Хадис

Ас пен судың берекеленіп көбеюі

Кутуб ситтә, 12-том, 890-тарау · 7 хадис · № 5591–5597

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ БӨЛІМІ

Хадистер

5591
Кутуб ситтә, № 5591 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَحَانَتْ صَلَاةُ الْعَصْرِ، فَالْتَمَسَ النَّاسُ الْوُضُوءَ فَلَمْ يَجِدُوهُ. فَأُتِيَ ﷺ بِوُضُوءٍ، فَوَضَعَ يَدَهُ فِيهِ، وَأَمَرَ النَّاسَ أَنْ يَتَوَضَّئُوا مِنْهُ. قَالَ: فَرَأَيْتُ الْمَاءَ يَنْبَعُ مِنْ تَحْتِ أَصَابِعِهِ فَتَوَضَّأَ الْنَّاسُ عَنْ آخِرِهِمْ. أَخْرَجَهُ السِّتَةُ إِلَّا أَبَا دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әнәс (р.а.) былай баяндаған: «Екінті намазының уақыты кіргенде, Расулалланы (с.а.с.) көрдім. Жұрт дәретке су іздеп, таба алмады. Расулаллаға дәрет алатын су әкелінді. Ол қолын суға салып, жұртқа сол сумен дәрет алуды бұйырды. Судың саусақтарының астынан атқылап шыққанын көрдім. Сол жердегілердің бәрі түгел дәрет алды».1

  1. 1Бұхари, Уду, 32 (169), Манақиб, 25; Мүслим, Фадаил, 5 (2279); «Муатта», Таһарат, 32 (1/32); Нәсәи, Таһарат, 61 (1/60); Тирмизи, Манақиб, 12 (3631).
5592
Кутуб ситтә, № 5592 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: عَطِشَ النَّاسُ يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةَ، فَأَتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ؛ وَبَيْنَ يَدَيْهِ رَكْوَةٌ، فَتَوَضَّأَ، فَجَهَشَ النَّاسُ نَحْوَهُ. فَقَالَ: مَا لَكُمْ؟ قَالُوا: لَيْسَ عِنْدَنَا مَا نَتَوَضَّأَ بِهِ وَلَا نَشْرَبُ إِلَّا مَا بَيْنَ يَدَيْكَ، فَوَضَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدَهُ فِي الرَّكْوَةِ، فَجَعَلَ الْمَاءُ يَفُورُ مِنْ بَيْنَ أَصَابِعِهِ كَأَمْثَالِ الْعُيُونِ وَشَرِبْنَا. قِيلَ لِجَابِرٍ: كَمْ كُنْتُمْ يَوْمَئِذٍ؟ قَالَ: لَوْ كُنَّا مِائَةَ أَلْفٍ لَكَفَانَا؛ كُنَّا خَمْسَ عَشَرَةَ مِائَةً. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Жәбир (р.а.) былай баяндаған: «Хұдайбия күні жұрт шөлдеп, Расулаллаға (с.а.с.) келді. Алдындағы торсықтан дәрет алып отырған еді. Жұрт оған қарай ұмтылғанда, ол “Не болды?” деп сұрады. Олар “Алдыңыздағы судан басқа дәрет алатын да, ішетін де суымыз жоқ”, – деді. Расулалла қолын торсыққа салғанда, саусақтарының арасынан су бұлақтай атқылады. Бәріміз су іштік».

Жәбирден «Сол күні қанша адам едіңдер?» деп сұралды. Ол «Жүз мың адам болсақ та, су бәрімізге жетер еді. Біз мың бес жүз едік», – деп жауап берді.1

  1. 1Бұхари, Манақиб, 25 (3576), Мағази, 35, Тәпсір, «Фатх», 5, Әшриба, 31; Мүслим, Имара, 67 (1856).
5593
Кутуб ситтә, № 5593 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Бәра

