Хадис

Үйден шығатын және үйге кіретін кезде оқылатын дұғалар

Кутуб ситтә, 5-том, 240-тарау · 3 хадис · № 1828–1830

Хадистер

1828
Кутуб ситтә, № 1828 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا خرَجَ مِنْ بَيْتهِ قَالَ: بِسْمِ اللَّهِ توَكَّلْتُ عَلَى اللَّهِ. اللَّهُمَّ إِنَّا نَعُوذُ بِكَ مِنْ أَنْ نَزِلَّ، أَوْ نَضِلَّ، أَوْ نَظْلِمَ أَوْ نُظْلَمَ، أَوْ نَجْهَلَ، أَوْ يُجْهَلَ عَلَيْنَا». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ، وَهَذَا لَفْظُ التِّرْمِذِيِّ وَهُوَ آخِرِ حَدِيثٍ مِنَ الْمُجْتَبَى لِلنَّسَائِيِّ.

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) үйінен шыққанда былай дұға ететін: “Алланың атымен бастаймын. Аллаға тәуекел еттім. Уа, Алла! Жаңылысудан, тура жолдан таюдан, зұлымдық жасаудан да, зұлымдық көруден де, надандық істеуден де, өзгенің бізге надандық көрсетуінен де Өзіңе сиынамыз”».1

  1. 1Тирмизи, Дағуат 35, (3423); Әбу Дәуіт, Әдәб 112, (5094); Нәсәи Истиғаза 30, (8,268); ибн Мәжа, дұға 18, (3884).
1829
Кутуб ситтә, № 1829 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ قَالَ إِذَا خَرَجَ مِنْ بَيْتهِ بِسْمِ اللَّهِ تَوَكَّلْتُ عَلَى اللَّهِ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ، يُقَالُ لَهُ: حَسْبُكَ هُدِيتَ وَكُفِيتَ وَوُقِيتَ وَتَنَحَّى عَنْهُ الشَّيْطَانُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ، وَهَذَا لَفْظُهُ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) былай деді: “Үйінен шыққанда кімде-кім: ‘Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім! Алладан басқа күш-қуат жоқ’, – деп айтса, оған: ‘Ісіңді жалғастыр, саған тура жол берілді, жеткілікті болды және қорғауға алынды’, – деп айтылады. Одан шайтан бет бұрады”».1

  1. 1Тирмизи, Дағуат 34, (3422); Әбу Дәуіт, Әдәб 112, (5095); Нәсәи, Истиғаза (8,268).
1830
Кутуб ситтә, № 1830 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Мәлик әл-Ашғари

وَعَنْ أَبِي مَالِكٍ الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا وَلَجَ الرَّجُلُ إِلَى بَيْتِهِ فَلْيَقُلْ اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَ الْمَوْلِجِ، وَخَيْرَ الْمَخْرَجِ. بِسْمِ اللَّهِ وَلَجْنَا، وَبِسْمِ اللَّهِ خَرَجْنَا، وَعَلَى اللَّهِ رَبِّنَا تَوَكَّلْنَا، ثُمَّ لْيُسَلِّمْ عَلَى أَهْلِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мәлик әл-Ашғари (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) былай деді: “Кісі үйіне кіргенде мына дұғаны оқысын: ‘Уа, Алла! Сенен хайырлы кірістер мен хайырлы шығыстар сұраймын. Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымыз Аллаға тәуекел еттік’. Бұл дұғаны оқыған соң отбасына сәлем берсін”».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб, 112, (5096).