Хадис

Сапарда оқылатын дұғалар

Кутуб ситтә, 5-том, 242-тарау · 6 хадис · № 1833–1838

Хадистер

1833
Кутуб ситтә, № 1833 · тараудағы реті: 1

عَنْ مَالِكٍ: «أَنَّهُ بَلَغَهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ إِذَا وَضَعَ رِجْلَهُ فِي الْغَرْزِ وَهُوَ يُرِيدُ السَّفَرَ يَقُولُ: بِسْمِ اللَّهِ، اللَّهُمَّ أَنْتَ الصَّاحِبُ فِي السَّفَرِ وَالْخَلِيفَةُ فِي الْأَهْلِ، اللَّهُمَّ ازْوِ لَنَا الْأَرْضَ، وَهَوِّنْ عَلَيْنَا السَّفَرَ. اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ وَعْثَاءِ السَّفَرِ، وَكَآبَةِ الْمُنْقَلَبِ، وَمِنْ سُوءِ الْمَنْظَرِ فِي الْمَالِ وَالْأَهْلِ».الْغَرْزُ«: رِكَابُ الرَّحْلِ مِنْ جِلْدٍ، »وَالزّيُّ«: الطَّيُّ وَالْجَمْعُ، »وَوَعْثَاءُ السَّفَرِ«: تَعَبُهُ وَمَشَقَّتُهُ، »وَكَآبَة الْمُنْقَلَبِ«: الْحُزْنُ، وَالْمُنْقَلَبُ: الْمَرْجِعُ.

Қазақша аудармасы

Имам Мәликке жеткен хабарда Алла елшісі (с.а.с.) сапарға аттанарда аяғын үзеңгіге салғанда мына дұғаны оқыған: «Алланың атымен! Уа, Алла! Сапарда серігім де, отбасымның қамқоршысы да Сенсің. Уа, Алла! Жолымызды қысқарт, сапарымызды жеңілдет. Уа, Алла! Сапардың машақатынан, қайғымен оралудан және мал-мүлкім мен отбасыма келер жамандықтан Өзіңе сиынамын».1

Түсіндірме

1. Алланың сапарда жолдас, үйде өкіл ретінде айтылуы – ешбір жер оның әмірі мен үкімінен тыс қалмайтынын, барлық жерде мүмінге жәрдем беретіндігін білдіреді. Сондықтан Алла Тағала жолаушыға сапар кезінде амандық, саулық, ризық, көмек сынды әртүрлі нығметтермен көмек беру арқылы бірге болады. Мүмін өміріндегі әр жақсылықты Алладан деп біліп, әрдайым оның жәрдемін сезеді. Тіпті сапарда да. Жолаушы өзі тастап бара жатқан отбасы да Алланың бақылауы мен жәрдемінде екендігін білгендіктен, сапарын еш уайымсыз жалғастырады.

2. «Бізге жерді бүкте» сөйлемі сапардың жылдам аяқталуы үшін жасалған дұға, «Жер» деген сөзбен жол айтылған. Сапардың еш кедергісіз, жеңіл өтуі жылдам аяқталуына сеп болады. Ал жеңілдетудегі мақсат – қиындыққа душар болмау.

3. Қайғымен оралу дегенде – сапар кезінде қайғы беретін жағдайларға кезікпеу көзделген. Бұл ауыр жағдайлардан туған қиындық емес, адамның жүрегіне мұң беріп, қайғыға батыратын жайттар. Алла елшісі (с.а.с.) осындай жайттардан өзі тастап бара жатқан мал-мүлкі мен отбасының басына түсуі мүмкін қиындықтардан сиынғаны секілді жалбарынған.

  1. 1Муатта, Истизан 34, (2, 977).
1834
Кутуб ситтә, № 1834 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا قَفَلَ مِنَ السَّفَرِ يُكَبِّرُ عَلَى كُلِّ شَرَفٍ مِنَ الْأَرْضِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ يَقُولُ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، آيِبُونَ تَائِبُونَ عَابِدُونَ سَاجِدُونَ لِرَبِّنَا حَامِدُونَ. صَدَقَ اللَّهُ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَهَزَمَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ. »الْقُفُولُ«: الرُّجُوعُ. »وَالشَّرَفُ«: مَا ارْتَفَعَ مِنَ الْأَرْضِ، وَقَوْلُهُ »آيِبُونَ«: أَيْ رَاجِعُونَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) сапардан қайтқанда кезіккен әр төмпешікте үш мәрте тәкбір айтып, одан кейін: “Лә иләһа иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуа алә кулли шайин қадир (Өзі дара әрі ешбір серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ. Билік оның иелігінде, бар мадақ пен шүкіршілік соған ғана лайық, оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді) қайтамыз, тәубе етеміз, құлдық ұрамыз, сәжде етеміз, Раббымызға мадақ айтамыз. Алла тағала сөзінде тұрды, құлына жәрдем етті. (Хандәк шайқасында) одақтас әскерді бір өзі құрдымға жіберді” деп айтатын».1

Түсіндірме

1. Кейбір риуаяттар бұл жерде жалпы айтылған сапарды «шайқас» «қажылық» немесе «ұмра сапарынан қайтып келе жатқанда» деп жалқылайды.

