Хадис

Азанның басталуы

Кутуб ситтә, 6-том, 348-тарау · 13 хадис · № 2451–2463

Хадистер

2451
Кутуб ситтә, № 2451 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ الْمُسْلِمُونَ حِينَ قَدِمُوا الْمَدِينَةَ يَجْتَمِعُونَ فَيَتَحَيَّنُونَ الصَّلَاةَ، وَلَيْسَ يُنَادِي بِهَا أَحَدٌ، فَتَكَلَّمُوا يَوْمًا فِي ذَلِكَ. فَقَالَ بَعْضُهُمْ: اتَّخِذُوا نَاقُوسًا مِثْلَ نَاقُوسِ النَّصَارَىٰ، وَقَالَ بَعْضُهُمْ: اتَّخِذُوا قَرْنًا مِثْلَ قَرْنِ الْيَهُودِ. فَقَالَ عُمَرُ: أَوَلَا تَبْعَثُونَ رَجُلًا يُنَادِي بِالصَّلَاةِ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يَا بِلَالُ، قُمْ فَنَادِ بِالصَّلَاةِ». التَّحَيُّنُ: طَلَبُ الْحِينِ وَالْوَقْتِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Мұсылмандар Мәдинаға келгенде, жиналып, намаз уақытын күтетін. Намазға шақыратын адам болған жоқ. Бір күні осы жайды ақылдасты. Біреулері: “Христиандардың қоңырауындай қоңырау ұстайық”, – десе, басқалары: “Яһудилердікіндей мүйіз керней қолданайық”, – деді. Сонда Омар (р.а.): “Намазға шақыратын бір адам жібермейсіңдер ме?” – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Біләл, тұр да, жұртты намазға шақыр!” – деді».1

  1. 1Бұхари, «Азан» (604). Мүслим, «Салат» (377).
2452
Кутуб ситтә, № 2452 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ أَبِي عُمَيْرِ بْنِ أَنَسٍ، عَنْ عُمُومَةٍ لَهُ مِنَ الْأَنْصَارِ، قَالَ: «اهْتَمَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِلصَّلَاةِ كَيْفَ يَجْمَعُ النَّاسَ لَهَا؟ فَقِيلَ لَهُ: انْصِبْ رَايَةً عِنْدَ حُضُورِ الصَّلَاةِ، فَإِذَا رَأَوْهَا آذَنَ بَعْضُهُمْ بَعْضًا. فَلَمْ يُعْجِبْهُ ذَلِكَ. فَذُكِرَ لَهُ الْقُنْعُ، وَهُوَ شَبُّورُ الْيَهُودِ، فَلَمْ يُعْجِبْهُ ذَلِكَ. فَقَالَ: هَذَا مِنْ أَمْرِ الْيَهُودِ. فَذُكِرَ لَهُ النَّاقُوسُ، فَقَالَ: هُوَ مِنْ أَمْرِ النَّصَارَىٰ. فَانْصَرَفَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ زَيْدٍ الْأَنْصَارِيُّ وَهُوَ مُهْتَمٌّ لِهَمِّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأُرِيَ الْأَذَانَ فِي مَنَامِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Умәйр ибн Әнәс ансар көкелерінен жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) жұртты намазға қалай жинауға болатынын ойлады. Бір кісі: “Намаз уақыты кіргенде ту тігіңіз. Туды көргендер бір-біріне хабар берсін”, – деді. Бұл ұсыныс оған ұнамады. Содан кейін яһудилердің мүйіз кернейі сөз болды. Ол мұны да ұнатпай: “Бұл – яһудилердің ісі”, – деді. Қоңырау туралы ұсыныс айтылғанда: “Бұл – христиандардың ісі”, – деді. Абдулла ибн Зәйд әл-Ансари Алла елшісін (с.а.с.) толғандырған мәселені көңіліне алып, сол жерден кетті. Содан соң түсінде оған азан көрсетілді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (498), үзінді.
2453
Кутуб ситтә, № 2453 · тараудағы реті: 3

