Хадис

Дуадақ

Кутуб ситтә, 9-том, 524-тарау · 1 хадис · № 3911

Хадистер

3911
Кутуб ситтә, № 3911 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Сәфина

عَنْ سَفِينَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَكَلْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَحْمَ حُبَارَى». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الْحُبَارَى»: هُوَ الْحُبْرُجُ.

Қазақша аудармасы

Сәфина (р.а.) айтады: «Мен Алла елшісімен (с.а.с.) бірге дуадақтың етін жедім».1

Түсіндірме

Дуадақ – мойны ұзын, денесі ірілеу, реңі бозғылт жыл құсы. Ұшқыр келеді. Еті тауық пен қаз етіне ұқсайды. Жанан бұл хадисті дуадақ етінің адалдығына дәлел етеді және мәселе бойынша ғалымдар арасында талас жоқ екенін айтады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Атғима 29 (3797); Тирмизи, Атғима 26 (1829).