وَعَنْ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: تَعُدُّونَ أَنْتُمُ الْفَتْحَ فَتْحَ مَكَّةَ، وَقَدْ كَانَ فَتْحًا، وَنَحْنُ نَعُدُّ الْفَتْحَ بَيْعَةَ الرِّضْوَانِ يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ، كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَرْبَعَ عَشَرَةَ مِائَةً، وَالْحُدَيْبِيَةُ بِئْرٌ. فَنَزَحْنَاهَا فَلَمْ نَتْرُكْ فِيهَا قَطْرَةً، فَبَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيَّ ﷺ، فَأَتَاهَا، فَجَلَسَ عَلَى شَفِيرِهَا ثُمَّ دَعَا بِإِنَاءٍ مِنْ مَاءٍ، فَتَوَضَّأَ وَتَمَضْمَضَ وَدَعَا. ثُمَّ صَبَّهُ فِيهَا فَتَرَكْنَاهَا غَيْرَ بَعِيدٍ. ثُمَّ إِنَّهَا أَصْدَرَتْنَا مَا شِئْنَا نَحْنُ وَرِكَابُنَا. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Бәра (р.а.) былай деген: «Сендер Меккенің алынуын жеңіс санайсыңдар. Ол да жеңіс еді. Ал біз Хұдайбия күнгі Ридуан антын жеңіс деп білеміз. Сол күні Алла елшісінің қасында мың төрт жүз адам едік. Хұдайбияда құдық бар еді. Суын бір тамшы қалдырмай сарқып алдық. Мұны естіген Пайғамбарымыз құдық басына келіп, жиегіне отырды да, бір ыдыс су алдырды. Сол сумен дәрет алды, аузын шайып, дұға етті. Содан соң суды құдыққа құйды. [“Құдыққа біраз уақыт тимеңдер”, – деді.] Оны біразға дейін жайына қалдырдық. Содан соң құдықтан өзімізге де, көліктерімізге де қалағанымызша су алдық».1

  1. 1Бұхари, Мағази, 35 (4150).
5594
Кутуб ситтә, № 5594 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنْ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا نَعُدُّ الْآيَاتِ بَرَكَةً، وَأَنْتُمْ تَعُدُّونَهَا تَخْوِيفًا، كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي سَفَرٍ فَقَلَّ الْمَاءُ، فَقَالَ: اطْلُبُوا فَضْلَةً مِنْ مَاءٍ فَجَاءُوا بِإِنَاءٍ فِيهِ مَاءٌ قَلِيلٌ، فَأَدْخَلَ النَّبِيُّ ﷺ يَدَهُ فِيهِ ثُمَّ قَالَ: حَيَّ عَلَى الطَّهُورِ الْمُبَارَكِ، وَالْبَرَكَةُ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى. فَلَقَدْ رَأَيْتُ الْمَاءَ يَنْبَعُ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِهِ. وَلَقَدْ كُنَّا نَسْمَعُ تَسْبِيحَ الطَّعَامِ وَهُوَ يُؤْكَلُ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай баяндаған: «Біз мұғжизаларды береке санайтынбыз, ал сендер оларды үрей тудыратын белгі санайсыңдар. Бір сапарда Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге едік. Су азайғанда, ол “Қалған судан аз да болса тауып әкеліңдер!” деді. Түбінде аз ғана суы бар ыдыс әкелінді. Ол қолын ыдысқа салып, “Келіңдер, таза әрі берекелі суға келіңдер! Береке Алладан”, – деді. Судың саусақтарының арасынан атқылап шыққанын көрдім. Алламен ант етемін, біз жеп отырған астың Алланы пәктеп, дәріптегенін де еститінбіз».1

  1. 1Бұхари, Манақиб, 25 (3579); Тирмизи, Манақиб, 14 (3633); Нәсәи, Таһарат, 61 (1/60).
5595
Кутуб ситтә, № 5595 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي مَسِيرٍ فَنَفِدَتْ أَزْوَادُ الْقَوْمِ، حَتَّى هَمُّوا بِنَحْرِ بَعْضِ حَمَائِلِهِمْ. فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ! لَوْ جَمَعْتُ مَا بَقِيَ مِنْ أَزْوَادِ الْقَوْمِ. فَدَعَوْتَ اللَّهَ عَلَيْهَا فَفَعَلَ فَجَاءَهُ ذُو الْبُرِّ بِبُرِّهِ، وَذُو التَّمْرِ بِتَمْرِهِ، وَذُو النَّوَاةِ بِنَوَاتِهِ. قِيلَ: مَا كَانُوا يَصْنَعُونَ بِالنَّوَى؟ قَالَ: كَانُوا يَمُصُّونَهُ وَيَشْرَبُونَ عَلَيْهِ الْمَاءَ. فَدَعَا عَلَيْهَا حَتَّى مَلَأَ الْقَوْمُ مَزَاوِدَهُمْ. ثُمَّ قَالَ عِنْدَ ذَلِكَ: أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنِّي رَسُولُ اللَّهِ، لَا يَلْقَى اللَّهُ بِهِمَا عَبْدٌ غَيْرُ شَاكٌّ فِيهِمَا إِلَّا دَخَلَ الْجَنَّةَ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) былай баяндаған: «Расулалламен (с.а.с.) бірге сапарда едік. Жұрттың азығы таусылып, кейбір көліктерін соймақ болды. Әзірет Омар “Уа, Расулалла! Жұрттың қалған азығын жиып берсем, соған берекет тілеп дұға етсеңіз!” деді. Расулалла келісті. Бидайы бар бидайын, құрмасы бар құрмасын, құрма дәнегі бар дәнегін әкелді».

