عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنُؤَاخَذُ بِمَا عَمِلْنَا فِي الْجَاهِلِيَّةِ؟» قَالَ: «مَنْ أَحْسَنَ فِي الْإِسْلَامِ لَمْ يُؤَاخَذْ بِمَا عَمِلَ فِي الْجَاهِلِيَّةِ، وَمَنْ أَسَاءَ فِي الْإِسْلَامِ أُخِذَ بِالْأَوَّلِ وَالْآخِرِ».
Қазақша аудармасы
Ибн Мәсғуд (р.а.): «Бір адам: “Уа, Расулалла! Жаһилия дәуірінде істеген істеріміз үшін жауапқа тартыламыз ба?” – деп сұрады. Ол: “Кім Исламды көркем ұстанса, жаһилия дәуірінде істегені үшін жауапқа тартылмайды. Ал кім Исламда жамандық жасаса, бұрынғысы үшін де, кейінгісі үшін де жауапқа тартылады”, – деді», – деген.