Хадис

Пайғамбар және өлең

Кутуб ситтә, 3-том, 77-тарау · 1 хадис · № 728

Хадистер

Аяттарда өлеңге оның мазмұны мен мақсатына қарай баға берілген. Алла елшісі де (с.а.с.) исламды жақтаған ақындарды қолдап, қарсы айтылған өлеңдерге мұсылман ақындардың өлеңмен жауап беруіне жол ашқан. Солардың ең атақтылары – жоғарыда аталған үш ақын. Қажет кезінде ол: «Құрайышқа өлеңмен жауап беріңдер. Бұл оларға садақ оғынан да ауыр тиеді», – дейтін. Хассан ибн Сәбит (р.а.) Пайғамбардың ең белгілі ақыны еді. Оның Құрайышқа қарсы өлеңдері өткір әрі әсерлі болған.

أَجِبْ عَنِّي، اللَّهُمَّ أَيِّدْهُ بِرُوحِ الْقُدُسِ.

Алла елшісі (с.а.с.) Хассанға: «Менің атымнан жауап бер! Уа, Алла, оны Рухул-қудуспен демей гөр!» – деді.

Риуаяттарда Хассанды былай қолдағаны да жазылған: «Сен Алла мен Оның Елшісі үшін сөйлеген сайын, Рухул-қудус сені демеп жатыр». Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне келіп: «Сізге мәлім, Құранда ақындарды айыптаған аяттар келді», – деп қайғырған ақын Кәғб ибн Мәликке былай деген:

إِنَّ الْمُؤْمِنَ يُجَاهِدُ بِسَيْفِهِ وَلِسَانِهِ، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَكَأَنَّ مَا تَرْمُونَهُمْ بِهِ نَضْحُ النَّبْلِ.

Алла елшісі (с.а.с.) Кәғб ибн Мәликке: «Мүмін қылышымен де, тілімен де күреседі. Жанымды құдірет қолында ұстаған Аллаға ант етемін, өлеңмен берген жауаптарың оларға садақ оғындай тиеді», – деді.1

Осы сөзбен ол Кәғбты ақиқат жолында өлең айтуды жалғастыруға үндеген.

Алла елшісі (с.а.с.) Тәмим руының айтысу туралы ұсынысын қабылдап, екі жақтың ақындары мен шешендерін сөз сайысына түсірген.

Өлең жайлы хадистер:

• Кейбір сөздің әсері сиқырдай.

• Өлең де сөзге жатады. Жақсы өлең жақсы сөздей сүйкімді, жаман өлең жаман сөздей жағымсыз.

• Кейбір өлеңде даналық бар.

• Ақындар айтқан ең тура сөз – Ләбидтің أَلَا كُلُّ شَيْءٍ مَا خَلَا اللَّهُ بَاطِلٌ деген сөзі: «Біліп қойыңдар, Алладан басқаның бәрі жалған».

«Нәміл» сүресі

728
Кутуб ситтә, № 728 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تَخْرُجُ الدَّابَّةُ وَمَعَهَا عَصَى مُوسَى وَخَاتَمُ سُلَيْمَانَ فَتَجْلُو وَجْهَ الْمُؤْمِنِ بِالْعَصَى وَتَخْطِمُ أَنْفَ الْكَافِرِ بِالْخَاتَمِ حَتَّى أَنَّ أَهْلَ الْخِوَانِ لَيَجْتَمِعُونَ فَيَقُولُ هَذَا يَا مُؤْمِنُ، وَيَقُولُ هَذَا يَا كَافِرُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Даббат әл-ард Мұсаның асасы мен Сүлейманның жүзігін алып шығады. Асамен мүміннің жүзін жарқыратып, жүзікпен кәпірдің мұрнына таңба салады. Тіпті бір дастархан басына жиналғандардың бірі екіншісіне “Уа, мүмін!” десе, оған “Уа, кәпір!” деп жауап береді».1

Түсіндірме

Тирмизи бұл хадисті даббат әл-ард туралы وَاِذا وَقَعَ الْقَوْلُ عَلَيْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَابَّةً ﴿وَإِذَا وَقَعَ ٱلْقَوْلُ عَلَيْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَآبَّةً مِّنَ ٱلْأَرْضِ تُكَلِّمُهُمْ أَنَّ ٱلنَّاسَ كَانُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا لَا يُوقِنُونَ﴾ «Оларға берілген сөз орнауға шақ қалғанда, оларға жерден бір мақұлық шығарамыз. Сөйтіп, әлгі мақұлық оларға тіл қатып, адамдардың аяттарымызға лайықты түрде иланбайтындықтарын айтады»2 деген аятты түсіндіру үшін келтірген. Хадистерде бұл мақұлық қияметтің белгілерінің бірі ретінде аталады. Аятта жазылған إِذَا وَقَعَ عَلَيْهِمُ القَوْلُ «Берілген сөз іске асуға шақ қалғанда» сөздеріне қатысты «оларға берілген азап іске асатын кезде», «Алла оларға ашуланған кезде», «оларға дәлел, белгі керек болған кезде» деген секілді түрлі жорамалдар жасалған. Қай жорамал болмасын, олардың әмр бил-мағруф нәһи анил-мункәрді, яғни жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюды тәрк етудің салдарынан туындағаны айтылған.

Кейбір тәпсіршілер аяттағы «қаул» сөзін қияметтің белгіленген уақыты деп түсіндірген. Бұл түсінік бойынша айтылған сөздің іске асуы – қияметтің таяп, белгілерінің көріне бастауы.

Даббат әл-ардтың сипаты жөнінде түрлі пікір айтылған. «Дабба» сөзі «жер бетінде жүретін жаратылыс» дегенді білдіреді және жануарларға жалпы қолданылады.

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Нәміл» (№3186 және №3187).
  2. 2«Нәміл» сүресі, 82-аят.