Хадис

«Талақ» сүресі

Кутуб ситтә, 3-том, 114-тарау · 1 хадис · № 837

Хадистер

837
Кутуб ситтә, № 837 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَرَأَ: «فَطَلِّقُوهُنَّ لِقُبُلِ عِدَّتِهِنَّ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ، وَقَالَ: يَعْنِي بِذَلِكَ أَنْ يُطَلِّقَ فِي كُلِّ طُهْرٍ مَرَّةً. وَلِلنَّسَائِيِّ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ مِثْلُهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِذَا طَلَّقْتُمُ النِّسَاءَ فَطَلِّقُوهُنَّ لِعِدَّتِهِنَّ﴾ «Уа, Пайғамбар! Әйелдеріңді талақ ететін болсаңдар, олардың иддат мерзімін есепке ала отырып талақ етіңдер…»1 деген аятты «...иддат мерзімінің әуелінде талақ етіңдер» деп қырағат еткен.2

Имам Мәлик: «Мұның мәні – етеккірден тазарған әр кезеңде бір рет талақ ету», – деп түсіндірген. Нәсәи осыған ұқсас қырағатты Ибн Аббастан жеткізген.

Түсіндірме

1. «Тәйсирул-усулде» «Мууаттадан» алынған бұл хабар Ибн Аббастың риуаяты ретінде берілген. «Мууаттаның» өзінде оны жеткізген адам Ибн Омар екені көрсетілген. Бұл – «Тәйсирде» кездесетін қателердің бірі.

2. Зурқанидың түсіндіруінше, мұндағы «қырағат» аятты оқу үлгісін емес, оның мағынасын ашатын тәпсірді білдіреді. لِقُبُلِ («әуелінде») сөзін Ибн Омар аятты түсіндіру үшін қосқан.

3. Жоғарыдағы риуаят Абдулла ибн Омардың (р.а.) әйелін талақ етуіне байланысты айтылған. Кей риуаяттарда оның жұбайы Әмина бинт Ғифар, кейбірінде Нәуар3 деп аталады. Ибн Омар әйелін етеккірі келген кезде талақ етеді. Мұны әкесі Омар Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткізеді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Балаң әйелін қайтарып алсын. Әйелі тазарған соң, қаласа, талақ етсін немесе некесінде ұстасын», – деп бұйырады.

Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы үкімге дәлел ретінде «Талақ» сүресінің бірінші аятын оқыған. Аяттың «иддат мерзімінің әуелінде талақ етіңдер» деген түсіндірмесінде لِقُبُلِ сөзі қолданылған.

Негізі, тұрмыс құрған әйел үш «бау»-мен еркекке байланған. Сүннетке сай талақ жасалғанда (талақус-суннәт), әйел үш тазалық мерзімінде талақ етіледі. Яғни, бір мәртелік «талақсың» немесе «талақ еттім» деумен талақ болмайды. Былай айтқанда, әрбір талақ етілгенде, бір бау үзіліп, үш тазалық мерзімі ішінде әр талақпен бір бау үзіліп, талақ тамамдалады.

Жоғарыдағы риуаят әйел етеккір кезінде талақ болмайды, әйел етеккірден тазаланғанда талақ болатынын түсіндірген.

Бұл мәселе «Талақ» бөлімінде кеңірек түсіндіріледі (№4045–4088 хадистер).

  1. 1«Талақ» сүресі, 1-аят
  2. 2Муатта, Талақ 79, (2, 587); Мүслим, Талақ 14, (1471).
  3. 3Нәуар – әйелдің лақап аты болуы мүмкін.