2. Алланың сөзінде тұрғандығын айтқан сөйлеммен оның сабырлық танытқандарға, мүміндерге жеңіс беретіндігі, діннің үстем келетіндігі, жемісті нәтиженің тақуаларға тән екендігін Алла тағаланың Құранда уәде еткен сөздерінің (Ағраф, 128; Һуд, 49) жүзеге асатындығын білдіреді. Кейбір риуаяттар бұл сөзді Алла елшісінің Усфан сапарынан (Бәни Лихян жорығы) қайтып келе жатып айтқанын білдіреді. Бұл сапар һижраның алтыншы жылы орын алған. Оған дейін Бәдір, Хандак секілді үлкен шайқастар болып, айқын жеңістерге қол жеткізілген болатын. Дұғаның жалғасындағы هَزَمَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ. «Ахзабты жалғыз өзі жеңіліске ұшыратты» сөйлемі Хандак соғысына қатысты айтылған. Өйткені Мәдинаны жан-жақтан қоршаған мүшрік әскерлері мұсылмандарға үлкен қауіп төндіндірген еді. Хандакта мұсылмандардан бірнеше есе көп әртүрлі араб тайпаларынан құралған әскерді кенеттен тұрған дауыл жан-жаққа шашып, кері шегінуге, қоршауды тастауға мәжбүр еткен. Иләһи жәрдемнің келгені анық еді. Сол себептен мұсылмандардың санасына әбден орныққан осы иләһи жәрдемді Алла елшісі аталмыш дұғадан да көрініп тұрғандай анда-санда естеріне салатын.

Кейбір ғалымдар бұл жердегі ахзаб (топтар, одақтастар) деген сөзбен Исламға қарсы біріккен әртүрлі күштердің көзделгенін, сол себептен қай жерде Исламға қарсы дұшпандар біріксе, Алла тағаланың жәрдемімен барлығының да жермен-жексен болатындығын айтқан.

  1. 1Бұхари, Дағуат 52, Омар 12, Жиһад 133, 197, Мағази 29; Мүслим, Хаж 428, (1344); Муатта, Хаж 243, (1,421); Тирмизи, Хаж 104, (950); Әбу Дәуіт, Жиһад 170, (2770).
1835
Кутуб ситтә, № 1835 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَجُلٌ يَا رَسُولَ اللَّهِ: إِنِّي أُرِيدُ السَّفَرَ فَأَوْصِنِي فَقَالَ: عَلَيْكَ بِتَقْوَى اللَّهِ وَالتَّكْبِيرِ عَلَى كُلِّ شَرَفٍ، فَلَمَّا وَلَّى قَالَ: اللَّهُمَّ اطْوِ لَهُ الْبُعْدَ وَهَوِّنْ عَلَيْهِ السَّفَرَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Алла елшісінен (с.а.с.):

– Уа, Расулалла! Мен сапарға шықсам деп едім. Маған кеңес бер, – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Алладан қорқуды әрі асқан әр төбеңде тәкбір айтуды өсиет етемін, – деді. Әлгі кісі жолға шыққанда: “Уа, Алла! Оған жолды қысқарт, сапарын жеңілдет”, – деп дұға етті».1

  1. 1Тирмизи, Дағуат 47, (3441).
1836
Кутуб ситтә, № 1836 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ الْخَطَمِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا وَدَّعَ أَحَدًا قَالَ: أَسْتَوْدِعُ اللَّهَ دِينَكُمْ وَأَمَانَتَكُمْ، وَخَوَاتِيمَ أَعْمَالِكُمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَسْتُوْدِعُ اللَّهَ دِينَكَ وَأَمَانَتَكَ، وَخَوَاتِيمَ عَمَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла әл-Хатами (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) бір адаммен қоштасар кезде: “Дініңізді, аманатыңызды және істеріңіздің ақырын Алланың қорғауына қалдырамын” – деп айтатын».1

Түсіндірме

1. Бұл хадистің Әбу Дәуіттегі нұсқасының бас жағы өзгеше. «Алла елшісі (с.а.с.) бір әскермен қоштасар кезде» деп басталады. Тирмизидегі риуаят кейбір ұсақ айырмашылықтармен Ибн Омардан (р.а.) жеткен.

2. «Алланың қорғауына қалдырамын» деп жасалған аударманы «...Алладан қорғап, сақтауын сұраймын» деп қабылдауға да болады.

