Хадис

Тамақты шетінен жеу керектігі жайлы

О том, что следует есть с края блюда

Риядус-салихин, 107-тақырып · 2 хадис · № 745–746

Хадистер

فِيهِ: قَوْله ﷺ: «وَكُلْ مِمَّا يَلِيكَ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ كَمَا سبق

Бұған қатысты Алла елшісінің ﷺ: «Балақай...өз алдыңнан же!» – деген сөзі бар. (Бұхари: 5376, Муслим: 5269).

К этой теме относятся слова Посланника Аллаха ﷺ: «О мальчик!.. Ешь то, что находится перед тобой!» (Аль-Бухари: 5376; Муслим: 5269).

745
Риядус-салихин, № 745Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «الْبَرَكَةُ تَنْزِلُ وَسَطَ الطعَامِ؛ فَكُلُوا مِنْ حَافَتَيْهِ، وَلَا تَأكُلُوا مِنْ وَسَطِهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Береке тамақтың ортасына түседі, сондықтан оны шетінен бастап жеңдер. Бірден ортасынан жемеңдер», – деген (Әбу Дәуіт: 3772, Тирмизи: 1806, Ахмад: 2439).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Аббаса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Благодать нисходит на середину блюда. Поэтому начинайте есть с его краёв и не берите пищу сразу из середины» (Абу Дауд: 3772; Ат-Тирмизи: 1806; Ахмад: 2439).

746
Риядус-салихин, № 746Риуаят етуші: Абдулла ибн Буср

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ بُسْرٍ قَالَ: كَانَ لِلنَّبِيِّ ﷺ قَصْعَةٌ يُقَالُ لَهَا: الْغَرَّاءُ يَحْمِلُهَا أَرْبَعَةُ رجالٍ؛ فَلَمَّا أضْحَوْا وَسَجَدُوا الضُّحَى أُتِيَ بِتِلْكَ الْقَصْعَةِ؛ يعنِى وَقَدْ ثُردَ فِيهَا، فَالتَفُّوا عَلَيْهَا، فَلَمَّا كَثُرُوا جَثَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. فَقَالَ أعرابيٌّ: مَا هَذِهِ الْجِلْسَةُ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ جَعَلَنِى عَبْدًا كَرِيمًا، وَلَمْ يَجْعَلْنِى جَبَّارًا عَنِيدًا»، ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُلُوا مِنْ حَوَالَيْهَا، وَدَعُوا ذِرْوَتَها يُبَارَكْ فِيهَا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Буср (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ Ғарра атты төрт жағынан төрт адам ұстап, көтеретін үлкен тегенесі бар еді. Бірде күн найза бойы көтеріліп, дұха намазын оқыған соң, әлгі тегенемен ішіне нан мен ет бұқтырылған шалма көже әкелінді. Адамдар біртіндеп тегененің айналасына жинала бастады. Ас ішуге жиылған жұрттың қарасы көбейіп кеткен соң, Алла елшісі тізерлей отырды. Мұны көрген бір бәдәуи: «Мына отырысыңыз не?» – деді. Сонда Алла елшісі оған: «Шынында, Алла Тағала мені қасарыспа озбыр емес, қолы ашық қарапайым құл етіп жаратты», – деп жауап берді. Содан кейін сахабаларына: «Шетінен жеңдер. Ортасынан бастамаңдар, сонда астарың берекелі болады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуд: 3773).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Буср (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «У Пророка ﷺ было большое блюдо под названием “аль-Гарра”, которое с четырёх сторон несли четверо мужчин. Однажды, когда солнце поднялось над горизонтом на высоту копья и был совершён намаз духа, на этом блюде принесли похлёбку из хлеба и мяса. Люди стали постепенно собираться вокруг блюда. Когда их стало много, Посланник Аллаха ﷺ опустился на колени. Увидев это, один бедуин спросил: “Что это за манера сидеть?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Поистине, Аллах Всевышний создал меня не надменным тираном, а щедрым и смиренным рабом”.

Затем он сказал своим сподвижникам: “Ешьте с краёв и не начинайте с середины – тогда ваша пища будет благословенной”» (Абу Дауд: 3773).