Хадис

Қусама

Кутуб ситтә, 11-том, 827-тарау · 1 хадис · № 5195

КӘСБ БӨЛІМІ

Хадистер

5195
Кутуб ситтә, № 5195 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِيَّاكُمْ وَالْقُسَامَةَ. قُلْنَا: وَمَا الْقُسَامَةُ؟ قَالَ: الرَّجُلُ يَكُونُ عَلَى الْفِئَامِ مِنَ النَّاسِ، فَيَأْخُذُ مِنْ حَظِّ هَذَا وَمِنْ حَظِّ هَذَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الْقُسَامَةُ» بِضَمِّ الْقَافِ: مَا يَأْخُذُهُ الْقَسَّامُ جَرْيًا عَلَى عَادَةِ السَّمَاسِرَةِ دُونَ الرُّجُوعِ إِلَى أُجْرَةِ الْمِثْلِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қусамадан сақтаныңдар”, – деді. Біз: “Қусама деген не?” – деп сұрадық. Ол: “Бір топтың басында тұрған адамның бірінің де, екіншісінің де үлесінен өзіне алуы”, – деді»1.

Түсіндірме

Хадис олжа үлестіруге тағайындалған адамның қызметін пайдаланып, өзгелердің үлесінен өзіне алып қалуына тыйым салады. Қызметі үшін белгіленген ақы бөлек. «Қусама» деп сол ақыны азсынып, біреудің үлесінен заңсыз алғанын айтады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2783–2784. Мәтінде қатар тұрған екі риуаяттың сөздері біріктіріп берілген.