Хадис

Сәһу сәждесі

Муатта, 5-кітап · 3 хадис · № 1–3

1-бапНамазда жаңылған кезде жасалатын амал

1
Муатта, 5-кітап, № 1
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан Алла елшісінің былай дегені риуаят етілді: «Сендердің бірің намазға тұрған кезде шайтан қасына келіп, оны шатастырады. Сөйтіп, ол қанша рәкағат оқығанын білмей қалады. Араларыңнан кімде-кім осындай жағдайға тап болса, отырған жерінде сәһу сәждесін жасасын1».

  1. 1Бұхари, «Сәһу», 22/7; Муслим, «Мешіттер», 5/82. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 136.
2
Муатта, 5-кітап, № 2
Қазақша аудармасы

Имам Мәликке Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегені риуаят етілді: «Дінде белгілі бір үкімді бекітуім үшін мен кейде ұмытамын немесе маған ұмыттырылады1».

  1. 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Бұл хадистің ардақты Елшіден муснад түрінде де, мақтуғ түрінде де риуаят етілгенін білмеймін. Ол тек осы жолмен жеткен. Бұл – “Муаттадан” өзге кітаптарда муснад та, мурсал да түрде кездеспейтін, тек “Муаттада” ғана бар хадис. Мағынасы усул қағидаларына сай дұрыс».
3
Муатта, 5-кітап, № 3
Қазақша аудармасы

Имам Мәлик былай риуаят етеді: «Бір адам Қасым ибн Мұхаммедке: “Намазда жаңыламын. Бұл жағдай менде жиі болады”, – дегенде, Қасым: “Күмәнға берілме. Намазда нық бол. Уәсуәсаны таста. Әйтпесе намазды аяқтағанға дейін күмәндана бересің, намазым кем болып қалды деп ойлайсың”, – деді».