Хадис

Әнәс ибн Мәлик (р.а.)

Кутуб ситтә, 10-том, 655-тарау · 2 хадис · № 4466–4467

Хадистер

4466
Кутуб ситтә, № 4466 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، خَادِمُكَ أَنَسٌ، ادْعُ اللَّهَ تَعَالَى لَهُ. فَقَالَ: اللَّهُمَّ أَكْثِرْ مَالَهُ وَوَلَدَهُ، وَبَارِكْ لَهُ فِيمَا أَعْطَيْتَهُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Үммі Сүләйм (р.а.): “Уа, Алланың Елшісі, қызметшіңіз Әнәс үшін Аллаға дұға етіңізші”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла, оның малы мен ұрпағын көбейт. Өзің нәсіп еткен нығметке береке бер”, – деп дұға жасады»1.

  1. 1Бұхари, «Дұғалар», 19, 26 және 47-тараулар, «Ораза», 61-тарау. Мүслим, «Мешіттер», №660, «Сахабалардың артықшылықтары», №2480 және №2481. Тирмизи, «Манақиб», №3827 және №3829.
4467
Кутуб ситтә, № 4467 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ أَبِي خَلْدَةٍ خَالِدِ بْنِ دِينَارٍ قَالَ: «قُلْتُ لِأَبِي الْعَالِيَةِ: أَسَمِعَ أَنَسٌ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؟ قَالَ: خَدَمَهُ عَشْرَ سِنِينَ، وَدَعَا لَهُ، وَكَانَ لَهُ بُسْتَانٌ يَحْمِلُ فِي السَّنَةِ الْفَاكِهَةِ مَرَّتَيْنِ، وَكَانَ فِيهِ رَيْحَانٌ يَجِيئُ مِنْهُ رِيحُ الْمِسْكِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Халда Халид ибн Динар былай дейді: «Әбул-Алиядан: “Әнәс Алла Елшісінен (с.а.с.) хадис естіді ме?” – деп сұрадым. Ол: “Әнәс оған он жыл қызмет етті, Алла Елшісі оған дұға жасады. Әнәстің жылына екі рет жеміс беретін бағы бар еді. Бағында мисктей жұпар аңқыған райхан өсетін”, – деп жауап берді»1.

Түсіндірме

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) – Үммі Сүләймнің ұлы. Ол оқып-жаза білген, Алла Елшісінің (с.а.с.) қасында он жыл қызмет еткен. Хадистерді жазып алып, кейін көп риуаят жеткізген сахабалардың қатарына қосылды.

  1. 1Тирмизи, «Манақиб», №3833.