Хадис

«Мүминун» сүресі

Кутуб ситтә, 2-том, 73-тарау · 2 хадис · № 714–715

СҮРЕЛЕРДІҢ ТҮСУ СЕБЕПТЕРІ

Хадистер

714
Кутуб ситтә, № 714 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا قَالَتْ: سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ هَذِهِ الْآيَةِ: ﴿وَالَّذِينَ يُؤْتُونَ مَا آتَوْا وَقُلُوبُهُمْ وَجِلَةٌ﴾، قُلْتُ: «أَهُمُ الَّذِينَ يَشْرَبُونَ الْخَمْرَ وَيَسْرِقُونَ؟» قَالَ: «لَا، يَا بِنْتَ الصِّدِّيقِ، وَلَكِنَّهُمُ الَّذِينَ يَصُومُونَ وَيُصَلُّونَ وَيَتَصَدَّقُونَ، وَهُمْ يَخَافُونَ أَنْ لَا يُقْبَلَ مِنْهُمْ. ﴿أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَهُمْ لَهَا سَابِقُونَ﴾». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Уа, Алланың елшісі! ‘Әрі Алла жолында зекет-садақа бергенде және басқа да игі істер істегенде, өздерінің Раббыларына қайтар жолда екенін шын сезініп, жүректері дүрсіл қағатындар’ деген аятта айтылғандар шарап ішіп, ұрлық жасайтындар ма?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ, Сыддықтың қызы! Олар – ораза ұстап, намаз оқып, садақа беретін әрі осы амалдары қабыл болмай қала ма деп қорқатын жандар. ‘Міне, осынау ізгі жандар жақсылық жасауға асығады һәм игі істерде өзгелерден оқ бойы озық болады.’1”, – деп жауап берді»2.

  1. 1«Мүмінун» сүресі, 60 және 61-аяттар (үзінділер).
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Мүмінун» (3175, кей басылымда 3174).
715
Кутуб ситтә, № 715 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَهُمْ فِيهَا كَالِحُونَ﴾، قَالَ: «تَشْوِيهِ النَّارُ، فَتَقَلَّصُ شَفَتُهُ الْعُلْيَا حَتَّى تَبْلُغَ وَسَطَ رَأْسِهِ، وَتَسْتَرْخِي شَفَتُهُ السُّفْلَى حَتَّى تَضْرِبَ سُرَّتَهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) «Онда жүздерін тозақ оты шалып күйдіргенде, бет-терілері мен еріндері құрысып, тістері ақсиып қалады»1 деген аятты былай түсіндірді: «Оны от күйдіргенде, үстіңгі ерні басының ортасына дейін жиырылып, астыңғы ерні кіндігіне дейін салбырап түседі»2.

  1. 1«Мүмінун» сүресі, 104-аят.
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Мүмінун» (3176, кей басылымда 3175). Тирмизи хадисті хасан, сахих әрі ғариб деп бағалаған.