عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «قُمِ اللَّيْلَ إِلَّا قَلِيلًا نِصْفَهُ الْآيَةَ قَالَ: نَسَخَتْهَا الْآيَةُ الَّتِى فِيهَا عَلِمَ أَنْ لَنْ تُحْصُوهُ الْآيَة. قَالَ: وَنَاشِئَةُ اللَّيْلِ أَوَّلُهُ، وَكَانَتْ صَلَاتُهُمْ لِأَوَّلِ اللَّيْلِ. يَقُولُ: هَذَا هُوَ أَجْدَرُ أَنْ تُحْصُوا مَا فَرَضَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ مِنْ قِيَامِ اللَّيْلِ. وَذَلِكَ أَنَّ الْإِنْسَانَ إِذَا نَامَ لَمْ يَدْرِ مَتَى يَسْتَيْقِظُ. وَقَوْلُهُ: أَقْوَمُ قِيلًا. يَقُولُ هُوَ أَجْدَرُ أَنْ يَفْقَهَ فِي الْقُرْآنِ. وَقَوْلُهُ: إِنَّ لَكَ فِي النَّهَارِ سَبْحًا طَوِيلًا. يَقُولُ فَرَاغًا طَوِيلًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Ибн Аббас (р.а.) «Муззәммил» сүресіндегі: ﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلْمُزَّمِّلُ قُمِ ٱلَّيْلَ إِلَّا قَلِيلًا نِّصْفَهُۥٓ أَوِ ٱنقُصْ مِنْهُ قَلِيلًا أَوْ زِدْ عَلَيْهِ وَرَتِّلِ ٱلْقُرْءَانَ تَرْتِيلًا﴾ «Уа, жамылғыға бүркенуші! Қане, тұр да, аздаған бөлігінен басқа бүкіл түнді құлшылықпен өткіз. Түннің тең жарымын не одан аздап қысқарт. Яки жарымынан асырып құлшылық ет. Әрі нақышына келтіріп байыппен Құран оқы!»1 («Муззәммил», 1–4-аяттар) аяттары жайлы былай деді: Осы аятты сол сүредегі ﴿عَلِمَ أَنْ لَنْ تُحْصُوهُ فَتَابَ عَلَيْكُمْ فَاقْرَؤُوا مَا تَيَسَّرَ مِنَ الْقُرْآنِ عَلِمَ أَنْ سَيَكُونُ مِنْكُمْ مَرْضَىٰ وَآخَرُونَ يَضْرِبُونَ فِي الْأَرْضِ يَبْتَغُونَ مِنْ فَضْلِ اللَّهِ وَآخَرُونَ يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَاقْرَؤُوا مَا تَيَسَّرَ مِنْهُ﴾ «Алла сендердің түнгі құлшылықты қаза қылмастан өтей алмайтындарыңды білгендіктен, сендерге мейірімін төгіп, кеңшілік һәм жеңілдік жасады. Ендігі жерде, түнгі құлшылықты Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқып өтеңдер. Араларыңда науқастардың болатынын, кейбіреулеріңнің Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтынын, ендібіреулердің Алла жолында бел шешпей күресіп жүретінін Алла біледі. Ендеше, Құраннан өздеріңе жеңіл келгенін оқыңдар.»2 аяты насых етті».
Ибн Аббас (р.а.) осы сүредегі ﴿إِنَّ نَاشِئَةَ ٱلَّيْلِ هِىَ أَشَدُّ وَطْـًٔا وَأَقْوَمُ قِيلًا﴾ «Шүбәсіз, түнгі құлшылықтың әсері әлдеқайда күшті, әрі оқу һәм оқылғанды түйсініп, көңілге тоқу тұрғысынан өте берекелі.»3 деген аяттағы وَنَاشِئَةُ اللَّيْل тіркесі «түннің басында тұру» дегенді білдіреді. Олар түннің басында намаз оқитын. Сонда мынадай мағына шығады: «Түннің басында тұру түнгі намаз ретінде Алланың сендерге парыз қылған ғибадатын жасауларыңа өте тиімді». Бұның себебі мынау: адам ұйықтап кетсе, қашан тұратынын біле алмайды.
«Шүбәсіз, түнгі құлшылықтың әсері әлдеқайда күшті, сондай-ақ (түнгі) оқу, оқылғанды тыңдау һәм түйсініп, көңілге тоқу тұрғысынан өте берекелі (өте тиімді)» аятындағы أَقْوَمُ قِيلًا «оқу өте тиімді» сөздеріне келсек, «Құранды терең түсіну» дегенді білдіреді. Ибн Аббас ﴿إِنَّ لَكَ فِى ٱلنَّهَارِ سَبْحًا طَوِيلًا﴾ «Сенің күндіз атқаратын шаруаң шаш етектен.»4 деген аятты «ұзақ бос уақыт» деп түсінген.5