Хадис
كِتَابُ التَّمَنِّي

Арман-тілектер кітабы

Сахих әл-Бұхари, 92-кітап · 2 хадис · № 2234–2235

بَابُ مَا يُكْرَهُ مِنَ التَّمَنِّي

1-бапҚұпталмайтын тілектер туралы

2234
Бұхари, № 2234 · Сахих: 7233Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَوْلَا أَنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “لَا تَتَمَنَّوُا الْمَوْتَ”، لَتَمَنَّيْتُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Егер Алла Елшісінің (с.а.с.): “Өлімді тілемеңдер”, – дегенін естімегенімде, өлімді тілер едім», – деген.

2235
Бұхари, № 2235 · Сахих: 7235Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَتَمَنَّى أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ، إِمَّا مُحْسِنًا فَلَعَلَّهُ يَزْدَادُ؛ وَإِمَّا مُسِيئًا فَلَعَلَّهُ يَسْتَعْتِبُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ешқайсың өлімді тілемесін. Өйткені ол ізгі адам болса, бәлкім, ізгілігін арттыра түсер. Ал жамандық жасаушы болса, бәлкім, тәубеге келіп, түзелер», – дегенін жеткізген.