Хадис
كِتَابُ صَلَاةِ الْخَوْفِ

Қауіп намазы кітабы

Сахих әл-Бұхари, 12-кітап · 3 хадис · № 526–528

بَابُ صَلَاةِ الْخَوْفِ

1-бапҚауіп намазы туралы

526
Бұхари, № 526 · Сахих: 942Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «غَزَوْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قِبَلَ نَجْدٍ، فَوَازَيْنَا الْعَدُوَّ، فَصَافَفْنَا لَهُمْ، فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّي لَنَا، فَقَامَتْ طَائِفَةٌ مَعَهُ تُصَلِّي وَأَقْبَلَتْ طَائِفَةٌ عَلَى الْعَدُوِّ، وَرَكَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَنْ مَعَهُ وَسَجَدَ سَجْدَتَيْنِ، ثُمَّ انْصَرَفُوا مَكَانَ الطَّائِفَةِ الَّتِي لَمْ تُصَلِّ، فَجَاءُوا، فَرَكَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِهِمْ رَكْعَةً وَسَجَدَ سَجْدَتَيْنِ، ثُمَّ سَلَّمَ، فَقَامَ كُلُّ وَاحِدٍ مِنْهُمْ، فَرَكَعَ لِنَفْسِهِ رَكْعَةً وَسَجَدَ سَجْدَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Нәжд бағытына жорыққа шықтым. Біз дұшпанмен бетпе-бет келіп, оларға қарсы сап түзедік. Алла Елшісі (с.а.с.) бізге намаз оқыту үшін тұрды. Бір топ онымен бірге намазға тұрды, ал екінші топ дұшпанға қарай беттеп тұрды. Алла Елшісі (с.а.с.) қасындағы адамдармен бірге бір рет рукуғ жасап, екі рет сәжде етті. Содан кейін олар әлі намаз оқымаған топтың орнына барып тұрды, ал әлгі топ келді. Алла Елшісі (с.а.с.) олармен бірге бір рәкәғат оқып, екі рет сәжде жасады. Содан соң сәлем берді. Артынша олардың әрқайсысы орнынан тұрып, жеке-жеке бір рәкәғат оқып, екі рет сәжде жасады».

بَابُ صَلَاةِ الْخَوْفِ رِجَالًا وَرُكْبَانًا

2-бапҚауіп намазын жаяу және көлік үстінде оқу туралы

527
Бұхари, № 527 · Сахих: 944Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي رِوَايَةٍ قَالَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ: «وَإِنْ كَانُوا أَكْثَرَ مِنْ ذَلِكَ فَلْيُصَلُّوا قِيَامًا وَرُكْبَانًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) басқа бір риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер дұшпан саны бұдан да көп болса, түрегеп тұрып немесе көлік үстінде намаз оқысын», – дегенін жеткізген.

بَابُ صَلَاةِ الطَّالِبِ وَالْمَطْلُوبِ رَاكِبًا وَإِيمَاءً

3-бапДұшпанды қуып келе жатқан не қуғынға түскен адамның көлік үстінде әрі ишарамен намаз оқуы туралы

528
Бұхари, № 528 · Сахих: 946Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ لَنَا لَمَّا رَجَعَ مِنَ الْأَحْزَابِ: «لَا يُصَلِّيَنَّ أَحَدٌ الْعَصْرَ إِلَّا فِي بَنِي قُرَيْظَةَ». فَأَدْرَكَ بَعْضَهُمُ الْعَصْرُ فِي الطَّرِيقِ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَا نُصَلِّي حَتَّى نَأْتِيَهَا»، وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «بَلْ نُصَلِّي، لَمْ يُرَدْ مِنَّا ذَلِكَ»، فَذُكِرَ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَلَمْ يُعَنِّفْ وَاحِدًا مِنْهُمْ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Ахзаб жорығынан қайтып келгенде бізге: “Ешкім екінті намазын Бәну Қурайзаға жетпей оқымасын”, – деді. Олардың кейбірі әлі жолда келе жатқанда, екінті намазының уақыты кірді. Сонда бір тобы: “Бәну Қурайзаға жетпейінше намаз оқымаймыз”, – деді. Екінші тобы: “Жоқ, намазымызды оқимыз. Бізден мұндай нәрсе талап етілген жоқ”, – деді. Бұл жағдай Пайғамбарға (с.а.с.) айтылғанда, ол (с.а.с.) олардың ешқайсысын жазғырмады».