وَفِي أُخْرَىٰ لَهُ: «جَاءَ رَجُلٌ مِنَ الأَنْصَارِ فَقَالَ يَا رسُولَ اللَّهِ: إنِّي لَمَّا رَجَعْتُ لِمَا رَأَيْتُ مِنْ اهْتِمَامِكَ رَأَيْتُ رَجُلًا كَانَ عَلَيْهِ ثَوْبَيْنِ أَخْضَرَيْنِ فَقَامَ عَلَى الْمَسْجِدِ فَأَذَّنَ ثُمَّ قَعَدَ قَعْدَةً ثُمَّ قَامَ فَقَالَ مِثْلَهَا إِلَّا أَنَّهُ يَقُولُ قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ؛ وَلَوْ لَا أَنْ يَقُولَ النّاسُ لَقُلْتُ إنِّي كُنْتُ يَقْظَاناً غَيْرَ نَائِمٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَقَدْ أَرَاكَ اللَّهُ خَيْراً فَمُرْ بِلَالًا فَلْيُؤَذِّنْ. فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَمَّا إنِّي قَدْ رأيْتُ مَثْلَ الَّذِي رَأَىٰ، وَلَكِنِّي لَمَّا سُبِقْتُ اسْتَحْيَيْتُ، وَقَالَ فِيهِ: فَاسْتَقْبَلَ الْقِبْلَةَ، قَالَ: اللَّهُ أكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ مَرَّتَيْنِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ مَرَّتَيْنِ، اللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، ثُمَّ أُمْهِلَ هُنَيَةً، ثُمَّ قَامَ فَقَالَ مِثْلَهَا، إِلَّا أَنَّهُ زَادَ بَعْدَ مَا قَالَ حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ. قَالَ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَقِّنْهَا بِلَالًا. فَأَذَّنَ بِهَا بِلَالٌ». «الشَّبُّورُ» الْبُوقُ.

Қазақша аудармасы

Өзге риуаятта бір ансардың келіп, былай дегені айтылады: «Уа, Алланың елшісі! Сіздің осы істі ойлап отырғаныңызды көріп, үйге қайттым. Түсімде үстіне екі жасыл киім киген бір кісіні көрдім. Ол мешіттің үстіне шығып, азан айтты. Сәл отырып, қайта тұрып, сол сөздерді қайталады. Бұл жолы “Қад қаматис-салаһ” деген сөзді қосты. Жұрт сөз қылмағанда, мұны ұйықтамай, ояу кезімде көрдім дер едім». Алла елшісі (с.а.с.): «Алла саған қайырлы нәрсе көрсетіпті. Біләлге айт, азан шақырсын», – деді. Сонда Омар (р.а.):

– Уа, Алланың елшісі, мен де соған ұқсас түс көрдім. Бірақ ол менен бұрын айтып қойған соң, айтуға ұялдым, – деді.

Риуаятта азанның сөздері де келтірілген.

Мешіттің үстіне шыққан кісі құбылаға қарап былай дейді:

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!

Хаййә алас-салаһ! Хаййә алас-салаһ!

Хаййә алал-фалаһ! Хаййә алал-фалаһ!

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Лә иләһә иллаллаһ!

Содан соң ол сәл бөгеліп, қайта тұрып, азан сөздерін қайталайды. Бұл жолы «Хаййә алал-фалаһ» дегеннен кейін «Қад қаматис-салаһ! Қад қаматис-салаһ!» дейді. Алла елшісі (с.а.с.): «Бұл сөздерді Біләлге үйрет», – деді. Біләл сол сөздермен азан шақырды. Риуаяттағы «шәббур» мүйіз керней дегенді білдіреді.1

Түсіндірме

1. Бұл бөлімде азанның алғаш қалай айтылғанын баяндайтын бірнеше риуаят қатар беріліп, солардан тұжырым жасалған.

