Хадис
كِتَابٌ فِي اللُّقَطَةِ

Тауып алынған заттар туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 45-кітап · 2 хадис · № 1120–1121

بَابُ إِذَا أَخْبَرَهُ رَبُّ اللُّقَطَةِ بِالْعَلَامَةِ دَفَعَ إِلَيْهِ

1-бапТауып алынған заттың иесі оның белгілерін дұрыс айтып берсе, затты оған қайтару туралы

1120
Бұхари, № 1120 · Сахих: 2426Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб

عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: وَجَدْتُ صُرَّةً بِهَا مِائَةُ دِينَارٍ، فَأَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «عَرِّفْهَا حَوْلًا»، فَعَرَّفْتُهَا حَوْلًا، فَلَمْ أَجِدْ مَنْ يَعْرِفُهَا، ثُمَّ أَتَيْتُهُ، فَقَالَ: «عَرِّفْهَا حَوْلًا»، فَعَرَّفْتُهَا، فَلَمْ أَجِدْ، ثُمَّ أَتَيْتُهُ ثَلَاثًا، فَقَالَ: «اِحْفَظْ وِعَاءَهَا وَعَدَدَهَا وَوِكَاءَهَا، فَإِنْ جَاءَ صَاحِبُهَا، وَإِلَّا فَاسْتَمْتِعْ بِهَا».

Қазақша аудармасы

Үбәй ибн Кәғб (р.а.): «Мен ішінде жүз динар бар бір түйіншек тауып алдым. Содан кейін Пайғамбарға (с.а.с.) бардым. Ол: “Оны бір жыл бойы жарияла”, – деді. Мен оны бір жыл бойы жарияладым, бірақ оның белгілерін дұрыс айтып бере алатын ешкімді таба алмадым. Кейін Пайғамбарға (с.а.с.) тағы бардым. Ол: “Оны тағы бір жыл бойы жарияла”, – деді. Мен тағы да жарияладым, бірақ ешкімді таба алмадым. Содан кейін оған үшінші рет бардым. Сонда ол: “Оның қабын, ішіндегі ақшаның санын және бауын есіңде сақта. Егер иесі келсе, оған бер, ал келмесе, өзің пайдалана бер”, – деді», – деген.

بَابُ إِذَا وَجَدَ تَمْرَةً فِي الطَّرِيقِ

2-бапЖолдан бір түйір құрма тауып алған адам туралы

1121
Бұхари, № 1121 · Сахих: 2432Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنِّي لَأَنْقَلِبُ إِلَى أَهْلِي فَأَجِدُ التَّمْرَةَ سَاقِطَةً عَلَى فِرَاشِي فَأَرْفَعُهَا لِآكُلَهَا، ثُمَّ أَخْشَى أَنْ تَكُونَ صَدَقَةً، فَأُلْقِيهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Үйіме қайтып келгенде, төсегіме түсіп қалған бір түйір құрманы тауып аламын. Оны жеу үшін қолыма аламын да, садақа құрмасы болуы мүмкін деп қауіптеніп, тастаймын», – деген.