Хадис

№ 407–408 хадистер

Кутуб ситтә, 2-том, 50-тарау · 2 хадис · № 407–408

САУДА-САТТЫҚ (БӘЙҒ) БӨЛІМІ

Хадистер

407
Кутуб ситтә, № 407 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: مَنْ بَاعَ وَفِي رِوَايَةٍ: مَنْ ابْتَاعَ نَخْلًا قَدْ أُبِّرَتْ فَثَمَرُهَا لِلْبَائِعِ إِلَّا أَنْ يَشْتَرِطَ الْمُبْتَاعُ، وَمَنِ ابْتَاعَ عَبْدًا فَمَالُهُ لِلَّذِي بَاعَهُ إِلَّا أَنْ يَشْتَرِطَ الْمُبْتَاعُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.анһума) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін естідім: “Кім тозаңдандырылған құрма ағашын сатса, сатып алушы өзгеше шарт қоймаған жағдайда оның жемісі сатушыға тиесілі. Кім құл сатып алса, сатып алушы өзгеше шарт қоймаған жағдайда құлдың мал-мүлкі сатушыға тиесілі”». Бір нұсқада “сатса” дегеннің орнына “сатып алса” делінген.1

  1. 1Бұхари, Буюғ: 90, 92, Шурб: 17, Шурут: 2; Мүслим, Буюғ: 77, (1543); Муатта, Буюғ: 9 (2, 617); Тирмизи, Буюғ: 25, (1244); Әбу Дәуіт, Ижәра: 44, (3433, 3434); Нәсәи, Буюғ: 75, (7, 296)
408
Кутуб ситтә, № 408 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنْ بِعْتَ مِنْ أَخِيكَ تَمْرًا فَأَصَابَتْهُ جَائِحَةٌ فَلَا يَحِلُّ لَكَ أَنْ تَأْخُذَ مِنْهُ شَيْئًا، بِمَ تَأْخُذُ مَالَ أَخِيكَ بِغَيْرِ حَقٍّ؟». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وأَبُو دَاوُدُ وَالنَّسَائِيُّ. وَفِي رِوَايَةٍ: أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِوَضْعِ الْجَوَائِحِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Бауырыңа құрма сатсаң, оған апат тиіп, өнімі бүлінсе, одан ақы алуың адал болмайды. Бауырыңның малын қандай ақымен аласың?»1

Басқа бір риуаятта: «Алла елшісі (с.а.с.) апаттан бүлінген өнімнің ақысын алып тастауды бұйырды», – делінген.2

  1. 1Мүслим, Мусақат: 14, (1554); Әбу Дәуіт, Ижәра: 60 (3470).
  2. 2Мүслим, Мусақат: 17 (1554c).