2. Бұл риуаятта аты аталмаған түс иесі – Абдулла ибн Зәйд әл-Ансари (р.а.). Оған азан мен қамат ұйқысында үйретілген. Көргені соншалық анық болғандықтан, ояу кезімде көрдім деуге болар еді деп ойлаған. Алайда жұрттың күмәндануынан сақтанып, оны түсімде көрдім деп баяндаған. Түс туралы бөлімде айтылғандай, түстің анықтығы оның шынайылығының белгісі саналады.

3. Абдулла ибн Зәйдке (р.а.) түсінде азан мен қаматтың сөздері егжей-тегжейлі үйретілген. Ол түсін айтқанда, Алла елшісі (с.а.с.) оны шынайы түс деп танып, намаз уақытын жариялау үшін сол сөздерді Біләлге (р.а.) үйретуді бұйырды. Абдулла оған үйретті, Біләл намазға азан шақыра бастады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (498–499), азанның басталуы туралы нұсқалар.
2454
Кутуб ситтә, № 2454 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالنَّاقُوسِ يُعْمَلُ لِيُضْرَبَ بِهِ لِلنَّاسِ لِجَمْعِ الصَّلَاةِ طَافَ بِي وَأَنَا نَائِمٌ رَجُلٌ يَحْمِلُ نَاقُوسًا فِي يَدِهِ، فَقُلْتُ يَا عَبْدَ اللَّهِ؟ أَتَبِيعُ النَّاقُوسَ؟ قَالَ: وَمَا تَصْنَعُ بِهِ؟ فَقُلْتُ: نَدْعُو بِهِ إِلَىٰ الصَّلَاةِ. قَالَ: أَفَلَا أَدُلُّكَ عَلَى مَا هُوَ خَيْرٌ مِنْ ذَلِكَ؟ فَقُلْتُ لَهُ بَلَى. قَالَ تَقُولُ: اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمّدًا رَسُولُ اللَّهِ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّداً رَسُولُ اللَّهِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ. قَالَ: ثُمَّ اسْتَأْخَرَ عَنِّي غَيْرَ بَعِيدٍ. ثُمَّ قَالَ: ثُمَّ تَقُولُ إِذَا أَقَمْتَ الصَّلَاةَ: اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمّدًا رَسُولُ اللَّهِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ، قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ. فَلَمَّا أَصْبَحْتُ أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَأَخْبَرْتُهُ بِمَا رَأيْتُ. فَقَالَ: إِنَّهَا لَرُؤْيَا حَقٍّ إِنْ شَاءَ اللَّهُ. فَقُمْ مَعَ بِلَالٍ فَأَلْقِ عَلَيْهِ مَا رَأيْتَ فَلْيُؤَذِّنْ بِهِ فَإِنَّهُ أَنْدَى صَوْتاً مِنْكَ. فَقُمْتُ مَعَ بِلَالٍ فَجَعَلْتُ أُلْقِيهِ عَلَيْهِ وَيُؤَذِّنُ بِهِ، فَسَمِعَ ذَلِكَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَهُوَ فِي بَيْتِهِ فَخَرَجَ وَهُوَ يَجُرُّ رِدَاءَهُ، يَقُولُ يَا رَسُولَ اللَّهِ: وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ لَقَدْ رَأيْتُ مِثْلَ الَّذِي أُرِيَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَلِلَّهِ الْحَمْدُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَفِي أخْرَى: «فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ أنَا رَأيْتُهُ وَأَنَا كُنْتُ أُرِيدُهُ. قَالَ: فَأقِمْ أَنْتَ». وَفِي رِوَايَةٍ لِلتِّرْمِذِيِّ: «وَذَكَرَ قِصَّةَ الْأَذَانِ مَثْنًى مَثْنًى، وَ الْإقَامَةَ مَرَّةً». وَفِي أخْرَى لَهُ قَالَ: «كَانَ أذَانُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ شَفْعاً شَفْعاً فِي الْأَذَانِ وَالْإقَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жұртты намазға жинау үшін қоңырау жасауды бұйырды. Содан кейін түсімде қолына қоңырау ұстаған бір кісі қасыма келді. Оған:

– Уа, Алланың құлы, қоңырауыңды сатасың ба? – дедім.