3. Аманат дегенде, Хаттабидың айтуынша, артта қалған отбасы, яғни бала-шаға, жар мен мал-мүлік көзделген. Алайда сапар кезіндегі сауда-саттық, адамдармен қарым-қатынас секілді бірқатар әлеуметтік іс-әрекеттер де аманат деп айтылған. Өйткені бұл істерде де қиянат орын алуы мүмкін. Тіпті аманат дегенде бүкіл діни істер көзделген дегендер де баршылық. Өйткені аятта: «Расында, біз аманатты (яғни, өз еркімен Аллаға лайықты құл болу сынды үлкен жауапкершілікті) жеті қат көкке, жерге және тауларға (мойындарыңа алыңдар деп) ұсындық. Алайда олар оны мойындарына алудан қашты, оның ауыр жауапкершілігінен қорықты. Сөйтіп, оны адам баласы өз мойнына алды» (Ахзаб, 72) деп айтылған.

4. «Істердің нәтижесі» дегенде жақсы нәтиже көзделген. Өйткені ақыреттік мәселеде негізгі нәрсе осы. Себебі бұрын жасаған істер жаман болса да ақырындағы жақсы нәтижеге қарай бағаланады. Хадис ғалымдары бұл сөзбен хадистің басқа бір нұсқасында خَوَاتِيمَ عَمَلِكَ деп жетуін де назарға алып, барлық амалдың нәтижесі көзделгенін айтқан. Демек, бұл дұғамен істің ақырының игілігін Алланың қамқорлығы мен панасына тапсыру сұралған.

  1. 1Әбу Дәуіт, Жиһад 80 (2600); Тирмизи, Дағуат 45, (3439).
1837
Кутуб ситтә, № 1837 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْن عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَقْبَلَ اللَّيْلُ عَلَيْهِ فِي السَّفَرِ قَالَ: يَا أَرْضَ رَبِّي وَرَبُّكِ اللَّهُ، أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْ شَرِّكِ وَشَرِّ مَا خُلِقَ فِيكِ، وَشَرِّ مَا يَدِبُّ عَلَيْكِ. أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْ أَسَدٍ وَأَسْوَدَ، وَمِنَ الْحَيَّةِ وَالْعَقْرَبِ، وَمِنْ سَاكِن الْبَلَدِ، وَوَالِدٍ وَمَا وَلَدَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «وَالْمُرَادُ بِسَاكِنِ الْبَلَدِ» الْجِنُّ، لِأَنَّهُمْ سُكَّانُ الْأَرْضِ. «وَبِالْوَالِدِ» هُنَا إِبْلِيسُ. «وَبِمَا وَلَدَ» نَسْلُهُ وَذُرِّيَّتُهُ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сапарда түн түскенде былай дұға ететін: “Уа, жер! Менің де, сенің де Раббымыз – Алла. Сенің де (сендегілердің де),1 сенде жаратылғандардың да, үстіңде жүргендердің де жамандығынан Аллаға сиынамын. Арыстанның, ірі жыланның, басқа жыландардың, шаянның, осы мекенді мекендегендердің, Ібілістің және оның ұрпағының жамандығынан да Аллаға сиынамын”».2

Түсіндірме

1. Жерден келетін зияннан мақсат зілзала, хасф (жер жұту), жолдан шығып, адасып қалу секілді жайттар.

2. Жердегілерден мақсат – жердің табиғатына байланысы туатын сипаттар мен жайттар. Мәселен, суық пен ыстық секілді.

3. Жерден жаратылғандар дегенде зиянды жәндіктер көзделген (бит, бүрге т.б.).

4. Жер бетінде жүргендер сөзімен зарарлы құрт-құмырсқа, бақа-шаяндар көзделген.

5. Хадистің аяқ жағындағы «Ібілістің және Ібіліс нәсілі» деген сөздердің арабша нұсқасы. وَوَالِدٍ وَمَا وَلَدَ Тікелей аудармасы «тудырған және туған». Хадис ғалымдары бұл сөздермен Ібіліс пен оның нәсілі көзделген деп ұққан. Десек те бұл сөзбен туылған және туу қабілеті бар бүкіл жаратылыс атаулының көзделгенін де айтады.

  1. 1Бұл сөйлем Әбу Дәуіттегі нұсқада жоқ.
  2. 2Әбу Дәуіт, Жиһад 80, (2603).
1838
Кутуб ситтә, № 1838 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Хаула бинт Хаким

وَعَنْ خَوْلَةَ بِنْتِ حَكِيمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ نَزَلَ مَنْزِلًا فَقَالَ: أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ لَمْ يَضُرُّهُ شَيْءٌ حَتَّى يَرْتَحِلَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Хаула бинт Хаким (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кім бір жерге аялдағанда “Ағузу бикалиматиллаһит-таммати мин шарри ма халақ”, яғни “Алланың кәміл сөздерімен Оның жаратқандарының жамандығынан пана тілеймін” десе, сол жерден аттанғанша оған еш нәрсе зиян тигізбейді».1

Түсіндірме

«Кәміл сөздер» тіркесімен Құран Кәрім де меңзелуі мүмкін екені жоғарыда, №1825 хадистің түсіндірмесінде, айтылды.

  1. 1Мүслим, Зикр 54 (№ 2708), Муатта, Истиғзан 34 (2, 978), Тирмизи, Дағуат 41 (№ 3433).