Хадис
كِتَابٌ فِي الِاسْتِقْرَاضِ وَأَدَاءِ الدُّيُونِ وَالْحَجْرِ وَالتَّفْلِيسِ

Қарыз алу, қарыздарды өтеу, мүлікке билік етуді шектеу және банкроттық туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 43-кітап · 5 хадис · № 1111–1115

Мазмұны: 5 бап
  1. 1Адамдардың мал-мүлкін қайтару немесе жойып жіберу ниетімен алған адам туралы
  2. 2Қарыздарды өтеу туралы
  3. 3Қарызды көркем түрде өтеу туралы
  4. 4Қарыз қалдырған адамның жаназа намазын оқу туралы
  5. 5Мал-мүлікті ысырап етуге тыйым салу туралы
بَابُ مَنْ أَخَذَ أَمْوَالَ النَّاسِ يُرِيدُ أَدَاءَهَا أَوْ إِتْلَافَهَا

1-бапАдамдардың мал-мүлкін қайтару немесе жойып жіберу ниетімен алған адам туралы

1111
Бұхари, № 1111 · Сахих: 2387Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ أَخَذَ أَمْوَالَ النَّاسِ يُرِيدُ أَدَاءَهَا أَدَّى اللَّهُ عَنْهُ، وَمَنْ أَخَذَ يُرِيدُ إِتْلَافَهَا أَتْلَفَهُ اللَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Кім адамдардың мал-мүлкін қайтару ниетімен алса, Алла оның атынан өтейді. Ал кім оны жойып жіберу ниетімен алса, Алла оны құртады», – деген.

بَابُ أَدَاءِ الدُّيُونِ

2-бапҚарыздарды өтеу туралы

1112
Бұхари, № 1112 · Сахих: 2388Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، فَلَمَّا أَبْصَرَ – يَعْنِي أُحُدًا – قَالَ: «مَا أُحِبُّ أَنَّهُ يُحَوَّلُ لِي ذَهَبًا، يَمْكُثُ عِنْدِي مِنْهُ دِينَارٌ فَوْقَ ثَلَاثٍ، إِلَّا دِينَارًا أُرْصِدُهُ لِدَيْنٍ». ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ الْأَكْثَرِينَ هُمُ الْأَقَلُّونَ، إِلَّا مَنْ قَالَ بِالْمَالِ هَكَذَا وَهَكَذَا، وَقَلِيلٌ مَا هُمْ».

وَقَالَ: «مَكَانَكَ»، وَتَقَدَّمَ غَيْرَ بَعِيدٍ فَسَمِعْتُ صَوْتًا، فَأَرَدْتُ أَنْ آتِيَهُ، ثُمَّ ذَكَرْتُ قَوْلَهُ: «مَكَانَكَ حَتَّى آتِيَكَ».

فَلَمَّا جَاءَ قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الصَّوْتُ الَّذِي سَمِعْتُ؟» قَالَ: «وَهَلْ سَمِعْتَ؟» قُلْتُ: «نَعَمْ». قَالَ: «أَتَانِي جِبْرِيلُ – عَلَيْهِ السَّلَامُ – فَقَالَ: “مَنْ مَاتَ مِنْ أُمَّتِكَ لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا دَخَلَ الْجَنَّةَ”». قُلْتُ: «وَإِنْ فَعَلَ كَذَا وَكَذَا؟» قَالَ: «نَعَمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге едім. Ол Ұхұд тауын көргенде: “Ұхұдтың мен үшін алтынға айналып, қарыз өтеуге деп сақтап қойған бір динардан басқасының үш күннен артық жанымда қалғанын қаламаймын”, – деді. Кейін: “Дүниесі көп адамдардың сауабы аз болады. Тек малын былай да, былай да жұмсағандар бұдан тыс. Алайда ондайлар өте аз”, – деді.

Содан кейін маған: “Орныңда қал”, – деп, алыс емес жерге қарай жүріп кетті. Мен бір дауыс естіп, оның жанына барғым келді. Бірақ: “Мен қайтып келгенше орныңда қал” деген сөзін есіме түсірдім.

Ол қайтып келгенде: “Уа, Расулалла! Мен естіген дауыс не еді?” – деп сұрадым. Ол: “Сен оны естідің бе?” – деді. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Маған Жәбірейіл (а.с.) келіп: ‘Үмбетіңнен Аллаға ешнәрсені серік қоспай қайтыс болған адам жәннатқа кіреді’, – деді”, – деп жауап берді. Мен: “Ол осындай-осындай іс жасаса да ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә”, – деді».

بَابُ حُسْنِ الْقَضَاءِ

3-бапҚарызды көркем түрде өтеу туралы

1113
Бұхари, № 1113 · Сахих: 2394Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ فِي الْمَسْجِدِ ضُحًى، فَقَالَ: «صَلِّ رَكْعَتَيْنِ». وَكَانَ لِي عَلَيْهِ دَيْنٌ، فَقَضَانِي وَزَادَنِي.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) сәске уақытында, мешітте отырған кезінде келдім. Ол маған: “Екі рәкәғат намаз оқы”, – деді. Оның маған қарызы бар еді. Ол қарызымды өтеп, үстіне артығымен берді».

بَابُ الصَّلَاةِ عَلَى مَنْ تَرَكَ دَيْنًا

4-бапҚарыз қалдырған адамның жаназа намазын оқу туралы

1114
Бұхари, № 1114 · Сахих: 2399Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ مُؤْمِنٍ إِلَّا وَأَنَا أَوْلَى بِهِ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ. اِقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿النَّبِيُّ أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنْفُسِهِمْ﴾ [الْأَحْزَابِ: 6]، فَأَيُّمَا مُؤْمِنٍ مَاتَ وَتَرَكَ مَالًا فَلْيَرِثْهُ عَصَبَتُهُ مَنْ كَانُوا، وَمَنْ تَرَكَ دَيْنًا أَوْ ضَيَاعًا فَلْيَأْتِنِي فَأَنَا مَوْلَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Мен дүниеде де, ақыретте де әрбір мүмінге оның өзінен де жақынмын. Қаласаңдар, мына аятты оқыңдар: “Пайғамбар мүміндерге өздерінен де жақын” (“Ахзаб”, 6). Қайсыбір мүмін қайтыс болып, дүние-мүлік қалдырса, оны әсаба туыстары, кім болса да, мұраға алсын. Ал кім қарыз немесе қамқорлыққа мұқтаж отбасы қалдырса, оның артында қалғандар маған келсін. Өйткені мен – оның қамқоршысымын».

بَابُ مَا يُنْهَى عَنْ إِضَاعَةِ الْمَالِ

5-бапМал-мүлікті ысырап етуге тыйым салу туралы

1115
Бұхари, № 1115 · Сахих: 2408Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَ عَلَيْكُمْ: عُقُوقَ الْأُمَّهَاتِ، وَوَأْدَ الْبَنَاتِ، وَمَنْعَ وَهَاتِ، وَكَرِهَ لَكُمْ قِيلَ وَقَالَ، وَكَثْرَةَ السُّؤَالِ، وَإِضَاعَةَ الْمَالِ».

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғба (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, Алла сендерге аналарыңа қарсы келуді, қыз балаларды тірідей көмуді, беруге міндетті нәрсені бермеуді әрі өзіне тиесілі емес нәрсені ‘бер’ деп талап етуді харам етті. Сондай-ақ орынсыз сөз таратуды, орынсыз көп сұрақ қоюды және мал-мүлікті ысырап етуді сендер үшін ұнамсыз етті”, – деді».