Хадис
كِتَابُ الْمُحْصَرِ

Қажылық не умра жолы бөгелген адам туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 28-кітап · 5 хадис · № 886–890

Мазмұны: 5 бап
  1. 1Умра жолы бөгелген адам туралы
  2. 2Қажылық кезінде жолдың бөгелуі туралы
  3. 3Бөгелген жағдайда шашты қырмай тұрып құрбандық шалу туралы
  4. 4Алла Тағаланың: «Немесе садақа берсін» («Бақара», 196) деген сөзі туралы. Бұл – алты міскінді тамақтандыру
  5. 5Фидия ретінде әрбір мұқтажға жарты сағ мөлшерінде тағам беру туралы
بَابُ إِذَا أُحْصِرَ الْمُعْتَمِرُ

1-бапУмра жолы бөгелген адам туралы

886
Бұхари, № 886 · Сахих: 1809Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَدْ أُحْصِرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَحَلَقَ رَأْسَهُ، وَجَامَعَ نِسَاءَهُ، وَنَحَرَ هَدْيَهُ، حَتَّى اِعْتَمَرَ عَامًا قَابِلًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) жолы бөгелді. Сонда ол шашын тақырлап қырғызды, жұбайларымен жақындасты әрі құрбандық малын шалды. Келесі жылы барып, умра жасады», – деген.

بَابُ الْإِحْصَارِ فِي الْحَجِّ

2-бапҚажылық кезінде жолдың бөгелуі туралы

887
Бұхари, № 887 · Сахих: 1810Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ: «أَلَيْسَ حَسْبُكُمْ سُنَّةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟ إِنْ حُبِسَ أَحَدُكُمْ عَنِ الْحَجِّ، طَافَ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، ثُمَّ حَلَّ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ، حَتَّى يَحُجَّ عَامًا قَابِلًا، فَيُهْدِي أَوْ يَصُومُ إِنْ لَمْ يَجِدْ هَدْيًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Сендерге Алла Елшісінің (с.а.с.) сүннеті жеткілікті емес пе? Араларыңнан біреу қажылығын орындаудан бөгелсе, Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Мәруаның арасында сағи жасасын. Содан кейін ихрамнан шықсын. Келесі жылы қажылық жасап, құрбандық шалсын. Ал құрбандық малын таба алмаса, ораза ұстасын», – дейтін.

بَابُ النَّحْرِ قَبْلَ الْحَلْقِ فِي الْحَصْرِ

3-бапБөгелген жағдайда шашты қырмай тұрып құрбандық шалу туралы

888
Бұхари, № 888 · Сахих: 1811

عَنِ الْمِسْوَرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَحَرَ قَبْلَ أَنْ يَحْلِقَ، وَأَمَرَ أَصْحَابَهُ بِذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Мисуәр (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) шашын тақырлап алдырмай тұрып құрбандық малын сойды және сахабаларына да осылай істеуді бұйырды», – деп жеткізген.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿أَوْ صَدَقَةٍ﴾ [الْبَقَرَةِ: 196] وَهِيَ إِطْعَامُ سِتَّةِ مَسَاكِينَ

4-бапАлла Тағаланың: «Немесе садақа берсін» («Бақара», 196) деген сөзі туралы. Бұл – алты міскінді тамақтандыру

889
Бұхари, № 889 · Сахих: 1815Риуаят етуші: Кәғб ибн Ужра

عَنْ كَعْبِ بْنِ عُجْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: وَقَفَ عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْحُدَيْبِيَةِ وَرَأْسِي يَتَهَافَتُ قَمْلًا، فَقَالَ: «يُؤْذِيكَ هَوَامُّكَ؟» قُلْتُ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَاحْلِقْ رَأْسَكَ».

قَالَ: «فِيَّ نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضًا أَوْ بِهِ أَذًى مِنْ رَأْسِهِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 196] إِلَى آخِرِهَا»، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «صُمْ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ، أَوْ تَصَدَّقْ بِفَرَقٍ بَيْنَ سِتَّةٍ، أَوْ اُنْسُكْ بِمَا تَيَسَّرَ».

Қазақша аудармасы

Кәғб ибн Ужра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Худайбияда менің жанымда тоқтады. Сол кезде басымнан биттер төгіліп жатты. Ол: “Басыңдағы жәндіктер саған зиян келтіріп жүр ме?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Онда шашыңды қыр”, – деді», – деп жеткізді.

Кәғб: «Мына аят мен туралы түсті: “Кімде-кім ауырып қалса немесе басында кеселі болса” (“Бақара”, 196)», – деген. Ол аятты соңына дейін келтірген.

Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Үш күн ораза ұста немесе бір фарақ тағамды алты міскінге бөліп садақа ет, не қолыңнан келген құрбандықты шал», – деді.

بَابُ «الْإِطْعَامُ فِي الْفِدْيَةِ نِصْفُ صَاعٍ»

5-бапФидия ретінде әрбір мұқтажға жарты сағ мөлшерінде тағам беру туралы

890
Бұхари, № 890 · Сахих: 1816Риуаят етуші: Кәғб ибн Ужра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَزَلَتْ فِيَّ خَاصَّةً، وَهِيَ لَكُمْ عَامَّةٌ».

Қазақша аудармасы

Кәғб ибн Ужра (р.а.): «Бұл аят арнайы мен туралы түсті, алайда оның үкімі сендерге де ортақ», – деген.