عَنْ صَفِيَّةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا جَاءَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تَزُورُهُ فِي اعْتِكَافِهِ فِي الْمَسْجِدِ، فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ، فَتَحَدَّثَتْ عِنْدَهُ سَاعَةً، ثُمَّ قَامَتْ تَنْقَلِبُ، فَقَامَ النَّبِيُّ ﷺ مَعَهَا يَقْلِبُهَا.
حَتَّى إِذَا بَلَغَتْ بَابَ الْمَسْجِدِ عِنْدَ بَابِ أُمِّ سَلَمَةَ مَرَّ رَجُلَانِ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَسَلَّمَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ لَهُمَا النَّبِيُّ ﷺ: «عَلَى رِسْلِكُمَا، إِنَّمَا هِيَ صَفِيَّةُ بِنْتُ حُيَيٍّ»، فَقَالَا: «سُبْحَانَ اللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ!» وَكَبُرَ عَلَيْهِمَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ يَبْلُغُ مِنَ الْإِنْسَانِ مَبْلَغَ الدَّمِ، وَإِنِّي خَشِيتُ أَنْ يَقْذِفَ فِي قُلُوبِكُمَا شَيْئًا».
Қазақша аудармасы
Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Сафияның (р.а.) айтуынша, ол рамазанның соңғы он күнінде мешітте иғтикафта отырған Алла Елшісіне (с.а.с.) зиярат етіп келді. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) жанында біраз уақыт әңгімелесіп отырды. Содан кейін қайту үшін орнынан тұрғанда, Пайғамбар (с.а.с.) да оны шығарып салу үшін бірге тұрды.
Екеуі мешіттің Үммі Сәләмәнің есігі жақтағы қақпасына жеткен кезде, ансарлардан екі адам өтіп бара жатты. Олар Алла Елшісіне (с.а.с.) сәлем берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға: «Асықпаңдар, бұл – Хуяйдың қызы Сафия», – деді. Екеуі: «Субханаллаһ, уа, Расулалла!» – деді. Олар Пайғамбар туралы жаман ойға баруды ауыр іс санады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, шайтан адам баласының бойында қан жүргендей жүреді. Мен оның жүректеріңе жаман ой салуынан қауіптендім», – деді.