عَنِ ابْنِ شِهَابٍ، أَنَّ أَبَا سَلَمَةَ بْنَ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ حَدَّثَهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا عَدْوَى». وَيُحَدِّثُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يُورِدُ مُمْرِضٌ عَلَى مُصِحٍّ». قَالَ أَبُو سَلَمَةَ: كَانَ أَبُو هُرَيْرَةَ يُحَدِّثُهُمَا كِلْتَيْهِمَا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ صَمَتَ أَبُو هُرَيْرَةَ بَعْدَ ذَلِكَ عَنْ قَوْلِهِ: «لَا عَدْوَى» وَأَقَامَ عَلَى أَنْ «لَا يُورِدُ مُمْرِضٌ عَلَى مُصِحٍّ». قَالَ: فَقَالَ الْحَارِثُ بْنُ أَبِي ذُبَابٍ (وَهُوَ ابْنُ عَمِّ أَبِي هُرَيْرَةَ): «قَدْ كُنْتُ أَسْمَعُكَ، يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، تُحَدِّثُنَا مَعَ هَذَا الْحَدِيثِ حَدِيثًا آخَرَ، قَدْ سَكَتَّ عَنْهُ، كُنْتَ تَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا عَدْوَى”». فَأَبَى أَبُو هُرَيْرَةَ أَنْ يَعْرِفَ ذَلِكَ، وَقَالَ: «لَا يُورِدُ مُمْرِضٌ عَلَى مُصِحٍّ». فَمَارَاهُ الْحَارِثُ فِي ذَلِكَ حَتَّى غَضِبَ أَبُو هُرَيْرَةَ فَرَطَنَ بِالْحَبَشِيَّةِ، فَقَالَ لِلْحَارِثِ: «أَتَدْرِي مَاذَا قُلْتُ؟» قَالَ: «لَا». قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «إِنِّي قُلْتُ: “أَبَيْتُ”». قَالَ أَبُو سَلَمَةَ: «وَلَعَمْرِي لَقَدْ كَانَ أَبُو هُرَيْرَةَ يُحَدِّثُنَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “لَا عَدْوَى”. فَلَا أَدْرِي أَنَسِيَ أَبُو هُرَيْرَةَ أَوْ نَسَخَ أَحَدُ الْقَوْلَيْنِ الْآخَرَ؟»
Қазақша аудармасы
Ибн Шиһабтың айтуынша, оған Әбу Сәләмә ибн Абдуррахман ибн Ауф Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ауру өздігінен жұқпайды», – дегенін жеткізген. Сондай-ақ ол Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ауру малы бар адам оны сау малы бар адамның малына қоспасын», – дегенін де жеткізді. Әбу Сәләмә былай деді: «Әбу Һурайра осы екі хадистің екеуін де Алла Елшісінен (с.а.с.) жеткізіп жүретін. Кейінірек Әбу Һурайра: “Ауру өздігінен жұқпайды”, – деген хадисті айтпай қойды да: “Ауру малы бар адам оны сау малы бар адамның малына қоспасын”, – деген хадисті баяндауын жалғастырды. Сонда Әбу Һурайраның немере бауыры Харис ибн Әбу Зубаб: “Уа, Әбу Һурайра! Осы хадиспен бірге бізге тағы бір хадис айтушы едің. Енді оны айтпай қойдың. Сен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Ауру өздігінен жұқпайды’, – дегенін жеткізуші едің”, – деді. Бірақ Әбу Һурайра бұл хадисті айтқанын растаудан бас тартып: “Ауру малы бар адам оны сау малы бар адамның малына қоспасын”, – деді. Харис бұл жөнінде онымен дауласа бергенде, Әбу Һурайра ашуланып, хабаш тілінде бір сөз айтты. Содан кейін Хариске: “Не айтқанымды білесің бе?” – деді. Ол: “Жоқ”, – деді. Әбу Һурайра: “Мен: ‘Бас тарттым’, – дедім”, – деді». Әбу Сәләмә: «Өміріммен ант етемін, Әбу Һурайра бізге Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ауру өздігінен жұқпайды”, – дегенін баяндаушы еді. Әбу Һурайра мұны ұмытып қалды ма, әлде екі сөздің бірі екіншісінің үкімін жойды ма – білмеймін», – деді (2221/104).