Хадис

Әбу Мұса мен Муаздың Йеменге жіберілуі

Кутуб ситтә, 9-том, 601-тарау · 1 хадис · № 4300

Хадистер

4300
Кутуб ситтә, № 4300 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَمُعَاذًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِلَى الْيَمَنِ. فَقَالَ: ادْعُوَا النَّاسَ، وَبَشِّرَا وَلَا تُنَفِّرَا، وَيَسِّرَا وَلَا تُعَسِّرَا، وَتَطَاوَعَا وَلَا تَخْتَلِفَا. فَقَدِمْنَا الْيَمَنَ، فَكَانَ لِكُلِّ وَاحِدٍ مِنَّا قُبَّةٌ يَنْزِلُهَا عَلَى حِدَةٍ، وَكَانَ يَتَزَاوَرَانِ. فَأَتَى مُعَاذٌ أَبَا مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فَإِذَا هُوَ جَالِسٌ فِي فِنَاءِ قُبَّتِهِ وَإِذَا يَهُودِيٌّ قَائِمٌ عِنْدَهُ يُرِيدُ قَتْلَهُ. فَقَالَ: يَا أَبَا مُوسَى! مَا هَذَا؟ فَقَالَ: كَانَ يَهُودِيًّا فَأَسْلَمَ، ثُمَّ رَجَعَ إِلَى يَهُودِيَّتِهِ. فَقَالَ: مَا أَنَا بِجَالِسٍ حَتَّى تَقْتُلَهُ، فَقَتَلَهُ ثُمَّ جَلَسَا يَتَحَدَّثَانِ فَقَالَ مُعَاذٌ: يَا أَبَا مُوسَى كَيْفَ تَقْرَأُ الْقُرْآنَ؟ قَالَ: أَتَفَوَّقُهُ تَفَوُّقًا عَلَى فِرَاشِي، وَفِي صَلَاتِي، وَعَلَى رَاحِلَتِي ثُمَّ قَالَ أَبُو مُوسَى لِمُعَاذٍ: كَيْفَ تَقْرَأُ أَنْتَ؟ فَقَالَ: سَأُنَبِّئُكَ بِذَلِكَ، أَمَّا أَنَا فَأَنَامُ ثُمَّ أَقُومُ فَأَقْرَأُ، فَأَحْتَسِبُ نَوْمَتِي كَمَا أَحْتَسِبُ قَوْمَتِي». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ. قَوْلُهُ: «أَتَفَوَّقُهُ تَفَوُّقًا» أَيْ أَقْرَؤُهُ شَيْئًا بَعْدَ شَىْءٍ وَوَقْتًا بَعْدَ وَقْتٍ، مِنْ فَوَاقِ النَّاقَةِ وَهُوَ أَنْ تُحْلَبَ ثُمَّ تُتْرَكَ سَاعَةً حَتَّى تَدَرَّ ثُمَّ تُحْلَبَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) Муаз екеуімізді Йеменге жіберіп: “Адамдарды дінге шақырыңдар. Сүйіншілеңдер, безіндірмеңдер. Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар. Ынтымақтасып, келіспеушілікке бармаңдар”, – деді.

Йеменге келдік. Екеуіміздің бөлек шатырларымыз болып, бір-бірімізге барып тұратынбыз. Бірде Муаз Әбу Мұсаға келгенде, ол шатырының алдында отыр екен. Қасында шынжырмен байланған бір яһуди тұрды. Оған өлім жазасы кесілмек еді. Муаз: “Уа, Әбу Мұса, мынау кім?” – деп сұрады. Әбу Мұса: “Бұл – яһуди еді. Исламды қабылдап, кейін бұрынғы дініне қайтты”, – деді. Муаз: “Оны өлтірмейінше отырмаймын”, – деді. Ол өлтірілді. Содан кейін екеуі отырып сөйлесті. Муаз: “Уа, Әбу Мұса, Құранды қалай оқисың?” – деп сұрады. Әбу Мұса: “Төсегімде де, намазымда да, мініс үстінде де, реті келсе, біртіндеп оқимын”, – деді де: “Ал өзің қалай оқисың?” – деп сұрады. Муаз: “Айтайын. Ал мен ұйықтаймын да, тұрып оқимын да. Тұрып оқығанымнан сауап күткендей, тыныққанымнан да сауап күтемін”, – деді».1

Түсіндірме

1. Кітабымыздың бірінші томында Алла елшісінің әзірет Муазды һижреттің тоғызыншы жылы Йеменге ұстаз әрі бақылаушы етіп жібергенін айтып, түсініктеме бергенбіз. Бұл риуаят әзірет Муаздың сол жақта кезіккен оқиғасын және Құран оқу дағдысын баяндайды.

2. Хадистің тағы бір маңызы – һижреттің тоғызыншы жылы орталықтан шалғай Йеменде мемлекеттік билікке тән жаза қолданылғанын көрсетуі. Бұдан ол өңірдің орталыққа бағынып, мемлекеттің құрылымы мен билігі орныққанын көреміз.

3. Әзірет Муаздың айтпағы мынау: «Түннің бір бөлігінде Құран оқып, шаршаған соң ұйықтаймын. Тынығудағы мақсатым – бой жазып, күш жинағаннан кейін қайта оқу. Сондықтан Құран оқыған уақытым үшін сауап күткендей, тыныққан уақытым үшін де Алладан сауап үміт етемін».

4. Ибн Хажар осы хадиске сүйеніп, Сыффин оқиғасындағы төрелігі үшін Әбу Мұса әл-Ашғариге тіл тигізген кейбір харижиттер мен рафизилерге жауап береді. Соның бір бөлігін келтірейік.

Ибн Хажар былай дейді: «Әбу Мұса (р.а.) Йеменге Тәбүк шайқасынан кейін жіберілген. Өйткені Тәбүк жорығында ол Алла елшісімен бірге болған. Бұл хадис Әбу Мұсаның білімі мен парасатын көрсетеді. Әйтпесе Алла елшісі (с.а.с.) оны басшы етіп тағайындамас еді». Алла елшісінен кейін әзірет Омар, Осман және Әлидің де оған сенім артып, жауапкершілік жүктегенін айтқан Ибн Хажар сөзін жалғайды: «Харижиттер мен рафизилер Әбу Мұсаға (р.а.) тіл тигізіп, оның артықшылығын мойындамайды. Оған Сыффинде төрелік еткендегі ісін себеп етеді. Ибн әл-Араби және өзгелер: “Әбу Мұсаны жазғырып, кінәлауға негіз жоқ. Сыффинде екі жақтың қатты дауласып жатқанын көргенде, ол ‘Бәдірге не сондай шайқасқа қатысқан, көзі тірі беделді сахабалардың бір тобы ақылдасып, мәселені шешсін’ деген. Алайда оқиға басқаша өрбіді”, – дейді».

  1. 1Бұхари, «Жорықтар», № 4342, 4344, «Жалдау», 8, «Тәубеге шақыру», 2, «Үкімдер», 7, 12. Мүслим, «Жиһад және жорықтар», № 1733, «Сусындар», 71. Әбу Дәуіт, «Худуд», № 4354–4357. Нәсәи, «Тазалық», 4 (1-том, 10-бет).