Одан «Құрма дәнегін не істейтін еді?» деп сұрағанда, «Дәнекті сорып, артынан су ішетін», – деді. Расулалла азыққа береке тілеп дұға етті. Жұрттың бәрі дорбаларын азыққа толтырды. Сонда Расулалла «Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және өзімнің Алла елшісі екеніме куәлік етемін. Осы екеуіне күмән келтірмей Аллаға қауышқан құл жәннатқа кіреді» деді.1

  1. 1Мүслим, Иман, 44 (27).
5596
Кутуб ситтә, № 5596 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا فِي حَفْرِ الْخَنْدَقِ فَرَأَيْتُ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ خَمْصًا شَدِيدًا، فَانْكَفَأْتُ إِلَى امْرَأَتِي، فَقُلْتُ: هَلْ عِنْدَكِ شَيْءٌ؟ فَإِنِّي رَأَيْتُ بِالنَّبِيِّ ﷺ خَمْصًا شَدِيدًا؟ فَأَخْرَجَتْ جِرَابًا فِيهِ صَاعٌ مِنْ شَعِيرٍ وَلَنَا بُهَيْمَةٌ دَاجِنٌ فَذَبَحْتُهَا وَطَحَنَتِ الشَّعِيرَ فَفَرَغَتْ إِلَى فَرَاغِي وَقَطَّعْتُهَا فِي بُرْمَتِهَا ثُمَّ وَلَيْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. فَقَالَتِ امْرَأَتِي: لَا تَفْضِحْنِي بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَجِئْتُهُ وَمَنْ مَعَهُ، فَسَارَرْتُهُ؛ فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَبَحْنَا بُهَيْمَةَ لَنَا وَطَحَنَّا صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ كَانَ عِنْدَنَا. فَتَعَالَ أَنْتَ وَنَفَرٌ مَعَكَ، فَصَاحَ بِأَعْلَى صَوْتِهِ: يَا أَهْلَ الْخَنْدَقِ إِنَّ جَابِرًا قَدْ صَنَعَ سُؤْرًا فَحَيَّهَلَا بِكُمْ. ثُمَّ قَالَ: لَا تُنْزِلُنَّ بُرْمَتَكُمْ وَلَا تَخْبِزُنَّ عَجِينَكُمْ حَتَّى أَجِيئَ، فَجِئْتُ وَجَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقْدُمُ النَّاسَ حَتَّى جِئْتُ امْرَأَتِي، فَقَالَتْ: بِكَ وَبِكَ. فَقُلْتُ: قَدْ فَعَلْتُ الَّذِي قُلْتِ لِي. فَأَخْرَجَتْ لَهُ الْعَجِينَ فَبَصَقَ فِيهِ وَبَارَكَ ثُمَّ عَمَدَ إِلَى الْبُرْمَةِ فَبَصَقَ فِيهَا وَبَارَكَ. ثُمَّ قَالَ: ادْعِي خَابِزَةً فَلْتَخْبِزْ مَعَكَ، وَاقْدَحِي مِنْ بُرْمَتِكِ، وَلَا تُنْزِلِيهَا وَهُمْ أَلْفٌ. فَأُقْسِمُ بِاللَّهِ لَأَكَلُوا حَتَّى تَرَكُوا وَانْحَرَفُوا، وَإِنَّ بُرْمَتَنَا لَتَغِطُّ كَمَا هِيَ، وَإِنَّ عَجِينَنَا لَيُخْبَزُ كَمَا هُوَ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Жәбир (р.а.) былай баяндаған: «Ор қазып жатқанбыз. Алла елшісінің қатты ашыққанын көріп, әйеліме келдім де, “Үйде тіске басар бар ма? Пайғамбарымыз қатты ашығыпты”, – дедім. Ол бір сағ арпа салынған дорбаны алып шықты. Үйде қолда өсірген бір қозымыз бар еді. Мен оны бауыздадым, әйелім арпаны тартты. Екеуіміз ісімізді бір мезгілде бітірдік. Етті турап, қазанға салдым да, Расулаллаға қарай жүрдім. Әйелім “Расулалланың (с.а.с.) алдында мені ұятқа қалдырып жүрме!” деді. Алла елшісінің қасына келіп, сыбырлап “Уа, Расулалла! Бір қозымызды сойып, үйдегі бір сағ арпаны тарттық. Жаныңызға бірнеше кісі алып, бізге келіңіз”, – дедім. Ол даусын көтеріп, “Уа, ор қазған жұрт! Жәбир азын-аулақ ас дайындапты. Бәрің жүріңдер!” деді. Содан соң маған “Мен келгенше, қазанды ошақтан түсірмеңдер, қамырды да пісірмеңдер!” деді. Үйге келдім. Расулалла (с.а.с.) жұртты бастап, алдымен жетті. Әйелім “Мынауың не істегенің?” деп ренжіді. Мен “Айтқаныңды бұлжытпай орындадым”, – дедім. Әйелім қамырды алып шықты. Пайғамбарымыз оған түкірігінен аздап қосып, берекет тіледі. Сосын қазанға да солай істеді. Әйеліме “Нан пісіретін бір әйелді шақыр, екеуің бірге пісіріңдер. Қазаннан шөміштеп ал, бірақ оны ошақтан түсірме!” деді. Келгендер мың адам еді. Алламен ант етемін, бәрі тойғанша жеп, астан арттырып кетті. Қазанымыз бұрынғыша қайнап, қамырымыз бұрынғыша пісіп жатты».1

