَعْنَا»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ бір сахабасымен бірге бір ансарлықтың үйіне кіріп: «Түні бойы торсықта тұрған суың болса (бер), болмаса суаттан ішейік», – деген екен (Бұхари: 5613, Ахмад: 14708).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Джабиром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ вместе с одним из своих сподвижников зашёл в дом к одному из ансаров и сказал: «Если у тебя есть вода, простоявшая всю ночь в бурдюке, (дай её нам), а если нет, то напьёмся из водоёма» (Аль-Бухари: 5613; Ахмад: 14708).

778
Риядус-салихин, № 778Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حذيفة قَالَ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَانَا عَن الْحَرِير، وَالِدِّيباجِ، والشُّربِ فِى آنِيَة الذَّهَب والْفِضَّةِ، وَقَالَ: «هي لَهُمْ فِى الدُّنْيَا، وهِيَ لَكُمْ فِى الْآخِرَةِ»

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ бізге жібек немесе дүриядан тігілген киімдерді киюге және алтын немесе күміс ыдыспен сусын ішуге тыйым салып: «Бұларды бұл дүниеде кәпірлер қолданады, ал о дүниеде сендердің игіліктеріңе өтеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5632, Муслим: 5280, Ахмад: 23269).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ запретил нам носить одежду из шёлка и парчи, а также пить из золотых и серебряных сосудов, сказав: “В этом мире всем этим пользуются неверующие, а в мире вечном это будет даровано вам”» (Аль-Бухари: 5632; Муслим: 5280; Ахмад: 23269).

779
Риядус-салихин, № 779Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سلمة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الَّذِى يَشْرَبُ فِى آنِيَةِ الْفِضَّةِ، إِنَّمَا يُجَرْجِرُ فِى بَطْنِهِ نَارَ جَهَنَّمَ»

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «مَنْ شَرِبَ فِى إِناءٍ مِنْ ذَهَبٍ أَوْ فِضَّةٍ، فَإِنَّمَا يُجَرْجِرُ فِى بَطْنِهِ نَارًَا مِنْ جَهَنَّم»

Қазақша аудармасы

Сәләма анамыздан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Күміс ыдыспен сусын ішкен адамның қарнында тозақ оты шытырлап жанып жатады», – деп айтты.

Басқа бір риуаятта: «Алтын немесе күміс ыдыспен ішіп-жеген адамның қарнында тозақ оты шытырлап жанып жатады» – делінген (Бұхари: 5634, Муслим: 5385, Ахмад: 26568).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов матери правоверных Умм Саламы (да будет доволен ею Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В животе того, кто пьёт из серебряного сосуда, будет с треском полыхать адский огонь».

В другой версии говорится: «В животе того, кто ест или пьёт из золотого либо серебряного сосуда, будет с треском полыхать адский огонь» (Аль-Бухари: 5634; Муслим: 5385; Ахмад: 26568).

ОБ ЭТИКЕТЕ НОШЕНИЯ ОДЕЖДЫ