– Оны не істемексің? – деп сұрады ол.

– Онымен жұртты намазға шақырамыз, – дедім.

– Саған бұдан қайырлы жолды көрсетейін бе? – деді.

– Әрине, – дедім.

– Онда былай айт, – деп азан сөздерін үйретті:

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!

Хаййә алас-салаһ! Хаййә алас-салаһ!

Хаййә алал-фалаһ! Хаййә алал-фалаһ!

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллаллаһ!»

Абдулла ибн Зәйд (р.а.) сөзін жалғады: «Әлгі кісі менен сәл әрірек барып, намазға тұрарда былай айтуымды үйретті»:

«Аллаһу әкбар» (екі рет).

«Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ» (бір рет).

«Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ» (бір рет).

«Хаййә алас-салаһ» (бір рет).

«Хаййә алал-фалаһ» (бір рет).

«Қад қаматис-салаһ» (екі рет).

«Аллаһу әкбар» (екі рет).

«Лә иләһә иллаллаһ» (бір рет).

Абдулла сөзін жалғады: «Таң атқанда Алла елшісіне (с.а.с.) барып, түсімді айтып бердім. Ол:

– Алла қаласа, бұл – шынайы түс. Біләлмен бірге тұр да, көргеніңді оған үйрет. Ол сол сөздермен азан шақырсын, өйткені оның дауысы сенікіне қарағанда зор әрі әуезді, – деді. Мен Біләлмен бірге тұрып, сөздерді үйреттім, ол азан шақырды. Мұны үйінде отырған Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) естіп, жамылғысын сүйрете сыртқа шықты да:

– Уа, Алланың елшісі, сізді хақпен жіберген Аллаға ант етемін, мен де соған ұқсас түс көрдім! – деді. Мұны естіген Алла елшісі (с.а.с.):

– Аллаға мақтау болсын! – деді».1

Тағы бір нұсқада Біләл азан айтқан соң, Абдулла: «Оны мен түсімде көрдім, өзім айтқым келген еді», – деген. Алла елшісі (с.а.с.): «Онда қаматты сен айт», – деп жауап берген.2

Тирмизи жеткізген бір риуаятта Абдулла ибн Зәйд азан сөздерін екі-екіден, қамат сөздерін бір-бірден айтып берген.

Тирмизи жеткізген өзге риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) тұсында азан мен қамат сөздері екі-екіден айтылғаны баяндалады.

Түсіндірме

Тирмизиден алынған екі нұсқаның біріншісінде азан сөздері екі-екіден, қамат сөздері бір-бірден айтылады. Шафиғи, Ахмад және ғұламалардың көпшілігі осы риуаятты негізге алып, қамат сөздерін басы мен соңындағы тәкбірден басқа жерде бір-бірден айту керек деген. Екінші нұсқада азан мен қамат сөздері екі-екіден айтылады. Әбу Ханифа мен шәкірттері осы пікірді ұстанған.

Ханафи ғұламаларының, Сәуридің, Ибн әл-Мүбәрактың және Куфа ғалымдарының пікірінше, қамат пен азанның сөздері бірдей. Тек қаматта «Қад қаматис-салаһ» екі рет қосылады. Олар Әбу Дәуіт пен Тирмизидегі Абдулла ибн Зәйд хадисін дәлел еткен.

