Хадис

Алла елшісінің мирасы

Кутуб ситтә, 10-том, 725-тарау · 3 хадис · № 4748–4750

Хадистер

4748
Кутуб ситтә, № 4748 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: سَأَلَتْ فَاطِمَةُ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنْ يَقْسِمَ لَهَا مِيرَاثَهَا مِمَّا تَرَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: لَا نُورَثُ مَا تَرَكْنَا صَدَقَةٌ. فَغَضِبَتْ فَهَجَرَتْهُ. فَلَمْ تَزَلْ كَذَلِكَ حَتَّى تُوُفِّيَتْ، وَعَاشَتْ بَعْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ سِتَّةَ أَشْهُرٍ إِلَّا لَيَالِيَ. ثُمَّ فَعَلَ ذَلِكَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. فَأَمَّا صَدَقَتُهُ بِالْمَدِينَةِ فَدَفَعَهَا عُمَرُ إِلَى عَلِيٍّ وَعَبَّاسٍ، وَأَمْسَكَ خَيْبَرَ وَفَدَكَ، وَقَالَ: هُمَا صَدَقَةُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَانَتَا لِحُقُوقِهِ الَّتِي تَعْرُوهُ وَنَوَائِبِهِ، وَأَمْرُهُمَا إِلَى مَنْ وَلِيَ الْأَمْرَ بَعْدَهُ. قَالَ: وَهُمَا عَلَى ذَلِكَ إِلَى الْيَوْمِ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِي، وَلَفْظُ الْبُخَارِي مُخْتَصَرٌ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) айтады: «Фатима (р.а.) Әбу Бәкірден (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) артында қалған мүліктен мирас үлесін бөліп беруін сұрады. Әбу Бәкір: “Алла елшісі (с.а.с.): ‘Бізден мирас қалмайды. Артымызда қалған дүние – садақа’, – деген”, – деп жауап берді. Фатима бұған ренжіп, одан бойын аулақ салды. Осы күйі дүние салғанша онымен сөйлеспеді. Алла елшісінен (с.а.с.) кейін алты айға бірнеше түн жетпейтін уақыт өмір сүрді.

Кейін Омар да (р.а.) солай істеді. Ол Алла елшісінің (с.а.с.) Мәдинадағы садақасын Әли мен Аббасқа тапсырды. Хайбар мен Фәдәктегі мүлікті өз қарауында ұстап: “Бұл екеуі – Алла елшісінің (с.а.с.) садақасы. Ол екеуін мойнына түскен міндеттер мен күтпеген мұқтаждықтарға жұмсаған. Бұларды басқару өзінен кейін билікке келген адамға тиесілі”, – деді». Рауи: «Екеуі бүгінге дейін сол күйінде», – дейді.1

  1. 1Мүслим, Жиһад 52 (1759); Әбу Дәуіт, Хараж 18, (2968, 2969); Нәсәи, Касмул-Фәй 1, (7, 132); Бұхари, Фараиз 4, -Бұхаридан қысқартылып алынған.
4749
Кутуб ситтә, № 4749 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَتْ فَاطِمَةُ إِلَى أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فَقَالَتْ: مَنْ يَرِثُكَ. فَقَالَ: أَهْلِي وَوَلَدِي. قَالَتْ: فَمَالِي لَا أَرِثُ أَبِي؟ فَقَالَ سَمِعْتُهُ يَقُولُ: لَا نُورَثُ، وَلكِنْ أَعُولُ مَنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَعُولُهُ، وَأُنْفِقُ عَلَى مَنْ كَانَ يُنْفِقُ عَلَيْهِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Фатима (р.а.) Әбу Бәкірге (р.а.) келіп: “Саған кім мұрагер болады?” – деп сұрады. Ол: “Отбасым мен балаларым”, – деді. Фатима: “Ендеше, мен неге әкеме мұрагер бола алмаймын?” – деп сұрады. Әбу Бәкір: “Мен оның ‘Бізден мирас қалмайды’ дегенін естідім. Алла елшісі (с.а.с.) кімді асыраса, мен де соны асыраймын, кімге қаражат жұмсаса, мен де соған жұмсаймын”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Сияр 44 (1608).
4750
Кутуб ситтә, № 4750 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: أَرَادَ نِسَاءُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حِينَ تُوُفِّيَ أَنْ يَبْعَثْنَ عُثْمَانَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَسْأَلْنَهُ مِيرَاثَهُنَّ. فَقَالَتْ عَائِشَةُ: أَلَيْسَ قَدْ قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا نُورَثُ مَا تَرَكْنَا صَدَقَةٌ. أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) қайтыс болғанда, жұбайлары мирас үлестерін сұрату үшін Османды Әбу Бәкірге (р.а.) жібермек болды. Сонда мен: “Алла елшісі (с.а.с.): ‘Бізден мирас қалмайды. Артымызда қалған дүние – садақа’, – демеп пе еді?” – дедім».1

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) пайғамбарлардың ешкімге мұрагер болмайтынын әрі артында қалған дүниенің садақа болатынын айтқан.

2. Ғалымдар мұның хикметін былай түсіндіреді: «Пайғамбардың мал-мүлкі ұрпағына мирас болса, оған қастық жасап, өміріне қауіп төндіретін мұрагер шығуы мүмкін еді. Сондай-ақ жұрт пайғамбарлар үмбеті үшін жинаған дүниені өз ұрпағына жиып жүр деп ойлап қалуы мүмкін. Бұл олардың соңынан ерушілерді азайтып, ақиқаттың өзгелерге жетуіне кедергі болар еді». Құранда: ﴿وَوَرِثَ سُلَيْمَٰنُ دَاوُۥدَ﴾ «Сөйтіп, Сүлеймен әкесі Дәуітке мұрагер болды», – делінген. Ғалымдар бұл аятта мал-мүлік емес, патшалық пен пайғамбарлық меңзелгенін айтады.

Алла елшісінің (с.а.с.) мүлкінің садақа ретінде таратылуы оның үмбетіне әкедей болғанын көрсетеді. Сондықтан мүлкі бүкіл үмбетке садақа ретінде таратылды. Кей ғалымдар мұрагер қалдырмау Алла елшісінің (с.а.с.) өзіне ғана тән ерекшелік деген.

  1. 1Бұхари, Фараиз 3; Мүслим, Жиһад 51 (1758); Муатта, Келам 27, (2, 993); Әбу Дәуіт, Хараж 19, (2976, 2977).