Хадис

Абдулла ибн Омар (р.а.)

Кутуб ситтә, 10-том, 645-тарау · 1 хадис · № 4453

Хадистер

4453
Кутуб ситтә, № 4453 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «رَأَيْتُ كَأَنَّ بِيَدِي قِطْعَةً مِنْ إِسْتَبْرَقٍ وَلَيْسَ مَكَانٌ أُرِيدُهُ مِنَ الْجَنَّةِ إِلَّا طَارَتْ بِي إِلَيْهِ. قَالَ: فَقَصَصْتُهَا عَلَى حَفْصَةَ، فَقَصَّتْهَا عَلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ لَهَا: إِنَّ أَخَاكِ رَجُلٌ صَالِحٌ لَوْ كَانَ يَقُومُ مِنَ اللَّيْلِ. قَالَ: فَمَا تَرَكْتُ قِيَامَ اللَّيْلِ بَعْدَ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Түсімде қолымда қалың жібек матаның бір қиығы бар екен. Жәннаттың қай тұсына барғым келсе де, сол мата мені ұшырып апаратын. Түсімді Хафсаға айтып бердім. Ол оны Алла Елшісіне (с.а.с.) баяндапты. Сонда Пайғамбарымыз Хафсаға: “Бауырың Абдулла – ізгі адам. Шіркін, түнде намазға да тұрса ғой!” – депті. Сол күннен бері түнгі намазды тастаған емеспін»1.

Түсіндірме

Абдулла ибн Омар (р.а.) жайында бірінші томда кеңірек баяндалды.

  1. 1Бұхари, «Сахабалардың артықшылықтары», 19-тарау, «Мешіттер», 58-тарау, «Тәһәжжуд», 2 және 21-тараулар, «Түс жору», 25, 35 және 36-тараулар. Мүслим, «Сахабалардың артықшылықтары», №2478. Тирмизи, «Манақиб», №3825.