Шафиғи, Ахмад ибн Ханбал және ғұламалардың көбі қамат он бір сөйлемнен тұрады деген. Басындағы және соңындағы тәкбір мен «Қад қаматис-салаһ» екі реттен, өзге сөздер бір-бір рет айтылады. Бұған төмендегі Әнәс риуаяты дәлел етілген. Имам Мәлік «Қад қаматис-салаһ» бір рет айтылады деген. Шафиғидің бұрынғы пікірі де осындай болған. Омардың (р.а.) көрген түсі Абдулланың түсін қуаттағандықтан, Алла елшісі (с.а.с.) Аллаға шүкір еткен.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (499). Тирмизи, «Салат» (189), мағыналас нұсқа.
  2. 2Әбу Дәуіт, «Салат» (512).
2455
Кутуб ситтә, № 2455 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا كَثُرَ النَّاسُ ذَكَرُوا أَنْ يُعْلِمُوا وَقْتَ الصَّلَاةِ بِشَيْءٍ يَعْرِفُونَهُ، فَذَكَرُوا أَنْ يُورُوا نَارًا أَوْ يَضْرِبُوا نَاقُوسًا. فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِلَالًا أَنْ يَشْفَعَ الْأَذَانَ وَأَنْ يُوتِرَ الْإِقَامَةَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Жұрт көбейгенде, намаз уақытының кіргенін көпке мәлім белгімен хабарлау жайын ақылдасты. От жағуды немесе қоңырау соғуды ұсынды. Алла елшісі (с.а.с.) Біләлге азан сөздерін екі-екіден, қамат сөздерін бір-бірден айтуды бұйырды».1

  1. 1Бұхари, «Азан» (605–606). 605-нұсқада «Қад қаматис-салаһ» сөзі ерекшеленеді.
2456
Кутуб ситтә, № 2456 · тараудағы реті: 6

وَعَنْ أَبِي مَحْذُورَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ عَلِّمْنِي سُنَّةَ الْأَذَانِ. قَالَ: فَمَسَحَ مُقَدَّمَ رَأْسِي، قَالَ: تَقُولُ: اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ تَرْفَعُ بِهَا صَوْتَكَ. ثُمَّ تَقُولُ: أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّه، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ. تَخْفِضُ بِهَا صَوْتَكَ؛ ثُمَّ تَرْفَعُ صَوْتَكَ بِالشَّهَادَةِ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ؛ أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ؛ حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ؛ حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ؛ فَإِنْ كَانَ صَلَاةُ الصُّبْحِ قُلْتَ: الصَّلَاةُ خَيْرٌ مِنَ النَّوْمِ، الصَّلَاةُ خَيْرٌ مِنَ النَّوْمِ؛ اللَّهُ أَكْبَرُ؛ اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيَّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Махзура (р.а.) былай дейді: «Уа, Алланың елшісі, маған азан айтудың сүннетін үйретіңізші, – дедім. Ол маңдай тұсымды сипап: “Даусыңды көтеріп, ‘Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!’ де. Содан соң даусыңды бәсеңдетіп, ‘Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ! Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ! Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ! Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!’ де. Сосын даусыңды көтеріп, ‘Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ! Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ! Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ! Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!’ де. Одан кейін былай жалғастыр:

Хаййә алас-салаһ! Хаййә алас-салаһ!

Хаййә алал-фалаһ! Хаййә алал-фалаһ!

Таң намазының азаны болса, мынаны қос:

Әс-салату хайрун минән-нәум (намаз ұйқыдан қайырлы)!

Әс-салату хайрун минән-нәум!

