Хадис

Ыдыстың аузынан ішудің үкімі. Рұқсатты білдіретін хадистер

Кутуб ситтә, 6-том, 329-тарау · 2 хадис · № 2247–2248

Хадистер

2247
Кутуб ситтә, № 2247 · тараудағы реті: 1

عَنْ كَبْشَةَ الْأَنْصَارِيَّةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «دَخَلَ عَلَيَّ النَّبِيُّ ﷺ فَشَرِبَ مِنْ فِي قِرْبَةٍ مُعَلَّقَةٍ قَائِمًا، فَقُمْتُ إِلَى فَمِهَا فَقَطَعْتُهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ رَزِينٌ: «فَاتَّخَذْتُهُ رَكْوَةً أَشْرَبُ فِيهَا». «الرَّكْوَةُ»: دَلْوٌ صَغِيرٌ يُشْرَبُ مِنْهُ.

Қазақша аудармасы

Ансарлық Кәбшә (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) үйіме кіріп, ілулі тұрған торсықтың аузынан түрегеп тұрып су ішті. Мен торсыққа барып, аузын кесіп алдым»1.

Разиннің нұсқасында Кәбшә: «Кесіп алған жерінен су ішетін шағын ыдыс жасадым», – дейді.

  1. 1Тирмизи, «Әшриба», 18 (1892); Ибн Мәжа, «Әшриба», 21 (3423).
2248
Кутуб ситтә, № 2248 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ عِيسَى بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، عَنْ أَبِيهِ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَعَا يَوْمَ أُحُدٍ بِإِدَاوَةٍ، فَقَالَ: اخْنِثْ فَمَ الْإِدَاوَةِ، فَفَعَلْتُ، فَشَرِبَ مِنْ فَمِهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الْإِدَاوَةُ»: كَالرَّكْوَةِ. وَقِيلَ: هِيَ السَّطِيحَةُ.

Қазақша аудармасы

Ансарлық Иса ибн Абдулла әкесінен мына риуаятты жеткізеді: «Ухуд шайқасы күні Алла елшісі (с.а.с.) торсықпен су алдырды. “Торсықтың аузын қайыр”, – деді. Мен қайырдым. Ол торсықтың аузынан су ішті»1.

Түсіндірме

1. Оқиға Ухуд шайқасында болған. Алла елшісіне (с.а.с.) әкелінген ыдыстың теріден жасалғаны аңғарылады. Өйткені саздан не металдан жасалған ыдыстың аузын қайыру мүмкін емес. Ол заманда су құюға ыңғайлы болғандықтан, теріден жасалған ыдыстарды пайдаланған. Бұлар малдың тұтас терісінен жасалған бүгінгі ыдыстардан өзгеше. Ибн Хажардың түсіндіруінше, теріден жасалған мұндай су ыдысының үлкен-кішісін бір атаумен атаған.

2. Біреулер ыдыстың аузын терінің иісі білінбес үшін қайырған дейді. Енді біреулер, аузы кең торсықтан су төгілмеуі үшін, аузын бүгіп, тостаған іспетті ойық жасаған да, суды сол жерден ішкен деп түсіндіреді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әшриба», 15 (3721).