  1. 1Бұхари, Мағази, 29 (4101–4102), Жиһад, 188; Мүслим, Әшриба, 141 (2039).
5597
Кутуб ситтә, № 5597 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا بِتَمَرَاتٍ. فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، ادْعُ فِيهِنَّ بِالْبَرَكَةِ، فَضَمَّهُنَّ، ثُمَّ دَعَا لِي فِيهِنَّ بِالْبَرَكَةِ ثُمَّ قَالَ: خُذْهُنَّ فَاجْعَلْهُنَّ فِي مِزْوَدِكَ هَذَا، وَكُلَّمَا أَرَدْتَ أَنْ تَأْخُذَ مِنْهُ شَيْئًا أَدْخِلْ يَدَكَ فِيهِ وَخُذْهُ وَلَا تَنْثُرْهُ نَثْرًا. فَفَعَلْتُ، فَلَقَدْ حَمَلْتُ مِنْهُ كَذَا وَكَذَا وَسْقًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَكُنَّا نَأْكُلُ مِنْهُ وَنُطْعِمُ، وَكَانَ لَا يُفَارِقُ حِقْوِي حَتَّى كَانَ يَوْمَ قُتِلَ عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ انْقَطَعَ؛ زَادَ رَزِينٌ: فَسَقَطَ فَحَزِنْتُ عَلَيْهِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) былай баяндаған: «Бір күні Расулаллаға (с.а.с.) бірнеше құрма апарып, “Уа, Расулалла, бұларға берекет тілеп дұға етіңізші!” – дедім. Ол құрмаларды біріктіріп, маған солардың берекетін тіледі. Содан соң “Құрмаларды алып, мына азық дорбаңа сал. Қалаған кезіңде қолыңды сұғып ал, дорбаны ақтарып төкпе!” деді. Айтқанын орындадым. Дорбадағы құрманың пәлен уасғын Алла жолында бердім. Өзіміз де жедік, өзгелерге де бердік. Дорба белімнен ажырамады. Әзірет Осман өлтірілген күні ғана ол үзілді». Рәзиннің қосымшасында «Дорба түсіп кетті, соған қайғырдым»1 делінеді.

Түсіндірме

Жоғарыдағы хадистерде Расулалланың (с.а.с.) шарапатымен ас пен судың берекеленгені баяндалады. Осы тақырыпта бұлардан өзге де көп риуаят бар. Әрқайсысы жеке алғанда мутауатир дәрежесіне жетпесе де, бәрі қосылып сол дәрежеге жетеді. Осылайша Алла елшісінің шарапатымен ас пен судың берекеленгені мағынасы жағынан мутауатир саналады. Мұны «мағынауи мутауатир» дейді.

  1. 1Тирмизи, Манақиб (3839).