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Лә иләһә иллаллаһ!” – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (500). Мүслим, «Салат» (379). Тирмизи, «Салат» (191), мағыналас нұсқалар.
2457
Кутуб ситтә, № 2457 · тараудағы реті: 7

وَفِي رِوَايَةٍ: «وَعَلَّمَنِي الْإِقَامَةَ مَرَّتَيْنِ مَرَّتَيْنِ، اللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللّه، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ؛ حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ؛ حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ». قَالَ أَبُو دَاوُدَ: وَقَالَ عَبْدُ الرَّزَّاقِ: «وَإِذَا أقَمْتَ الصَّلَاةَ فَقُلْهَا مَرَّتَيْنِ: قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ، قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ، أَسَمِعْتَ؟ قَالَ: نَعَمْ، وَقَالَ: وَكَانَ أَبُو مَحْذُورَةَ لَا يَجُزُّ نَاصِيتَهُ وَلَا يَفْرُقُهَا لأَنَّ النَّبىَّ ﷺ مَسَحَ عَلَيْهَا».

Қазақша аудармасы

Өзге риуаятта Әбу Махзура былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) маған қамат сөздерін екі-екіден айтуды үйретті:

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ! Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ! Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!

Хаййә алас-салаһ! Хаййә алас-салаһ!

Хаййә алал-фалаһ! Хаййә алал-фалаһ!

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Лә иләһә иллаллаһ!»

Әбу Дәуіт былай дейді: «Абдурраззақтың риуаятында Алла елшісінің (с.а.с.) сөзі былай жалғасады: “Қамат айтқанда, ‘Қад қаматис-салаһ! Қад қаматис-салаһ!’ деп екі рет айт. Естідің бе?” Әбу Махзура: “Иә”, – деді».

Рауи: «Әбу Махзура маңдайындағы кекілін қидырмайтын әрі екі айырып тарамайтын. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) сол жерді қолымен сипаған еді», – дейді.1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (501).
2458
Кутуб ситтә, № 2458 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «إِنَّمَا كَانَ الْأَذَانُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَرَّتَيْنِ مَرَّتَيْنِ، وَالْإِقَامَةُ مَرَّةً مَرَّةً، غَيْرَ أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ: قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ، قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ يُثَنِّي. قَالَ: فَإِذَا سَمِعْنَا الْإِقَامَةَ تَوَضَّأْنَا ثُمَّ خَرَجْنَا إِلَىٰ الصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде азан сөздері екі реттен, ал қамат сөздері бір реттен айтылатын. Тек “Қад қаматис-салаһ” екі рет қайталанатын. Қаматты естігенде дәрет алып, намазға шығатынбыз».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (510). Нәсәи, «Азан» (628).
2459
Кутуб ситтә, № 2459 · тараудағы реті: 9

وَعَنْ مَالِكٍ: «أَنَّهُ بَلَغَهُ أَنَّ الْمُؤَذِّنَ جَاءَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُؤْذِنُهُ لِصَلَاةِ الصُّبْحِ، فَوَجَدَهُ نَائِمًا. فَقَالَ: الصَّلَاةُ خَيْرٌ مِنَ النَّوْمِ. فَأَمَرَهُ عُمَرُ أَنْ يَجْعَلَهَا فِي نِدَاءِ الصُّبْحِ».

Қазақша аудармасы

Имам Мәлікке жеткен риуаятта былай делінеді: «Бірде азаншы таң намазының уақыты кіргенін хабарлауға Омарға (р.а.) келді. Оны ұйықтап жатқан жерінен көріп: “Әс-салату хайрун минән-нәум” (намаз ұйқыдан қайырлы), – деді. Омар оған осы сөзді таң намазының азанына қосуды бұйырды».1

Түсіндірме

Бұл риуаятқа қарағанда, тек таң намазының азанында айтылатын «Әс-салату хайрун минән-нәум» сөзін азанға Омар (р.а.) қосқандай көрінеді. Алайда № 2456 хадисте Әбу Махзура бұл сөзді Алла елшісінің (с.а.с.) өзі үйреткенін айтады. Мұны Пайғамбардың азаншылары да айтқанын көрсететін өзге риуаят бар. Омардың (р.а.) мұны білмеуі мүмкін емес. Осы тұсты Әбул Уәлид әл-Бажи былай түсіндіреді: «Омар (р.а.) бұл сөз басқа намаздарда айтылып кетпесін деп, “Мұны тек таң намазының азанында айт!” дегісі келген болуы мүмкін».

Ибн Мәжа жеткізген риуаятта Біләл (р.а.) таң намазы үшін Алла елшісіне (с.а.с.) келеді. Оған Алла елшісінің ұйықтап жатқаны айтылады. Сонда Біләл «Әс-салату хайрун минән-нәум» (намаз ұйқыдан қайырлы) деп екі рет айтады. Осыдан кейін бұл сөзді таң намазының азанында айту бекітіледі.

Басқа бір риуаят бойынша, Әбу Махзура Хунәйн жорығы кезінде Алла елшісімен (с.а.с.) бірге таң намазын оқыған. Сол кезде Алла елшісі оған «Әс-салату хайрун минән-нәум» (намаз ұйқыдан қайырлы) деген сөзді азанға қосуды бұйырған.

Имам Мәлік былай дейді: «Азаншы таң намазының азанында “Әс-салату хайрун минән-нәум” (намаз ұйқыдан қайырлы) деген сөзді елде жүргенде де, сапарда да қалдырмауы керек. Ал егін басында жалғыз намаз оқыған адам бұл сөзді айтпаса, айыбы жоқ. Дегенмен оны айтқаны абзал».

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Намазға шақыру», 8 (1/72).
2460
Кутуб ситтә, № 2460 · тараудағы реті: 10

وَعَنْ مُجَاهِدٍ قَالَ: «دَخَلْتُ مَعَ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا مَسْجِداً، وَقَدْ أُذِّنَ فِيهِ وَنَحْنُ نُرِيدُ أَنْ نُصَلِّيَ فَثَوَّبَ الْمُؤَذِّنُ فَخَرَجَ عَبْدُ اللَّهِ مِنَ الْمَسْجِدِ وَقَالَ: اخْرُجْ بِنَا مِنْ عِنْدِ هَذَا الْمُبْتَدِعِ، وَلَمْ يُصَلِّ فِيهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَقَالَ: وَقَدْ رُوِيَ عَنْ ابْنِ عُمَرَ أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ فِي أَذَانِ الْفَجْرِ: «الصَّلَاةُ خَيْرٌ مِنَ النَّوْمِ».

Қазақша аудармасы

Мүжаһид былай дейді: «Бірде Абдулла ибн Омармен (р.а.) мешітке кірдім. Азан айтылып қойған еді. Біз намаз оқымақ болдық. Азаншы жұртты намазға қайта шақырып, тәсуиб жасады. Сонда Абдулла: “Жүр, мына бидғатшының жанынан кетейік”, – деп, мешіттен шығып кетті. Сол мешітте намаз оқымады».

Тирмизи былай дейді: «Ибн Омардан жеткен риуаят бойынша, ол таң намазының азанында “Әс-салату хайрун минән-нәум” (намаз ұйқыдан қайырлы) дейтін».1

Түсіндірме

1. Абдулла ибн Омардың (р.а.) мешіттен шығып кетуіне тәсуиб себеп болды. «Тәсуиб» сөзінің тілдік мағынасы – бір хабарды қайта жариялау. Хадистерде ол үш мағынада қолданылған:

1) Қамат – азаннан кейін намазға қайта шақыру. Сондықтан оны «тәсуиб» деп атаған.

2) Таң намазының азанындағы «Әс-салату хайрун минән-нәум» деген сөз де «тәсуиб» деп аталады.

Бұл сөз осы екі мағынада Алла елшісінің (с.а.с.) заманынан бері қолданылып келеді.

3) Тирмизидің түсіндіруінше, үшінші тәсуиб кейін пайда болған. Азан айтылған соң да жұрт намазға асықпаса, азаншылар қаматқа дейін «Қад қаматис-салаһ! Хаййә алас-салаһ! Хаййә алал-фалаһ!» деп, қайта хабар берген. Осы ескертуді де «тәсуиб» деп атаған. Мұндай тәсуиб бидғат әрі мәкрүһ саналған.

Бұл хадистегі сөз – үшінші мағынадағы тәсуиб туралы. Түсіндірме жазған ғалымдардың айтуынша, кей азаншылар азан мен қаматтың арасына қосымша хабарлау енгізген. Мұндай тәсуиб сүннетте болмағандықтан, Ибн Омар (р.а.) оны бидғат санап, мешіттен шығып кеткен. Ғалымдар оның нақты қандай сөзге қарсылық білдіргенін әртүрлі түсіндіреді. Кейбірі азаншы бесін намазына «Әс-салату хайрун минән-нәум» деген сөзді қосқан дейді. Өзгелері азаншының азан мен қамат арасында «Қад қаматис-салаһ! Хаййә алас-салаһ! Хаййә алал-фалаһ!» деп қайта ескерткенін айтады. Ибн Омар бидғатқа куә болып қалмау үшін мешіттен шыққан. Әбу Дәуіттің риуаятында бұл оқиға бесін не екінті намазында болғаны айтылады.

2. Ибн Омардың (р.а.) «Бізді алып шық» деуі көзінің көрмей қалғанына байланысты. Өмірінің соңында оның екі көзі де көрмей қалғаны белгілі.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (538). Тирмизи, «Салат» (198), түсіндірмесі.
2461
Кутуб ситтә, № 2461 · тараудағы реті: 11

وَفِي رِوَايَةِ أَبِي دَاوُدَ قَالَ: «كُنْتُ مَعَ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَثَوَّبَ رَجُلٌ فِي الظُّهْرِ وَالْعَصْرِ. فَقَالَ: اخْرُجْ بِنَا فَإِنَّ هَذِهِ بِدْعَةٌ». «التَّثْوِيبُ» الرُّجُوعُ فِي الْقَوْلِ مَرَّةً بَعْدَ مَرَةً، وَكُلُّ دَاعٍ مُثَوِّبٌ، وَالتَّثْوِيبُ فِي أَذَانِ الْفَجْرِ: قَوْلُ الْمُؤَذِّنِ الصَّلَاةُ خَيْرٌ مِنَ النَّوْمِ مَرَّتَيْنَ: وَاحِدَةٌ بَعْدَ أُخْرَىٰ.

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіттің нұсқасында Мүжаһид былай дейді: «Ибн Омармен (р.а.) бірге едім. Бір кісі бесін не екінті намазында тәсуиб жасады. Сонда Ибн Омар: “Бізді алып шық, бұл – бидғат”, – деді».1

Бұл риуаят алдыңғы хадистің түсіндірмесінде талданды.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (538).
2462
Кутуб ситтә, № 2462 · тараудағы реті: 12Риуаят етуші: Біләл

وَعَنْ بِلَالٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَا تُثَوِّبَنَّ فِي شَيْءٍ مِنَ الصَّلَاةِ إِلَّا فِي صَلَاةِ الْفَجْرِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Біләл (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) маған: “Таң намазынан басқа ешбір намазда тәсуиб жасама!” – деді».1

Түсіндірме

№ 2460 хадисте түсіндірілгендей, мұндағы тәсуиб – таң намазының азанында «Әс-салату хайрун минән-нәум» деп айту. Алла елшісі (с.а.с.) бұл сөзді таң намазының азанында айтуға рұқсат беріп, өзге намаздардың азанына қосуға тыйым салған.

  1. 1Тирмизи, «Салат» (198). Ибн Мәжа, «Азан» (715), мағыналас риуаят.
2463
Кутуб ситтә, № 2463 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Біләл

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «آخِرُ الْأَذَانِ اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Біләл (р.а.) тағы былай дейді: «Азанның соңы: “Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллаллаһ!”»1

  1. 1Нәсәи, «Азан» (649), «Азанның соңғы сөзі» тарауы.